📚 Әбу Хәнифә мектебі


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan



Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Olzhas Hanafin dan repost
Құрметті оқырмандар! Алланың қалауымен Құран оқудың артықшылығы жайлы тегін дәрісіміз шықты. Дәрісті приложенияны жүктеу арқылы көре аласыздар. Ол жерде басқа да Елдос, Бағлан ұстаздардың дәрістері бар.

Ал бисмилля, жүктеп алыңыздар.

https://onelink.to/zeinlife


⭐️ Сүннет етілген:

*Бастапқыда қолдарды білезікке дейін жуу;
*Сиуакпен тіс тазалау, бисмилләны айту, ауыз бен мұрынды шаю, сақалды ылғалды қолмен тарақ сияқты тарап өту;
*Әрбір мүшелерді жуғанда үш реттеп жуу;
*Ниет;
*Қолдағы қалды сумен басты тұтасымен және екі құлақты бір рет мәсіх қылу;
*Баяндалған тәртіппен және үздіксіз етіп орындау;
желке мәсіх қылу мен оң жақтан етіп бастау құпатлған.

📁 Дереккөз: Канзуд-Дақоиқ

وسننه غسل يديه إلى رسغيه ابتداءً
والتّسمية والسّواك وغسل فمه وأنفه وتخليل لحيته وأصابعه
وتثليث الغسل ونيّته ومسح كلّ رأسه مرّةً وأذنيه بمائه والتّرتيب المنصوص والولاء.
ومستحبّه التّيامن ومسح رقبته




[AL] About Languages & IR dan repost
Білім талап етушілер арасындағы ең үлкен дерт - хасад. Яғни, бір-бірін көреалмаушылық.

(с) Шейх Фаууаз Ан-Намр (حفظه الله)


Мұсылманның таң намазынан кейін сапарға шықса, оразасын тоқтатуы - кең таралған қателік. Ханафи мәзһәбы бойынша оған оразасын бұзуға тиым салынған, бірақ келесі күннен бастап оразадан тиылуға рұқсат етіледі, егер сапары жалғасып, жаңа тұрғылықты мекенде 15 күннен кем болатын болса.

Ал егер сапарға таң намазынан алдын шықса, ораза ұстамауына болады.

Назар аударыңыз: сапардың басы қала шекарасынан асқанда басталады. Сондықтан әуе кеңістігіндегі шекараны аспайынша, сіздің әуежайда тұрғаныңыз сізді жолаушы етпейді.

بخلاف اليوم الذي سافر فيه لأنه كان مقيما في أول اليوم فدخل تحت خطاب المقيمين في ذلك اليوم فلزمه إتمامه حتما


❗️Оразада ауыз бен мұрынды шайған кезде тамақтан су өтіп кетсе:
1) Егер оразасы есінде бар болса, оразасы бұзылады;
2) Егер оразасы жайында ұмытқан болса, оразасы бұзылмайды.

📁 Дереккөз: Әл Бәдәиғ

و لو تمضمض أو استشق فسبق الماء حلقه و دخل جوفه فإن لم يكن ذاكرا لصومه لا يفسد صومه و إن كان ذاكرا فسد صومه عندنا
البدائع ٢\٦٠١


💬 Дәреттің парыздары:

1. Жүзіңіз (маңдайдың үстіңгі қабатынан иекке дейін, құлақтың сырғалығына дейін);
2. Қолыңызды, білек пен шынтақты қоса;
3. Бастың төрттен бір бөлігін;
4. Аяқтарды қызыл асыққа дейін
жууды қамтиды

📁 Канзуд-Дақоиқ

فرائض الوضوع: فرض الوضوء غسل وجهه و هو من قصاص شعره إلى أسفل ذقنه و إلى شحمتي الأذن إلى أخره


📝 Дәрет алу қашан мустәхәб (дәрет алу қаланған жағдай) болады.

1. Жалған сөз айтып қойсаңыз;
2. Ғайбат айтып қойсаңыз;
3. Қатты дауыспен күлдіңіз;
4. Түйе етін жеп қойдыңыз (өйткені ондай жағдайда дәрет алу міндетті деп есептеген ғалымдар бар);
5. Жасалған күнәнің себебінен (Сахих Муслимдағы хадистерде келгендей дәрет күнәнің бетін қайтаруға себеп болады);
6. Жаман өлең оқыдыңыз (ән не болмаса анекдот та соған жатады);
7. Жыныс мүшесіне алақанмен тиіп қалдыңыз (қалған мәзһәбтармен болатын алауыздқтан шығу үшін);
8. Бөтен, мәхрәм емес әйелге немесе жұбайыңызға қолыңыз тиіп қалды (қалған мәзһәбтармен болатын алауыздқтан шығу үшін);
9. Ұйқыдан оянғанда;
10. Тұрған мекеніңізді ауыстырдыңыз (мәжіліс) (дәреттің үстіне дәрет);
11. Мәйітті жуындырдыңыз;
12. Мәйітті жерлеу үшін көтерістіңіз;
13. Дәретіңіз бола тұра әр намаздың алдында;
14. Толық құйыну (ғұсыл) алдында;
15. Жүніп хәлінде (жақындасқаннан кейін ғұсылсыз) бола тұра, асты жеп-ішу алдында;
16. Жақындасу алдында;
17. Қатты ашуланғаннан кейін;
18. Құран кітабын қолға алмай оқу немесе жатқа оқу үшін;
19. Хадистерді оқу немесе біреуге жеткізу;
20. Шариғат ілімдерін оқу үшін;
21. Намазға шақыру үшін (азан немесе иқамат);
22. Хұтба үшін, тіпті ол хұтба неке қиюға болса да;
23. Алла елшісін (صلى الله عليه وسلم ) зиярат етер алдында;
24. Қажылық кезінде Арафат тауында тұрғанда;
25. Сафа мен Мәруә арасындағы жүгірісті орындау мақсатында;
26. Алланы еске алу үшін (зікір мақсатында);
27. Шариғат ілімі кітаптарын қолмен ұстау үшін.

Дереккөз 💡: Хашия ибн Ғәбидин


📚 Сұрақ: Екі ер адам сүннет бойынша қалай намазға тұрады?

Жауап: Үш имамның, Әбу Ханифаның және оның шәкірттерінің пікірлері бойынша ( رحمهم الله) намаздағы сапты өкшемен түзеу қажет.

Және жамағат арасында кең таралғандай, имамның соңынан бір табан кейін тұруға қажеттілік жоқ.

Имам Ас-Сарахсидің Әл-Мабсутында:

وَفِي ظَاهِرِ الرِّوَايَةِ لاَ يَتَأَخَّرُ الْمُقْتَدِي عَنْ الْإِمَامِ

📖*Егер муқтәди (имамның артынан еруші) имамнан ілгері тұрса, яғни оның табаны имамның табанынан жарты табан ұзын болса, онда намаз орындалмаған деп есептеледі. Сондықтан табаны ұзын муқтадидың имамнан кейін тұруы керек. Егер имамның да, мұқтадидің де табан ұзындықтары тең болған жағдайда, сапты өкшемен түзейді.

Хашия ибн Ғәбидин

(قَوْلُهُ بَلْ بِالْقَدَمِ) فَلَوْ حَاذَاهُ بِالْقَدَمِ وَوَقَعَ سُجُودُهُ مُقَدَّمًا عَلَيْهِ لِكَوْنِ الْمُقْتَدِي أَطْوَلَ مِنْ إمَامِهِ لَا يَضُرُّ؛ وَمَعْنَى الْمُحَاذَاةِ بِالْقَدَمِ الْمُحَاذَاةُ بِعَقِبِهِ، فَلَا يَضُرُّ تَقَدُّمُ أَصَابِعِ الْمُقْتَدِي عَلَى الْإِمَامِ حَيْثُ حَاذَاهُ بِالْعَقِبِ مَا لَمْ يَفْحُشْ التَّفَاوُتُ بَيْنَ الْقَدَمَيْنِ، حَتَّى لَوْ فَحُشَ بِحَيْثُ تَقَدَّمَ أَكْثَرُ قَدَمِ الْمُقْتَدِي لِعِظَمِ قَدَمِهِ لَا يَصِحُّ كَمَا أَشَارَ إلَيْهِ بِقَوْلِهِ مَا لَمْ يَتَقَدَّمْ

9 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

110

obunachilar
Kanal statistikasi