🍃🍃🍃
"Қолыңнан келмес, тырыспа" - десе айналаң,
Сенімді көзбен,
Өзіңе қара - айнадан...
...Айға да ұшқан,
Ойланып тапқан - ұшақты.
Өзгеше емес,
Өзің сияқты - жай адам.
Жалқаулық қана,
Жаным-ау, алды бөгеді,
Жалқаудың ғана,
Дамымас дарын, өнері.
Теріңді төккін,
Аямай күшті тағы да,
Ерінбегеннің,
Еңбегі бірден өнеді.
Елден ерекше,
Дəріні ешкім ішпеген,
Тура басына,
Аспаннан ақыл түспеген.
Сымсыз телефон,
Сансыз көлікті - біздердей,
Бір жан мың ойлап,
Қолымен құрап, істеген.
Алға талпыныс,
Темірдей төзім, шыдамдық,
Соңына жету,
Сүйген ісіңе құмарлық.
Бəрі де керек,
Бəрі де керек бұл күнде,
Тоқтама! Тұрма!
Бір нәрсе шығар тұрарлық.
Өз дегеніне,
Жетпегенше сынаған,
Талай ұшақтар,
Көтеріліп көкке, құлаған.
...Айға да ұшқан,
Ойланып тапқан - ұшақты.
Өзгеше емес,
Өзің сияқты - бір адам.
Бек Жылқыбаев
@uzindiler
"Қолыңнан келмес, тырыспа" - десе айналаң,
Сенімді көзбен,
Өзіңе қара - айнадан...
...Айға да ұшқан,
Ойланып тапқан - ұшақты.
Өзгеше емес,
Өзің сияқты - жай адам.
Жалқаулық қана,
Жаным-ау, алды бөгеді,
Жалқаудың ғана,
Дамымас дарын, өнері.
Теріңді төккін,
Аямай күшті тағы да,
Ерінбегеннің,
Еңбегі бірден өнеді.
Елден ерекше,
Дəріні ешкім ішпеген,
Тура басына,
Аспаннан ақыл түспеген.
Сымсыз телефон,
Сансыз көлікті - біздердей,
Бір жан мың ойлап,
Қолымен құрап, істеген.
Алға талпыныс,
Темірдей төзім, шыдамдық,
Соңына жету,
Сүйген ісіңе құмарлық.
Бəрі де керек,
Бəрі де керек бұл күнде,
Тоқтама! Тұрма!
Бір нәрсе шығар тұрарлық.
Өз дегеніне,
Жетпегенше сынаған,
Талай ұшақтар,
Көтеріліп көкке, құлаған.
...Айға да ұшқан,
Ойланып тапқан - ұшақты.
Өзгеше емес,
Өзің сияқты - бір адам.
Бек Жылқыбаев
@uzindiler