GO Cycling


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, Inglizcha
Toifa: Sport



Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, Inglizcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


Бүгін велоспортта тағы бір алтын алдық. Евгений Федоров топтаса жарысудан алды. Кешегі Луценконың алтыны жеке сында еді. Сонымен, велоспортшылар Азиадада екі алтын алып берді


Кавендиш биыл спортты қоям деп еді. Астанамен келісімін созып, келесі маусым тағы шабатын боп шешіпті. Үмітсіз - шайтан. Сол Турдағы Едди Меркстің рекордын бұзбай қоймаймын деп ойлайды ғой деп. Жас келген сайын қиындай беретін мақсат қой, құрсын


Алексей Луценко азиадада алтын алыпты. Басқа варианты болмаған да шығар, қайтсін. Трансляция көре алғам жоқ. Басы сопайып финишке жалғыз келген шығар


Велоәлемде келесі жылы Jumbo-Visma мен Soudal-Quick Step бірігеді деген әңгіме өршіп тұр. Екеуі де велоәлемнің сен тұр, мен шабайын командасы. Қазір жалпы есепті алудан Jumbo-Visma-дан оза алатын команда жоқ. Дәлел? Биылғы үш гран турды да осы команданың шабандозы алды. Өзі бары үшеу-ақ: Жиро д'Италия, Тур де Франс, Вуельта. Роглич пен Винегар мақұл, команданың лидерлері. Вуельтаны осы екеуіне грегари (көмекші) болып жүрген Сеп Кусс алып қызық қылды ғой. Ал Soudal-Quick Step мен ес білгелі спринттен алдына жан салмаған. Соңғы жылдары Ремко Евенепул келгелі, жалпы есепке де жақсы таласып жүр. Екеуі қосылса, басқалар жарысуды қоятын шығар. Тіпті Араб әмірліктерінің беткеұстар жобасы UAE Team де Погачарға не көмек бере алатынын білмедім енді. Кезінде INEOS, Movistar-лар командасына бірнеше лидер жинап алып, қайсын шапқызарын білмей басы қатып еді. Енді мына екеуінде Винегар, Роглич, Евенепул, Кустың басы бір командаға сия қоймас. Кусс - грегари. Бірақ биылғы Вуельтадан кейін Жиро мен Турды неге көрмеске, көрмеске неге көрмеске деген амбициясы ояна қалса ше. Соның алдын алайын деді ме, Роглич бұл жобадан кетеді деп жатыр. Басқа жоба айлығын өсіріп, өзіне шақырып жатыр-мыс.

Сосын тағы бір өсек. Жаңа жобаға демеушілердің бірі болып Amazon кіреді деп жатыр. Оның ақшасымен бар мықтыны жинап алып, кезек-кезек грегари қып тастауға болады ғой. Бір жағынан қызық. Екінші жағынан балансты бұзып, бір команданың тотал доминациясы бәсекені, интриганы өлтіріп тынбаса бе. UEA Team Emirates, "жүріс сізде".


Бүгін Жино Медер қайтыс болды. Қазір өтіп жатқан Швейцария турының кешегі этабында сайға түсіп келе жатып трассадан ұшып кетті. Спортшылар сайға қарай 100 км/с жылдамдықпен түседі кейде. Ағзаң қатты болдырып келе жатқанда кез келген соққы өлтіріп жібереді. Ал мынадай жылдамдықпен келе жатып құласаң, тірі қалуға шансың жоқ деуге болады. Иманың саламат болсын!


Нетфликске "Тур де Франс" деген деректі сериал шығыпты. Екі отырғанда көріп тастадым. Одан ләззат алу үшін велоспортты сүю, қызығу міндетті емес. Велоспорт Нетфликс түсірмей-ақ ұлы дүние ғой. Ал Нетфликс соны керемет бере алған. Айналаны, реал өмірді ұмыта сүңгіп кетесің де, біткенде миың тап-таза, еш ой жоқ, жай бір нүктеге телміріп жұмақты сезінесің. Қиналғаннан, азаптан ләззат алатын "топастарға" қосылып азапталғың кеп кетеді. Бір команда менежері этапты көріп отырып мыналар бір-бірін өлтіріп жатыр дейді. Рас, велоспортшы болу дегенің әрі садист әрі мазохист болу. Бұл әлемде өзі азаптың шегіне жетіп, арғы жағында не барын көре алған адам ғана жеңеді. Азапқа басқалардан бір минут артық төзе алсаң ғана жеңесің. Сен азапталған сайын, азапқа төзе түскен сайын қарсыласың азаптала береді. Садизмі мен мазохизмі қатар жүреді дегенім сол. Сөз жоқ. Тек эмоция. Сілтемесін салып қайтем. Тек өз аккаунтыңыздан кіріп көре аласыз ғой. Бірақ міндетті түрде көріңіз. Жаман, жаман...

П.с. Нетфликс осындай ірі жарыстар туралы сериал түсірсе, оны келесі жылғы сол жарыс қарсаңында жариялайды. Формула-1 де солай. Мынаны да биылғы Тур де Франс қарсаңында шығарып отыр. Осыдан кейін көрмей көр.


Бүгін ештеңе жазбаған ұят болар. Италияда Жиро д'Италия аяқталды. Соңғы этап Ромда дәстүрлі спринтпен бітті. Біздің Марк Кевендиш Ромдағы спринтті жеңіп алды. Спринтерлер өз арасында жалпы есептегі үздік спринтер деген атаққа таласады ғой. Ал мұндай гранд турларда соңғы этапты алу өз алдына бір мәртебе. Ромда бірінші келген, Парижде бірінші болған, Мадридте финишті бірінші кескен дейтіндері. Кевендиш биыл спорттан кетем деген. Осымен аққу әнім сыңсиды деді. Құр кетпей, гранд турларда тағы бір этапты іліп кетті. Соңғы, Ромдағы этапты. Бұған дейін Жирода 16 рет этап алыпты. Мынау он жетінші. Ал жалпы бүкіл карьерасында гранд турларда 54 этап алған. Сұмдық жетістік. Көп велоспортшыға карьерасында гранд турдың бір этабын алу арман. Ал бұл коллекция жинап тастады. Абыроймен кетіп жатыр. Қалт-құлт етіп жүрген Астана жейдесінде алғаны да әйтеуір бір жұбаныш. Қош, Аңыз! Көп рахмет!


Астана қожырап кеткелі бұл канал да қараусыз қалды. Мына материалда велоспортты жұрт неге көреді, оны түсініп көруге не білу керек деген біршама сұраққа жауап беріпті. Қызықсаңыз, ашып оқып шығыңыз: https://journal.tinkoff.ru/how-to-watch-cycling/?fbclid=IwAR3AAM2esrmXVMRVUE8OlMqpmOA4ShlweYIeYYXqyaJfOYGds3bRdQJ2yds


Кевендиш astanaлық


Кевендиш пен оны финишке "жетектеуші" Кейс Бол Астанамен келісім жасапты деп жатыр Лә Газетта Делло Спорт. Ресми ақпарат күтеміз


Мәссаған! Пайда болғалы тек негізгі орынға таласатын Астана кенет спринтерлер командасына айналғысы келген сияқты. Винокуров Испанияда ең мықты спринтерлердің бірі Кевендишке хабарласып, Астанада шапсаң қалай деп ұсыныс жасапты. Спринтерлер номинациясына жарысқысы келе ме сонда? Онда оның қасына көмекшілер де алу керек қой топырлатып. Оны финишке дейін "сүйрететіндерді" таулықтардан жасай алмайсың. Тағы бір нәрсе ойыма келіп тұр. Винокуров пен командасы бюджет ақшасын қалай ақтарын білмей, гранд турларды алуға шамасы жетпейтінін түсініп, этаптар алып, жеңіс санына қарай кеткісі келетін сияқты. Пәлен спринт алдық, түген спринтер жейдесін жеңдік деп. Лопестен кейін миы ашып қалды ғой деймін. Көрейік, көрейік https://www-cyclingnews-com.translate.goog/news/astana-qazaqstan-keen-on-signing-mark-cavendish-for-2023/?_x_tr_sl=en&_x_tr_tl=kk&_x_tr_hl=ru&_x_tr_pto=wapp


Astana Qazaqstan Team "Супермен" Лопеспен контракт үзді. Атышулы допинг бергіш доктор Майнармен байланысы бар дейді. Басында, Астанаға қайтып келгені ұнамаған. Жоқ, допингке қатысы жоқ. Жай, күні өткен спортшы ретінде. Онсыз да команданы түсініп, түсінбей тепкілей беретіндер көп. Мынадайлар сондай адамдарға қол боп кетпесе дейсің


Мына каналға уақыт болмай кетті. Бірақ мынадай себеппен еске түскені өкінішті. Велоспорт сүюдің символына айналып кеткен, жасы 51 жетсе де велоспортты қимай жүрген Давиде Ребеллин жаттығу кезінде жүк көлігі қағып қайтыс болыпты. Арманы жоқ шығар, жарықтық. Кезінде біздің Микеле Скарпони де осылай кеткен. Қош, Давид!


Қазақстандық Евгений Федоров 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы. Құтты болсын!


Қазір Британия туры өтіп жатыр еді ғой. Кеше патшайым қайтыс болды. Соған байланысты ұйымдастырушылар жарысты тоқтатыпты. Қалған үш этабы өтпейді. Қазірге дейін бірінші орында тұрған Гонсало Серрано (Movistar Team) биылғы чемпион деп жарияланды.
Футболдан Ағылшын премьер лигасының келесі туры да шегерілетін болды


Тур де Франс 2022 бітті.
Бірінші орынды Jumbo Visma-лық Йонас Винегор алды. Ал Astana Qazaqstan Team-ге ең сәтсіз Турлардың бірі болды. Кезінде тур бермей жүрген кезді айтпағанның өзінде, кемі этап алып қайтатын. Биыл не этап, не үштік, түк жоқ. Жалғыз жұбаныш - Луценконың ондыққа кіргені.

Ал фотодағы адам - Андрей Зейц. Шаршамайтын ардагер. Ол биыл шығып қалмай, бастан-аяқ қатысқан Гранд турларының санын 20 жеткізді. Бастан-аяқ 20 Гранд турға қатысқандар тарихта үшеу-ақ екен. Алда әлі Вуельта бар. Соған да командамен жіберсе, 21 болады.
Құтты болсын! Қазақ велоспортына сіңіріп жүрген еңбегіңе рахмет, Нағыз супермен!


Басынан дау арылмайтын Лопес. Суперстар деген лақабын басқаша ақтағысы келетін сияқты. Бұл жолғысы қиындау. Колумбиядан Испанияға келген кезде, әуежайда ұсталыпты. Наркотикті заңсыз тарату мен допиң дауымен аты шыққан доктор Маркус Майнармен байланысы бар деген күдікпен ұсталған. Астана командасы оны әзірге жарыстардан, құрамнан алыстаттық деді. Былтыр қайтып келеді дегенде жақтырмап ем. Жоқ, осылай боларын білгем деген сөз емес. Жай, спортшы ретінде де енді жана алмайды деген сеніммен. https://cyclingtips.com/2022/07/miguel-angel-lopez-is-being-investigated-for-alleged-drug-trafficking/


Бүгін Данияда Team Bahrain Victorious командасы жатқан отельде полиция тінту жүргізіпті. Әзірге не іздегені белгісіз. Білетіні оны француз прокуратурасының өтінішімен жүргізген. Тур де Франс биыл Данияда басталады. Бар команда сол жаққа келіп алды. Жарыс алдында командаға қосымша стресс болған шығар. Не іздеді екен? https://bahraincyclingteam.com/team-bahrain-victorious-hotel-searched-by-police/


Astana Qazaqstan Team биылғы Тур де Франсқа баратын құрамын жариялады. Капитан - Луценко. Команданың сайтында негізгі мақсат - Луценконың былтырғы нәтижесін жақсарту депті. Луценко былтыр жалпы есепте 7 орын алған. Кемі алтыншы деп отырса, жаман емес. Бастысы - ондыққа кіру, меніңше. Маған Масконның ролі қызық болып тұр. Луценкоға көмектесетін болса, одан артық көмекші табу қиын. Маскон деген шаршамайтын грегари. Ал өзі жекелеген этаптарға шауып көрем десе, фавориттер бір-бірін аңдып жүретін, жалпы есептегілерге назар аудармайтын таулы этаптардың бірін алуға мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Тек команданың ыңғайы келсін, келмесін, Астана күніне сыйлық жасауымыз керек деген жылдағы ақымақ амбициясы тағы қозып кетпесе екен.Луценкодан ондық, Масконнан этап күтемін. Ал Супермен формаға келе алмапты әлі. Вуэльтаға дайындалатын шығар.


Бұл Давиде Ребеллин. Жасы елуде. Бірақ әлі спортшы. Бапкер емес, шабандоз. Былтыр бір дарыста қол-аяғы сынып, біраз емделуге кеткен. Қайтып кепті аззамат. Велоспорт сүйсең, менше сүй!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

17

obunachilar
Kanal statistikasi