СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


✨ Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Аса Жоғары Аллаһ: "Сендерге Елші не берсе, соны алыңдар да, ол сендерді неден тыйса, содан тыйылыңдар", - деп бұйырады.
Арна сүйікті пайғамбарымыз дан сенімді түрде жеткен хадистерді таратуға арналған.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


АБУ ХАНИФА МИРАСЫ dan repost
Құрметті бауырлар мен әпке-қарындастар!

Қасиетті де берекелі, кешірім мен Аллаһтың мейрімі төгілетін Рамазан айы аяқталды.

Аса Жоғары Раббымыздан осы айда жасаған игі амалдарымызды, тәубелерімізді, садақаларымызды, дұғаларымызды қабыл етуін сұраймыз.
تقبل الله منا ومنكم
Аллаһ бізден де, сізден де қабыл етсін.

Рамазаннан кейін де ықыласты құлшылыққа деген ынтамызды сақтап қалуымызға көмек пен тауфиқ берсін.

Елімізге, халқымызға Аллаһтың берік тұтқасы болған бірқұдайшылық пен Сүннетке ынталы, ықыласты әрі бекем болуын нәсіп етсін.

Бүкіл жер бетіндегі мұсылмандарды Аллаһ Тағала сақтап, қорғасын.

Айттарыңыз берекелі болсын.




📌 Оның мейірімімен игі істер соңына жететін Аллаһқа бүкіл мақтау.
Пайғамбарымыз Мухаммадқа және оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Осымен кітап аяқталды.
Аллаһ Тағала бізден және сізден қабыл етуін сұраймыз.




✨ Жәннатта жүз ұлы дәрежеге кімдер ие болады


574 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

إِنَّ فِي الجَنَّةِ مِائَةَ دَرَجَةٍ أَعَدَّهَا اللّٰهُ لِلمُجَاهِدِينَ فِي سَبِيلِ اللّٰهِ مَا بَيْنَ الدَّرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالأَرْضِ

«Расында, Жәннатта жүз дәреже бар, Аллаһ оларды Аллаһ жолында күресетін мужаһидтерге әзірледі әрі әр дәреженің арасындағы қашықтық жер мен көктің арасындай».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 2126.


✨Қиямет күні әрбіріңмен Аллаһ Тағала тәржімансыз сөйлеседі


573 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا سَيُكَلِّمُهُ اللّٰهُ يَوْمَ القِيَامَةِ لَيْسَ بَيْنَهُ وَبَيْنَهُ تَرْجُمَانٍ، فَيَنْظُرُ أَيْمَنَ مِنْهُ، فَلَا يَرَىٰ إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ أَشْأَمَ مِنْهُ فَلَا يَرَىٰ إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ بَيْنَ يَدَيْهِ فَلَا يَرَىٰ إِلَّا النَّارَ تِلْقَاءَ وَجْهِهِ؛ فَاتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ، وَلَوْ بِكَلمَةٍ طَيِّبَةٍ

«Сендердің әрбіріңмен Қиямет күні Аллаһ сөйлеседі, әрі Аллаһ пен оның арасында ешбір аудармашы (дәнекер) болмайды. Сол кезде ол өзінің оң жағына қарайды да, тек өзінің істегендерін ғана көреді, және сол жағына қарайды да, тек өзінің істегендерін ғана көреді, ал алдына қараса – бетінің алдында тек Отты көреді. Ендеше құрманың жартысымен болса да, бір жақсы сөзбен болса Тозақ пен өздеріңнің араларыңа бөгет жасаңдар».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5798.


✨ Аллаһты еске алмайтын мәжілісте отыру - есектің өлексесінің айналасында отырып, содан тұру сияқты


572 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا مِنْ قَوْمٍ يَقُومُونَ مِنْ مَجْلِسٍ لَا يَذْكُرُونَ اللّٰهَ تَعَالَىٰ فِيهِ إِلَّا قَامُوا عَنْ مِثْلِ جِيفَةِ حِمَارٍ، وَكَانَ ذَلِكَ المَجْلِسُ عَلَيْهِمْ حَسْرَةً يَوْمَ القِيَامَةِ

«Егер әлдебір қауым әлдебір мәжілісте отырып, сол жерде Аллаһ Тағала еске алмаса, онда олар есектің өлексенің айналасында отырып содан тұрып кеткендей болады, әрі бұл олар үшін Қиямет күні зиянға айналады».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5750.


✨Аллаһты зікір етпейтін және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтылмайтын мәжілістің зардабы


571 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا جَلَسَ قَوْمٌ مَحْلِسًا لَمْ يَذْكُرُوا اللّٰهَ تَعَالَىٰ فِيهِ، وَلَمْ يُصَلُّوا عَلَىٰ نَبِيِّهِمْ إِلَّا كَانَ عَلَيْهِمْ تِرَةً، فَإِنْ شَاءَ عَذَّبَهُمْ وَإِنْ شَاءَ غَفَرَ لَهُمْ

«Егер әлдебір қауым әлдебір мәжілісте бас қосып, сол жерде Аллаһ Тағаланы еске алмаса және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтпаса, бұл олар үшін зиян мен өкінішке айналады. Аллаһ қаласа - оларды жазалайды, ал қаласа - кешіреді».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5607.


✨ «Бірін-бірі Аллаһ Тағала үшін жақсы көретін екі адамның жақсырағы – өз жолдасын қаттырақ сүйгені».


570 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا تَحَابَّ اثْنَانِ فِي اللّٰهِ تَعَالَىٰ إِلَّا كَانَ أَفْضَلُهُمَا أَشَدَّهُمَا حُبًّا لِصَاحِبِهِ

«Бірін-бірі Аллаһ Тағала үшін жақсы көретін екі адамның жақсырағы – өз жолдасын қаттырақ сүйгені».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5594.


РАББЫҢ КІМ?!! dan repost
✨✨✨📖🎙🔈 "Исламдағы төрт ереже" жолдауы

Шейх Хайсам Сархан түсіндірмесі

Қазақ тілінде

https://youtube.com/playlist?list=PLBFEt29we81QRiWlirUvIgE_4foFGntEl&feature=shared


✨ Мешітте Құран оқу әрі оны бір-біріне үйрету үшін жиналатындарға берілетін төрт ұлы сый-сауап


569 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِي بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللّٰهِ، يَتْلُونَ كِتَابَ اللّٰهِ، وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ، وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ، وَحَفَّتْهُمُ المَلَائِكَةُ، وَذَكَرَهُمُ اللّٰهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ

«Егер әлдебір адамдар Аллаһтың үйлерінің біріне жиналып Аллаһтың Кітабын оқитын және оны бір-біріне үйрететін болса, онда оларға міндетті түрде тыныштық (әс-сакина) түседі әрі оларды (Аллаһтың) мейірімі қаптайды әрі Аллаһ (Тағала) Өзінің құзырындағы (періштелердің) алдында атап айтады».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5509.


✨ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауыз ашқан үйге осы дұғаны айтатын


568 — Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер әлдебір адамдардың үйінде (дастарханында) ауызын ашса, былай деп (дұға) айтатын:

وَكَانَ إِذَا أَفْطَرَ عِنْدَ قَوْمٍ قَالَ: أَفْطَرَ عِنْدَكُمُ الصَّائِمُونَ، وَ أَكَلَ طَعَامَكُمُ الْأَبْرَارُ، وَ صَلَّتْ عَلَيْكُمُ الْمَلَائِكَةُ

«Сендерде ораза ұстағандар ауыз аша берсін, тамақтарыңды ізгі-салиқалы кісілер жесін және сендер үшін періштелер салауат-дуға етсін».

أَفْطَرَ عِنْدَكُمُ الصَّائِمُونَ، وَ أَكَلَ طَعَامَكُمُ الْأَبْرَارُ، وَ صَلَّتْ عَلَيْكُمُ الْمَلَائِكَةُ

/Афтара ғиндакумус-со-имуна, уә әкәлә тоғамакуму-ль-аброру, уа солләт ғаляйкуму-ль-мәлә-икату/

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 4677.


💥 Таңда және кешке айтылатын пайғамбарлық ұлы зікір

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.