Bal-Qalam


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


ІЛІМ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ЕСКЕРТУ
Имам Газали (рah.) былай деген:

Ілімге талаптанушыға жүктелер ең маңызды міндет нәпсін жаман ахлақтан тазалау. Ілім дегеніміз, жүректің ғибадаты. Намаз үшін денемізді қалай тазаласақ, яғни дәрет алу қандай шарт болса, жүректің ғибадаты ілім үшін де жүректің жаман ахлақтан таза болуы шарт. Хадисте “Дін тазалық үстіне құрылған” дейді. Tазалық сырттай болғаны секілді, іштей де болады. Ішкі кірден, яғни жаман ахлақтан рухани тазару қажет.

Eгер ‘Қаншама жаман ахлақты адамдар да ілім оқып жүр ғой?-десең; айтарым: Oлар үйреніп жүрген ілім мәңгілік бақытқа жеткізетін шынайы ілім емес. Өйткені жүректе шынайы ілімнің нұры пайда болғанда, ол жүрек иесінің ахлақы сөзсіз көркейеді. Ілімнің ең төменгі дәрежесі күнәлар мен жаман мінездің адамның мәңгілік өмірін құртатын нағыз зәр екенін білу және түсіну. Есі дұрыс адам біле тұра зәр іше ме? Міне, сол себепті хадисте “Кімнің ілімі артқанмен хидаяты артпаса, бір Алладан алыстауы артады” дейді.

Мән беретін тағы бір мәселе ілім мен ілім әһліне қарсы кеуде кермеу. Ілім меңгеруде кішіпейілділік шарт. Шәкірт ұстазына қарсы келмеуге тиіс, ақыл-насихатын тыңдап, ден қоя түсінуі керек.

Ілім талапкерінің тағы бір міндеті ілімі үйрену кезінде дүнияуи қызығушылығын мүмкіндігінше шектеу. Өйткені бұлар жүректе орын алып ілім үйренудің пайдасын кемітеді. “Aлла бірде-бір адамның көкірек қуысында (біреуімен Аллаға, екіншісімен өзгелерге иман етіп, құлдық ұрсын, деп) екі бірдей жүрек жаратпаған” (Aхзаб сүресі, аят 4) дейді. Зейін басқа нәрселерге бөлінген сайын ақиқатты ұғынудан қалады. Сол үшін ‘Сен ілімге өзіңді толық бермейінше ілім саған қоймасын ашпайды’ деген.

Ілім оқушының талабы Алла Тағаланың ризашылығын иелену болуға тиіс. Мақсат билік пен байлық ұмтылыс, мақтан және ғалымдармен диспут болмауы керек.  Алланың дініне қызмет ету үшін ілім қуған адам –сауап тұрғысынан- жихад жолындағы ғазилерге тең. Солай ілім ізденуші адам ілімнен пайда көреді, дүниеде және ақыретте дәрежесі биік болады.


Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Имандарыңды жаңартыңдар» - деді. «Уа, Алланың Расулы! Иманымызды қалай жаңартамыз?» - деп сұрағанда: «Лә иләһә иллаллаһты көп айту арқылы» - деп жауап берді. (Мүснәд Ахмед)


Құран Хатым шығаруға 2 қыз керек!
Жауапкершілігі бар!
2 аптада шығарамыз.
Алматыда кездесулер болып тұрады. Берекелі орта❤️


Біреу жайлы жаман ойлауға ХАҚЫҢ ЖОҚ!
Жақсы ойлауға МІНДЕТТІСІҢ!

"Кәміл" мұсылманның сипаттарынан


AЛЛА ҮШІН БОЛМАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН АМАЛ БЕКЕРШІЛІК.

Сондықтан, ниетті қайта-қайта дұрыстау керек!


БІР КҮНӘНІҢ ОН ЗАРДАБЫ БАР
Фақиһ Әбулләйс Сәмәрқанди рахимәхуллаһ жасалған күнәнің ол адамға тигізер он зардабын былай атаған:

1. Жаратушысының бұйрығына қарсы шығып Раббысын ашуландырады.

2. Өзінің және Алланың жауы Ібілісті қуантады.

3. Жәннаттан алыстайды.

4. Жаһаннамға жақындайды.

5. Өзіне өзі қастық қылғаны.

6. Aлла Tағала тап-таза етіп жаратқан өзін ластағаны.

7. Өзіне қастық қылмайтын, керісінше зияннан қорғайтын Хафаза періштелеріне жаулық жасағаны.

8. Пайғамбарымызды (с.a.у.) қамықтырғаны. Өйткені үмметінің амалдары қабірінде оған хабарланады.

9. Жер беті, күн мен түн оның күнәсына куә болады.

10. Бүкіл мақұлық атаулыға қиянат жасағаны. Өйткені жауын-шашын оның күнәсының кесірінен азаяды.

Бұл бар-жоғы бір күнә жасағанның жайы. Ал күнәның неше түрін жасайтын адамның жайы не болмақ?! Ойланыңыз енді...


Сауатты ұрпақ тәрбиелеу үшін, әке мен шеше сауатты болса еді.
Көп байқағаным, діни жаққа бет бұрған жастардың көбі демейін, бірақ баршылық мектепте басқа пәндерді айтпағанда, қазақша көп орфографиялық қателермен жазады. Ішің ашиды.
-Құры дін, ойбай намаз дей берме, ғылым игер,- десе, ренжиміз ә?!
Бірақ ештеңеден сауатың жоқ. Бұл да болмайды. Мұсылман адам және айтамыз, жан-жақты болу керек. Университетті де оқып, ғылымға бас сұғып, дінді де өз арасында жайып, бәріне үлгерсе, міне сонда Аллаға да, адамға да сүйкімді болмақ.
Қазір сауатты қыздар сауатсыз жігіттерді жақтыртпайды, сондықтан қай тілде болсын сауатты жазған дұрыс! Немесе голосовой жібер (әзіл)

Жалпы жігіттің әр сферамен байланысты болуы қыздарды қызықтырады деп ойлаймын. Мысалы, саясаттан хабары бар, діні өзіне бір бөлек, ақындық-шешендігі тағы бар, спорттан да алыс емес... Әлгі сегіз қырлы бір сырлы ғой.
Сол секілді қыз баласы да, болашақта күйеуін өзіне тарта алу үшін, өз-өзін дамытқан күйде тұрмысқа шықса...
Көбі ойлайды Тұрмысқа шыққан соң не үйленген соң, дін жайында айта береміз деп. Жоқ сіздер бәрін талқылайсыздар, соңында дінмен ұштастырасыздар. Сонда түнгі шәй да әңгімесімен әдемі, қызықтырақ болады. Жай ғана отырып, жүрек сырларыңызды бөлісе алатын болсаңыздар, армандарыңызды айта алатын болсаңыздар, тарихтан сыр шертіп Дебат ойнап кетсеңіздер керемет емес пе ?! Жалпы бұл дүниені де пайдалы әрі өзіңізге жағымды етіп өткізу де сауаттылыққа, білімділікке, ақылға, өнерге байланысты.
Алла жақсырақ білуші!


Қайырлы түн 🌃
Түстеріңізде тәтті түс көріңіздер 🥰
Бүгін ұйықтап, қызықты түс көріп, ертең сол түс өміріңізде болғанын қаласаңыз мынаны жасаңыз😁:
Хашр сүресінің "Һуаллаһүлләзии" деп басталатын аяттан соңына дейін оқып, 1 Фатиха 11 Ықылас оқып, Пайғарымыздың (с.ғ.с) атына бағыштаңыз 😊


Ең үлкен бақыт - Ақыретте Жәннатты жеңіп алғаның.

Жәннат Ғаза халқына толы болатын шығар Ин Шәә Алла 🤲


Дәл қазір осы жерге кіріп ем, тыныштық іздеп. Хазіреті Алла біраз қуану сыйлады. Палестинадағы шейт болғандарды Раббым жарылқағанына кәміл сенемін. Алла Тағала өзі біледі не істеп жатқандығын. Қай кезде көмек беру керек, қай кезде басқа мұсылмандар сабақ алу керек, қай кезде дұшпанды қиратып тастау керектігін. Алла бізді сынауда‼️


Forward from: Khanifa
қаншама қара халық өзінің баласын жерлеп жатыр, біз мамық төсекте жатып алып, отопление жайлы әңгіме айтудамыз, туған күн мен той жайлы әңгімені таласып талқылаудамыз.


Жазатын "Ручкаңды" кіндіктен төмен ұстама! Жерде жатса Бисмилләмен көтер. 
Себебі, ең алғаш Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) нұрынан "Қалам" жаратылған еді...
Оған деген құрмет, бәлки білім дәрежеңді көтерер. 

Тарихқа көз жүгіртсек, бір күні Хазіреті Әбу Ханифа (р.а) әжетханаға кіре салысымен атып шыққан екен. Оны байқаған шәкірті мәнісін сұрайды. Неге десеңіз, Қалам сиясының бір нүктесі қолына тиіп кетіпті. Сондағы Оның ойы бұл нүкте бәлкім ن немесе ق секілді әріптерінің бір нүктесі шығар. Алланың кәләміне құрметсіздік болмасын, мұнымен қалай лас жерге кіре аламын деген екен. Демек Құран Кәрім,  тәспих, діни кітап, дәптерің, тіптен соны жазатын Қаламыңа құрмет ет. Көп ғалым тек құрметпен ақ Алланың разылығын алған.


Жұма түні, яғни, бүгін түнде кім 2 рәкат намаз оқып, 1 ші ракатында Кафирун, 2 ші ракатында Наср сүресін оқитын болса, ол адамның үстінде қанша түк(шаш) болса, Жаннатта дәрежесі де сондай үлкен болады.

Жұма мүбәрак болсын 🤲❤️


Айша анамыз(р.а) риуаят еткен бір хадисте
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) былай дейді:

فَضلُ لصَّلَاةِ بِااسِّوَاكِ عَلَىالصَّلَاةِ بِغَيْرِ يَوَاكِ سَبْعِينَ ضِعْفًا
Мисуак қолдану арқылы орындалған намаз мисуаксыз орындалған намаздан 70 есе абзал.


Дерттіні дертті түсінеді дегендей, -
Саяхатшыны саяхатшы
Білімдіні білімді
Хафизаны хафиз
Ақынды ақын түсінеді. 
Шүйіркелесіп отбасы болып кету үшін бір-бірінің жанын түсінуі маңызды. 
Екі адамның ұқсастығы мен арманының бір жерде тоғысуы маңызды. 

Сондықтан өзіңді ең ұлы тәрбиеге сал. Тақуалықтың шыңына ұмтыл. Бірақ, тәкаппарлық пен риядан байқа. Сөйтіп арманыңдағы адамға сай бол!


Сағат 3:04. "Абай жолын" оқып жатқан түнім. Кітап шабыт берді ме? Балалық ақындық қайта жанданғандай болды ма ? Білмеймін. Изһари топтағы бір әпкенің Құран Кәрім оқу сәтін еске алып, тіліме жыр шумақтар келіп жатыр.

"Әғүзү" "Бисмилләмен" Рахманның сөзін жеткізген,
Жүректерді дір еткізіп, бойдан тоқ та өткізген.
Тынысың да тарылып, бар күнәң ойдан өткенде…
Моншақ-моншақ жастарды көзден пар-пар еткізген.

Мақамы бөлек,  ерекше, ұқсамаған ешкімге
Саффаттағы жүректердің жетпеген емес ешбірге
Жаңғырған дауыс, әдемі, Алланың үйін толқытып
Естімей, құлақ құрышын қандырмай кеспес ешкім де!

Егіліп жан дүнием, тәнім де балқып барады, 
Хаққысымен келген әр әріп өн бойыма тарады, 
Ұлының Ұлықтығына бас иіп, бірде көтеріп
Я, Ғаффар, мені кешір деп, аспанға тіке қарадым.

Алланың Ұлылығын сез, жаулайды бой тұлғаңды
Жүргенің бекерден емес,"Таңдады", ұғын бұл мәнді!
Құр қуыс болған кеуделер, толды Алла Нұрына
Шүкіршілік, әш-Шәкур, орнаттың керемет сәнді!


Ұстаз:
-Айналайын Балауса
Мен:
-Ау ұстаз
...

"Айналайында" жылылық бар, "айналайында" мейірім бар, "айналайында" махаббат бар, "айналайында" өмір бар!


Никабыңды қоя тұршы құрбым. Хиджабтан айырылу қауіпі төніп тұрғанда!

Парыз емес нәрсеге қатайып тұрып алу фитнаға алып келеді!
Фитна сүннетті орындамағаннан да ауыр!


Жақындарым! Құрбыларыңызбен бас қоссаңыздар әңгімелеріңіз тек "Киім, біреудің тойы, сен қандай маска қолданасың, жігітің че там, сен ана қызбен ұрсысып қалыпсың ғой кім кінәлі", - деген тақырыптарды қозғауды қойыңыздаршы. Қашанғы сондай өсектерді айта бересіздер! Екі адам басы бірігіп, Алланы зікір етпесе, ол жерге періштелер лағынет айтады. Басыңыз біріксе, білім жайыңыз, ескерту тыңдаңыз. Себебі, ескерту мүміндерге пайда береді деген Құран Кәрім аяты бар. Қане амал ет!
Қашан дін уайымы, ғалымдар өмірінен ғибрат жайлы қозғаймыз?
Жинала қалып, ғайбат айтсаң, ортада жоқ адам туралы сөз етсең, сенен қандай ғалым ұл-қыз шығады? Болашағыңа алаңда!


Жолда кетіп бара жатырмын. Кенеттен көзім жүргізушінің телефонына келген қоңырауға түсіп кетті(Байқамай)
"Жыланым" звондап жатыр екен😄

20 last posts shown.

83

subscribers
Channel statistics