Ақтау әкімдігінде қалалық эвакуациялық комиссиясының отырысы өтті
Ақтау әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Салидың төрағалығымен қалалық эвакуациялық комиссиясының отырысы өтті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Отырыста эвакуациялық пункттердің дайындық мәселесі талқыланды. Жиында Ақтау қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау жөніндегі бас инспекторы Манарбек Мұханбетов жасалған жұмыстар туралы баяндама жасады. 5 сәуір мен 2 маусым аралығында Атырау облысында болған жағдайға байланысты эвакуацияланған халықты қабылдау штабы жұмыс істеген болатын.
-Қала бойынша 24 эвакуциялық қабылдау пункті ұйымдастырылды. Олардың жалпы сыйымдылығы 2638 орынды құрайды. Эвакуациялық пункттерге орналасқан адамдардың ең көп есептік көрсеткіші 10 сәуірде тіркелген. Бұл күні эвакуациялық пункттерге 1756 адам орналасқан. Оның ішінде 813-і жасөспірімдер. Эвакуациялау талаптарына сәйкес Ақтау қаласы бойынша біріңғай тәулік бойы call-орталық жұмыс істеді. Пункттердегі қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін жергілікті полиция қызметкерілерінен құралған жылжымалы бекет ашылды. Арыз-шағым қабылдау, анықтама-ақпарат беру пункті және қажетті жағдайда медицина қызметкерлерін жұмылдыру қарастырылды, - деді Ақтау қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау жөніндегі бас инспекторы Манарбек Мұханбетов.
Ақтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали жауапты бас инспекторға эвакуациялық пункттегі құрал-жабдықтар саны бойынша есеп жасақтауды тапсырды.
-Эвакуациялық пункттердегі дайындық мәселесі маңызды. Эвакуацияланған тұрғындарды тамақпен қамтамасыз ету, эвакуациялық пункттердің жабдықталуы сақадай сай болуы керек. Сондықтан айтылған ұсыныстардың орындалысын қадағалау қажет. Сонымен қатар, әрбір эвакуациялық пункттегі құрал-жабдықтар саны бойынша есеп жасақтау қажет. Сол кезде эвакуациялық пунктке қажетті заттар анықталады, - деді Ақтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали.