“Әкең тастап кетті ғой” “Жиырма жыл ат ізін салмады ғой”,”ащы суды ұрттап алғанда ғана хал сұрап хабарласады ғой”,”сен қиналған сәттердің бірін де көрмеді,бірінде қолдамады ғой” деп қанша себеп айтса да, “ол жас болды”, “ол шешім қабылдаған жоқ” , “әкесі жанында жүргендер де қиналады” деп ақтап алатын. “Шешең шеше емес,үлкен әпке ретінде болды” , “ қызым” деп бір сырыңды сұрамады”, “нәзік әйел болудың үлгісі бола алмады” десе , “үйдің үлкені болған соң мен тұйықпын”, “шешемнің менің сырларымнан басқа да шаруасы бастан астады” , “шешемнің шешесі қатты болған” деп анасына жанұшыра шаң жуытпайтын. Расында,әке-шешенің жазығы не? Олар да дұрыс бала болуды білмей ержетті. Оларда “айналайынға” тойып, “балапанымға” бөгіп өскен жоқ… Сондықтан хал-қадарынша әке-шеше болуға тырысты.
📚”Өмірдің аты М “
📚”Өмірдің аты М “