«Қарызсыз қоғам» - Қай облыс тұрғындары алаяқтан жиі зардап шегеді
Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы жарты жылдағы аралық нәтижелерін жариялады. Бұл уақытта 54 мыңнан астам адам жаңа білім алды және банкроттық рәсімдеу, алаяқтық фактілерін анықтау, бизнес-жоспар жазу, жұмысқа орналасу бойынша көш бастап тұрған облыстар анықталды.
Биыл Президенттің «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту туралы тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық 20 өңірінде, оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында халықты қаржылық сауатқа жаппай оқыту ұйымдастырылды. Қатысушылар түске дейін дәріс тыңдап, түстен кейін қатысушының қалауы бойынша жеке консультациялар алады.
Биылғы қаржылық сауат курстары 5 ақпанда басталды, жоба басталғалы 11 лек өтіп, республика бойынша 54 442 қатысушы білім алды. Әсіресе, қатысушылардың басым бөлігі Түркістан облысында (4450 қатысушы), Шымкент қаласында (3990), Алматы облысында (3746), Алматы қаласында (3547) және Жамбыл облысында (3318) байқалады.
Әзірге ең аз көрсеткіш Ұлытау облысына (1036), Солтүстік Қазақстан (1503), Маңғыстау (1620) және Батыс Қазақстан облысына (2158) тиесілі. Бұған өңірлердегі халық саны, көктемгі су тасқыны жағдайы, қаржылық менторлардың сапарлау мерзімі әсер етті.
Биылғы жоба қатысушыларының 81% немесе 44 мыңнан астамы – аудандар мен ауылдық округтердің тұрғындары, қала тұрғындары 10 мыңның айналасында. Сондай-ақ, әйелдер жобаның 78% құрайды.
«Елімізде қарызын 90 күннен асырып алған 2 млнға жуық адам бар. Бұл Қазақстан халқының 10 пайызы, экономикалық белсенді тұрғындардың 20 пайызын құрайды. Біз мүмкіндігінше осы адамдардың жартысын экономикаға қайтарғымыз келеді. Оған қоса, қаржылық сауат негіздерін мектеп қабырғасынан бастап оқытуды көздеп отырмыз. Ол үшін Үкіметпен бірлесіп, оқушыларға, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне оқу құралдары әзірленеді. Жоба ауқымын кеңейту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде 750 мың адамды оқыту жоспарлануда, оның ішінде 100 мың студент пен 550 мың оқушы бар», - деді «Қарызсыз қоғам» идеясының авторы, AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев.
Қатысушылардың 72,8% несие құсауында және қарыз төлеуде қиындыққа ұшырағанын жазған. Қарыз саны бойынша олардың 27,7%-ында біреу, 23,9% – екі несие, 10,4% – үш несие және 10,8%-ында үш несиеден көп қарызы бар. Несие төлемі 90 күннен кешіккендер үлесі – 15% болса, мүлдем қарызы жоқ қатысушылар – 27% құраған.
Оқу барысында жобаның қаржы сарапшылары мен заңгерлері 14 мыңнан астам кеңес берген. Қарызды реттеу бойынша кеңестер Қарағанды (298), Астана (182), Алматы қаласында (132) жиі берілген. Жұмысқа орналастыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр, мұнда 12 қатысушы, Павлодарда – 7 адам, ШҚО-да – 7 адам тұрақты жұмыс тапқан.
Алаяқтық фактілері Алматы облысында (27) жиі тіркелген, сондай-ақ Ақтөбе (20), Түркістан (18), Абай (16), ШҚО (16), Павлодар (15) облыстарындағы қатысушылар зардап шеккен.