Өлгенше білім алайық


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


https://t.me/boost/aruugul

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Forward from: nukte
Мінсіз болуға тырыспа. Шынайы болуға тырыс.


🟣 ТӘКАППАРЛЫҚ

Адам бойындағы болатын теріс қасиеттердің ең жаманы, нақұрысы, ең лайықсызы, ол тәкаппарлық, менмендік. Бұл Жаратушыға да, қоршаған орта, қоғам, жұртқа да мүлде жақпайтын қылық. Алла Тағала мұндай қылыққа қатаң түрде тыйым салған:

﴿وَلاَ تَمْشِ فِي الأَرْضِ مَرَحاً إِنَّكَ لَن تَخْرِقَ الأَرْضَ وَلَن تَبْلُغَ الْجِبَالَ طُولاً﴾ «

Жер бетінде алшаң басып жүрме, расында сен жерді тесе де алмайсың, биік таулармен де теңесе алмайсың»

(Исра, 37);

﴿وَقَالَ مُوسَى إِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُم مِّن كُلِّ مُتَكَبِّرٍ لَّا يُؤْمِنُ بِيَوْمِ الْحِسَابِ﴾  

«Сонда Мұса: «Мен өзімнің де сендердің ортақ Раббымыздың атымен Есеп күніне сенбейтін әрбір тәкаппардан сақтанамын», – деді»

(Ғафыр, 27).

﴿إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْتَكْبِرِينَ﴾ 

«Шындығында Ол (Алла) тәкаппарларды ұнатпайды»

(Нахыл, 23).


Адамдар үшін ғаламшарға оңай бара алатын жол ашқым келеді.

— Илон Маск


Алла туралы жақсы ой.

«Ең абзал құлшылық – Алладан қуаныш күту».

(Хадис, Термизи)

Имам Шәфиғиге бірде: «Уа, имам! Алла туралы жаман ойлау дегенді қалай түсінеміз?» деп сұрақ қойылды.

Сол кезде ол:

«Мейірімді Алла туралы жаман ойдың мысалы:

“Басыма бәле келіп қалмай ма екен, қолымдағы нығмет кетіп қалмай ма екен” деп әрдайым алаңдап, уайымға салынып жүру» дейді. (Хилия)

Жақсы ойда болыңыз.
©Өлгенше білім алайық


Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

— Ілияс Есенберлин


Құдай сізге түрлі сый дайындайды, оны «қиындыққа» орап қояды. Орауын ашу қандай қиын болса, сыйлық сондай үлкен болмақ.

— Бауыржан Момышұлы


Осымен 5 пайдасын айттым пайдасы тисе реакция басамыз🤍


5. ҚҰРАН ДӘРЕЖЕЛЕРДІ КӨТЕРЕДІ.
«Расында, Алла Тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» (Мүслим).
Құранның пайдасы
©Өлгенше білім алайық


4. ҚҰРАН ҚАС ДҰШПАННАН ҚОРҒАЙДЫ.
«Кім таңертең «Аятул Күрсіні» оқыса, кешке дейін шайтаннан қорғалады, ал кім кешке оқыса, таңға дейін қорғалады» (Хаким). «Кім түнде (жатарда) «Бақара» сүресінің ең соңғы екі аятын оқитын болса, ол оған жеткілікті болады» (Бұхари, Муслим). 
Құранның пайдасы
©өлгенше білім алайық


3. ҚҰРАН ОҚУШЫ ЖАНЫ МЕН ТӘНІНЕ ШИПА ТАБАДЫ. 
«Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді». («Юнус» сүресі, 57-аят). «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят).
Құранның пайдасы
©Өлгенше білім алайық


Тағы мәлімет жинасам айтармын🤍


2. ҚҰРАН ЖАНЫҢЫЗҒА ТЫНЫШТЫҚ СЫЙЛАЙДЫ. 
«Солар – иманға келгендер және Алланың еске салуымен (Құранмен) жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады» («Раъд» сүресі, 28-аят).

Құранның пайдасы
©өлгенше білім алайық


1. ҚҰРАН ИМАНДЫ КҮШЕЙТЕДІ. 
«Нағыз мүміндер – Алла еске алынса, жүректері қобалжитын, оларға Алланың аяттары оқылса, имандары артып, Раббыларына тәуекел қылатын (жандар)» («Әнфал» сүресі, 2-аят) 

Құранның пайдасы
©өлгенше білім алайық


«Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деп, білім алудың әрбір ер және әйел мұсылманға міндет екенін айтқан (имам Ибн Мәжа)
©өлгенше білім алайық


БІЛІМ АЛУ – ӘРБІР МҰСЫЛМАНҒА ПАРЫЗ
©өлгенше білім алайық


اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ . خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ . اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ . الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ . عَلَّمَ الْإِنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ .
«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деп, оқуға бұйырған («Ғалақ» сүресі, 1-5-аят).
©өлгенше білім алайық


Асыл дініміз Исламда мұсылман адамның білім алып, оған амал етуінің маңызы өте үлкен. 
© өлгенше білім алайық


Forward from: Пайдалы ілім
Сынақ ауыр болса, сыйы да зор…

©Пайдалы ілім


Forward from: Сүрелер жинағы (қазақша аудио)
Кемені судың үстінде көру табиғи бір көрініс. Ал суды кеменің ішінде көруің қауіпті. Олай болса, сен дүниенің жүрегінде бол, дүние сенің жүрегіңде болмасын.


Forward from: Пенде👳🏻‍♀️
Иә Раббым!
Сен шақырдың, мен келдім деген сөзді айтайыншы...

Иә Раббым! Мені өз үйіңе шақыршы🕋...

20 last posts shown.