Zhanartau. Kulshar Bekzat.


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Қарашы бүгінгі айға,
Ерекше жымыңдайды,ә?


Маңызды емес көл көсір ас-табағың,
Қымбат маған көңіл-күй, қас-қабағың.


Бүгінгінің мақалы:

Қызым үй жақта,
Қылығы тик-токта.


Былтыр сөзін жазған “Енулық қыз” әнінің бүгін тұсауы кесіліп, сахнаға шығып жатыр екен. Ғұмырлы болсын дейміз.
Үзінді:

…Қас-қабағын, бұрымын,
Көзге ілмейтін кем шығар.
Астананың суығын,
Сездірмейтін сен шығар.

Сұлулықты ең әйбәт,
Жеткізбеген еш күй-ән.
Лекцияда сені ойлап,
Сессияда ес жиям…


Жүрсінше

Шын сүйсең лаулап, самал атамын,
Қиялмен самғап бара жатамын.
Пейілін маған нәсіп ете гөр,
Хауаны сүйген Адам атаның.


Қуанатын кез болар “әттеңіңмен”
Ащы айғай да шығады тәтті еріннен.


Жабылмайтын ауыз жаңылмай қоймайды.


Қол ұстап барам десең алыс қырға,
Өтінем, мені ешкіммен салыстырма.


Шай таусыла бастағанда, құпиялар ашыла бастайды)


Күйбең тірлік, сабылыс.
Сарсаң қылған сағыныш.
Туған жердің құстары,
Мені анама алып ұш.


Достықтың арасында шек те болмайды, чек те болмайды)


Бір кісілер болады:

Білетінін білдіртіп қалғысы келіп,
Білмейтінін білдірткісі келмейтін.

Бірақ бәрі білініп тұрады ғой)


Біреуді біреуге мақтасаң – дәнекерлігің,
Біреуді біреуге даттасаң – пәлекерлігің.


Сүйікті қылатын сұлулық емес, сүйкімділік.


Жігіт әрі намысты әрі табысты болу керек.


Өмір деген қызық қой:

Пайымың тар кезде, уайымың да тар.
Пайымым үлкейді-ау дегенде , уайымың да үлкейе береді.


Махаббат деген далбаса,
Сезім мен сенім болмаса.


Жақсы адамдар сенбі сияқты. Оны бәрі асыға күтеді. Оған тез жеткісі келеді. Тіпті онымен қалай уақыттың тез өткенін де байқамайсың. Әрі көп адамның артында сол тұрады. (Дүй+Сенбі, Сей+Сенбі, Сәр+Сенбі, т.с.с.)


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ғибратына ғимараты сай – Түркістан.

Жанымыз Түркістанға тым құштар ма?
Дәлеліндей сайраған жыл құстар да.
Бағаладым әр топырақ, әр тасыңды,
Бабаларым жүрді-ау деп бұл тұстарда.
Осы күнді аңсап олар кетпеппеді.
Қоқан, Хиуа, Моғолмен қырқысқанда.
Күннен күнге құлпырып келе жатқан,
Бұл шаһарға жанымыз шын құштар ма?!
Қанша жерден ораза болсақ-тағы,
Аузымыз ашылып жүр Түркістанға.


Бір қаланың ғибратын көру үшін барасың,
Бір қаланың ғимаратын көру үшін барасың.

20 last posts shown.

222

subscribers
Channel statistics