Маңғыстауда мемлекеттік органдар 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматына көшті
Маңғыстауда 1 шілдеден бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметкерлер жаңа ережемен қабылданады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық Коммуникация орталығында өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлайды
Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысының жергілікті өкілді органдарында және Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясында енгізіледі. Ол дегеніміз азаматтар «Е-қызмет» порталы арқылы онлайн түрде мемлекеттік қызметке орналасуға өтініш беріп, конкурсқа қатыса алады. Бұл ретте, конкурстық рәсімді өткізуде толық цифрландыруды көздейтін «eqyzmet.gov.kz» порталы әзірленді.
- Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қоғамның талабына сәйкес келетін кәсіби мамандарды тарту аса маңызды. Ал қатысушылардың құзыреттері мен қабілеттерін обьективті бағалауда «Е-қызмет» порталы таптырмас жүйе. Осы жоба бойынша мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтармен сұхбат жүргізу барысында қатысушылардың басым бөлігі шынайы бәсекелестікке жол ашады. Мысалы , қолданыстағы іріктеу жүйесі бойынша конкурсқа қатысушылардың үлесі орта есеппен бір орынға 1,7 адамды құраса, жаңа іріктеу жүйесі бойынша бір лауазымға қатысушы үміткерлердің орташа үлесі үш жарым есеге артып, 5,8 адамды құрады.,-деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменттінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бірінші кезекте мемлекеттік қызметке үміткер алдымен заңнаманы білу тестілеуінен жергілікті департаментке барып өтуі тиіс болатын. Ал қазір www.eqyzmet.gov.kz порталында тіпті үйден шықпай-ақ тапсыруға болады