ShaiQor☕️


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan



Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


TerezeJaqtauy🌁 dan repost
◇ ұстара

оның сақалының өскендігі соншалық,
өз бөлмесінен шыға алмай қалды бір күні.
бөлме есігі мен оның кереуетінің арасын
өз сақалы басып қалғасын
тоқтаусыз жауған қардай.
терезесінен де өте алмай қалды
күлімкөз күннің
жарық сəулесі.
ол аздай,
кереуетінен тұра алмай да қалды бір күні.
бойынан əл кете бастағанда ғана түсінді
иегіне тимеген ұстара
өміріне тиетінін...

#núrken


TerezeJaqtauy🌁 dan repost
◇ шам

біздің шағын ғана қалашықтың
көше бағаналарының əрқайсысына
Исаның денесін іліп қойғандай
шам жарығы əлсін-əлсін дем алады,
болар-болмас сəуле шашып.
құдайдан бейхабар көшедегі
балалардың күлкісінің нұры
шам жарығынан қуаттырақ.

#nurken






Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish














Сан берген, сана берген, санат берген,

Исан деп саналыға ол ат берген.

Жаратып жалғыз нұрдан барша әлемді,

Жаухари Нұр сәулесін тарат деген.

ӘЛ-ФАРАБИ




Уақыттың 12 құпиясы

1. Жұмысқа уақыт табыңыз - ол табыстың кілті.

2. Ойлануға уақыт бөліңіз - күштің қайнар бұлағы ойда.

3. Ойынға уақыт табыңыз - ол жастықтың құпиясы.

4. Оқуға уақыт бөліңіз - білімнің кілті оқуда.

5. Дінге уақыт бөліңіз - ол адамдықты сақтайды.

6. Достыққа уақыт бөліңіз - ол бақыттың кілті.

7. Махаббатқа уақыт бөліңіз - ол өмірдің ерекше сыйы.

8. Арманға уақыт табыңыз - ол жан азығы.

9. Күлкіге уақыт бөліңіз - ол өмір қиындықтарына көмекші.

10. Сұлулыққа уақыт бөліңіз - сұлулық әлемді құтқарады.

11. Денсаулыққа уақыт бөліңіз – ол ең бағалы аманат.

12. Жоспарлауға уақыт бөліңіз - ол осының бәрін жасауға көмектеседі.


@alzhanovaidyn dan repost
Бір сөйлескенімізде ол кісі:”Жарқыным, ешкімге “Жаным” деп айтпа, ол өте құнды сөз, оны көпке айтудан қаш, бәріне айтсаң сағыһдан артық болмай қалады, көп шайналған сағыз” деп жазды, әлі күнге ұмытпаймын.
“Мені өзгерткен махаббат әңгімесінен” Мәліке Серғазы


@alzhanovaidyn dan repost
— Ты ее любишь?
— Да.
— Откуда ты знаешь?
— Пап, я не…
— Это простой вопрос. Откуда ты знаешь?
— Без нее жизнь теряет смысл.
🎬"Век Адалин"








Осы өлеңді оқымай-ақ қойыңыз
бөлінеді ойыңыз.
Сіз одан да уақыт сатып алыңыз
өзіңізден. Сосын өзіңізбен қалыңыз.
Мен де сөйттім.
Алла келді қасыма,
рас, басында шошығам,
қатты ұялдым.
(Оны несін жасырам.)
Бекер екен шошуым,
керісінше, жетіп келді ашуым
әлгі ашу екеумізді алдады...
Менің жанымда ешкім қалмады,
қалдым басып төбемді.
Айттым ғой,
бекер оқыдыңыз өлеңді.

Бауыржан Қарағызұлы

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

75

obunachilar
Kanal statistikasi