Forward from: Khanifa
Бауырым үшін дұға:
⠀
Я, Раббым!..
⠀
Менің жанашыр досымның кездескен әрбір мәселелері мен үшін беймәлім. Мен оның үнсіздігін көремін, ал сен оның дұғаларын. Мен оның күлкісін көремін, ал сен оның көз жасын. Мен оның амалдарын көремін, ал сен олардың қабыл болғанын. Мен оның жылы жүзін көремін, ал сен жан дүниесіндегі жарасын.
Я, Раббым, оның жасаған әрбір қателігін кешірші, әр жасаған амалдарына ықыласты қосып берші, оны екі дүниеде де бақытты етші.
⠀
(әмин)