HoneyNur❤️‍🩹


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Әдемілікті сүйемін

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


2025-ке ескертпе:

өзіңе жат болмысты тануға тырыспа.
өзіңді таны.














Ескі жылдан аман шығып, жаңа 2025-ке де қадам бастық❤️‍🩹
Әр шаңырақта күлкі, ынтымақ болсын!
Өміріміздің жаңа парақтары әдемі естеліктермен өрнектелсін!✨




Міндетті түрде күнделік жазған дұрыс.
Шүкіршілік.
Салауат, зікір.
(Алланың 99 есімін жазып бастасаңыз тіптен күшті)
Бүгінгі жоспарым қандай?
Бүгін жаңа не білдім?(кітап/подкастардың қысқа мазмұнын жазуға болады).
Бүгін өмірімде қандай қуаныш орын алды?
Ешнәрсе болмауы мүмкін емес.Мәселен, ұйқыңыз қанып оянды.Оның өзі күшті емес пе?


Соңғы екі жылда 200-ге жуық кітап оқыған шығармын.
Көп оқыған сайын талғам қалыптасатыны рас екен.
Қазір бұрынғыдай емес, кімді неге қай мақсатта оқитынымды біліп қалдым.
Қатты ұнаған және маған пайдалы болғандарымен бөлісейін:
1)Дисциплина жайлы ең ұнаған кітап-Брайан Трейсидің кітаптары
2)Адамдармен қарым-қатынас-Дейл Карнегидің кітаптары
3)Дағды қалыптастыру бойынша-Атомные привычки
4)Ислам жайлы ең ұнағандары: Адамзаттың асыл тәжі
Жүрек сырлары
Ислам және өнеге
Матери правоверных
Имани гүл
Кемелденуге байланысты отандық кітаптардан:
1)Кемел адам
2)Бейсен және Болмыс
3)Абайдың қарасөздері(түсіндірмесімен)
4)Бабалар аманаты(салт-дәстүр тізбегі)
5)Гуманистік ой-пікір бойынша-Робин Шарма кітаптары ұнады.
Не болмаса Абайды оқи берсеңіз де болады.

Көркем әдебиетті сүзгіден өткізбеймін, бірақ мейлінше классика оқыған абзалырақ деп ойлаймын🙃


Айнаға қараған сайын: «Я, Раббым, сыртқы бейнемді
әсем еткеніңдей, ішкі жан дүниемді де әсемдей гөр!»

– деп тілеген Пайғамбарымыз рухани тазалығымен,
көркем мінезімен әрдайым өнеге-үлгі көрсеткен. Өзіне
қаскөйлік танытып, сан мәрте қастандық жасап, келеке
еткендердің бәрін де кешіре білу − үлкен мейірім иесі
екендігінің дәлел.
P.S: Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) жүрегінің кеңдігі сондай, тіпті қастандық жасағандарға ренжіп, олар туралы жаман ойламаған ғой🥹🤍
Өзім ұялып кеттім мынаны оқып…..


Дәл қазір “Жүректің сырлары” кітабын оқып жатырмын☺️
Қатты ұнап жатыр.
Алладан қорқудың жеті белгісін оқыдым.
Алғашқыларымен бөліскім келіп отыр.
Біле жүрейік🫶🏻
1)Тіл.
Біз өзімізді ғайбат сөзден, өтіріктен, жала жабудан және бос әңгімеден сақтауымыз керек.Тілді білім алуға, Алланы тануға, зікір, салауат айтуға, құран жаттауға арнауымыз қажет.
P.S: Өкінішке орай, қазір бос әңгімеміз өте көп екені рас🫢
2) Жүрек.
Алладан қорқатын адамның жүрегіңде мұсылман бауырына деген өкпе-реніш, қызғаныш, жек көру, тәкаппарлық болмауы керек.
P.S: Жүректе реніш пайда болса, сол сәтте Алладан жүрегімді тазартшы деп тілеуіміз керек🤍
Тіпті, бізді ренжіткен адамға Алладан кешірім өтініп, оның жүрегіңе сондай бір мейірімділік, кеңдік берші ендігәрі ешкімге сөзімен де ісімен де зиянын тигізе алмайтындай деп өтінген абзал екен🥹


Уақыттың қадірі

Уақытты текке өткізу – көп сөз, көп қыдырудың да
еншісінде. Біле білгенге уақыт – зор мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде кәдесіне жаратып қалмаса,
«қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Уақыт адам-
затпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды»деп түйген халық нақылы мына бір дәмді оймен үндесе түскендей:

1) Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған
оқушыдан сұра.
2) Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра.
3) Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет
шығаратын редактордан сұра.
4) Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға
күткен ғашықтардан сұра.
5) Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан
қалып қойған жолаушыдан сұра.
6) Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының
алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.
7) Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік
жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра!


«Нәпсіні Аллаһ тағала не үшін жаратты?» деген сұрақ
туары белгілі. Аллаһ тағала оны да бекерге жаратпағаны
анық. Мәселен, адамдағы ашуды алайық. Оны дұрыс
басқара білудің өзіндік жөн-жосығы бар. Ашу ашу
күйінде қалып кеткен жағдайда шикілік танытады, ол
адамды ызақор, қанды көз, ұр да жық мінезділікке са-
луы мүмкін. Алайда ашуды адам ар-намысты, ұятты,
елді-жерді, дінді, құндылықтарды қорғау жолында қолданса, сол жолда өліп кеткен күннің өзінде шейіттік шәрбатын ішеді. Бұндай ашудың үлкен сауапқа батыратыны белгілі. Демек, осы секілді бір қарағанда
жағымсыз көрінген адам қасиеттерін, нәпсі қалауларын
дұрыс қолдана білсе, ол да адамның рухани биіктеуіне
жол ашады.


Энергиямыз қай кезде таусылады? Іштегі күйіп-жану неге орнайды?
Инсайттар:
1)Өзімізге берілген нығметті өзгеге бере салуға болмайды.Өзімізден артылған жағдайда ғана беру керек.
2)Адамдар энергияны сорып алады.
3)Алла үшін қаншалықты бағалы екенімізді білсек, өзімізді жаман іске қимас едік.
4)Аллаға тәуекел етуді, тапсыруды үйрену керек.
5)Адамдар сенің айнаң. Сендегі бар проблеманы сен өзгелерден көре аласың.
6)Біз ешкімді бағалай, баға бере алмаймыз.
Пенде болып жаратылғанымыздың өзі - қадіріміздің биіктігін көрсетеді.




Жаңа подкааст🥹💙





20 last posts shown.