Erkin Adamdar


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


https://www.instagram.com/erkinadamdar
Бұл жерде хабарлама және қонақтар бөліскен қосымша мәлімет жарияланады

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter




Алматы 13 мамыр таңғы шай спикері – Әлібек Өмірбекұлы, режиссер.

Әлібек Өмірбекұлы «MAСA» театрының негізін қалаушы, актер, режиссер. Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, ГИТИС режиссура факультетінде (Е. Каменькович пен Д. Крымов шеберханасы) оқиды. Оның қойған «Қораз», «Дон Кихот», «Триптих: Қарагөз Гамлет Фауст» спектакльдері қазақ театр сыншылары мен көрермендерін бей-жай қалдырған емес. Әлібекпен жұмыс істеген көптеген актерлер де осыған дейін қойылым, актерлік ойын туралы түсігін кеңейтіп, қатып қалған стереотиптерді сындыруға мүмкіндік бергенін айтады.

Таңғы шайда Әлібек қазақ театрларындағы жаңа бағыт, эксперименттер туралы әңгімелеп береді. Театр қоғам шындығын көрсететін болса, көрерменнің ол шындықты қабылдауы туралы да таңғы шай тақырыбынан тыс қалмас.
Таңғы шай 13 мамыр, сенбі сағат 8.00-де өтеді. Тіркелу және қатысу жарнасын (3000 теңге) аударатын номер +77079557292.


Шымкент 13 мамыр таңғы шай спикері – Жанат Құдайберген, диктор, коуч.
Жанат дауыс қою маманы, шешен сөйлеуге баулитын академиясы бар, диктор, тележурналистикадағы жұмыс тәжірибесі 12 жылдан асады.

Жанат 2017 жылдан бері дауыс қою мен жұртшылық алдында еркін әрі сенімді сөйлеуге баулиды. Әріпті дұрыс дыбыстап, сөзді анық айтудан бастап ойды жинақтап, ұғынықты әрі сауатты сөйлеуге дейін үйретеді. Бүгінге дейін 300-ге жуық шәкірт тәрбиелеген.

Жанат осы сенбідегі таңғы шайда дыбыстау мүшелеріне арналған жаттығулар жасап, дауыс күтімі, дауыстың аудиторияға және жеке өмірге әсері, тыңдата білу мен сенімді сөйлеу бойынша кәсіби кеңесін айтып, тәжірибесін бөліседі.

Таңғы шай 13 мамыр, сенбі сағат 8.00-де өтеді. Тіркелу және қатысу жарнасын (3000 теңге) аударатын номер +77025008505


Астана 13 мамыр таңғы шай спикері - Гүлназ Табынбаева, саясаттанушы, гендерлік теңдік белсендісі.

Гүлназ Табынбаева - Назарбаев Университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар бакалавр және әлеуметтанудан кіші дәрежесінің иегері, “E.Quality” гендерлік ұйымының қалаушысы және “Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы”, UN Women және UN Migration - IOM ұйымдарында жұмыс істеген. 2022 жылы Community Engagement Exchange бағдарламасымен “әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік мәселелер” тақырыбы бойынша тағалымдамадан өтті. Оған қоса Гүлназ жақында Астана қаласында өткен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы алғашқы шеруді ұйымдастырушылардың бірі.

Таңғы шайда Гүлназ ханым еліміздегі әйел құқығы, гендір теңдігі мәселесін неліктен қазақша көтеру/айту керектігін отарсыздану тұрғысынан түсіндіреді.
Таңғы шай 13 мамыр, сенбі сағат 8.00-де өтеді. Тіркелу және қатысу жарнасын (ересектерге 4000 теңге, студенттер мен оқушыларға 3000 теңге) аударатын және тіркелетін номер + 77029562988


Сәлем, поэзия сүйетін алматылықтар. Уәде еткеніміздей еркін ақындар кешін ұйымдастырып отырмыз.

Кешке көпшілікке таныс, (мүмкін біреулеріңіз енді танысарсыздар) абстрактілі сезім, отан, қоғам емес, біз және біз өмір сүретін қоғамды жырлайтын ақындарды шақырдық.

Егер сіздің де өлеңдеріңіз болса, еркін микрофонда оқи аласыз.
Кешке тіркелу үшін 2000 теңге мөлшеріндегі жарнаны мына номерге аударып, хабарласыңыз +77479557292.

ERKIN AQYN кеші Алматы қаласында 17 мамыр 19:00-де өтеді. Нақты мекенжайы тіркелген соң жіберіледі. Орын саны шектеулі


Алматыда 29 сәуірде сіздерді “Заманауи адам құқығы түсінігі мен Қазақстан” тақырыбында өтетін қоғамдық лекцияға шақырамыз.

Лектор: Ғалым Жүсіпбек, халықаралық қатынастар саласындағы PhD доктор, Rethink институтының (Вашингтон) ғылыми қызметкері болған, Equal Rights Trust құқық қорғау ұйымының (Лондон) 2016-2017 жылдардағы кеңесшісі.

Қоғамдық лекцияда не айтылады?
Адам құқығы туралы негізгі түсінік, философиясы, біз білмейтін құқықтарымыз бар ма, Қазақстанда адам құқығы басты құндылық болмауының басты себебі неде, не істемек керек деген сұрақтарға жауап беріледі.

Қоғамдық лекцияға кім қатыса алады?
Адам құқы саласы бойынша білімін жетілдіргісі келетін кез келген адам. Аудиторияның жас мөлшеріне шектеу жоқ.

Қоғамдық лекция қазақ тілінде өтеді. Қоғамдық лекция коммерциялық мақсатты көздемейді, бұл жоба Еркін адамдар қауымдастығының ерікті бастамасы.
Қоғамдық лекцияға кіру ақылы: 2030 теңге. Қатысу үшін мына сілтемеге өтіп https://share.kz/g2c7 тіркеу формасын толтырыңыз.
Құрметпен, erkinadamdar


Алматы таңғы шай спикері Асылтай Тасболат, дінтанушы ғалым. Спикердің көтеретін тақырыбы – ислам модернизмі. Асылтай Тасболат дін, оның ішінде ислам дініне қатысты көптеген зерттеулерді жасаған. Қазір ол Ханафи-Матруди мектебінің өкілі Фазлур Рахманның «Ислам модернити: Интеллектуал дәстүр трансформациясы» кітабын аударып жатыр. Ислам модернизмі қандай, оның алғышарттары мен қоғамға тигізетін әсері туралы әңгіме тыңдағыңыз келсе, 22 сәуір сағат 8.00-де таңғы шайға келіңіз.
Тіркелу және қатысу жарнасын (3000 теңге) аударатын номер +7 707 955 72 92.


Астана таңғы шай сипкері Амангелді Құрметұлы, журналист, әскери шолушы. Амангелді Құрметұлы таңғы шайда көтеретін тақырыбы – Қарулану тренді және Қазақстан әскері.
Амангелді Құрметұлы қару-жарақтың тарихынан соңғы модернизациясына дейін жетік біледі. Қарулану саясаты неге байланысты, жалпы технология, жасанды интеллект қарыштап дамып жатқан ХХІ ғасырда әскер ұстау, оған бюджеттен миллиардтап ақша бөлу не үшін әлі маңызды, Қазақстан ғана емес, көршілес мемлекеттердің әскери потенциалы туралы әңгіме тыңдағыңыз келсе, таңғы шайға келіңіз. Таңғы шай 22 сәуір сағат 8.00-де өтеді. Тіркелу және қатысу жарнасын (3000 теңге) аударатын номер +77718887988.


Шымкент таңғы шай спикері Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, қолөнер шебері, кәсіпкер.
Ғазизаның таңғы шайда көтеретін тақырыбы – ұлттық киім-кешектің трендке айналу себептері. Ғазиза @gaziza_ornek, @elterres, @ornek.jewellery жобаларының авторы. Ұлттық киім, әшекейді өнер туындысынан адамдардың күнделікті қолданатын дүниесіне дейін дамытып, тұрақты бизнеске айналдырды. Ол қыздардың әшекейлі тақиясын осыдан бірнеше жыл бұрын тігіп, саудаға шығарған болатын. Ұлттық киім қалай трендке айналады, оның өміршеңдігі неге байланысты, фэшн индустриясына ұлттық кімдік қалай әсер етуі мүмкін, осы туралы спикеріміз таңғы шай үстінде әңгімелеп береді.
Таңғы шай 22 сәуір сағат 8.00-де өтеді. Жазылу үшін +77011405121 номеріне хабарласып қатысу жарнасын аударыңыз (3000 теңге).


Алматыда 8 сәуірде өтетін таңғы шай әдеттегідей 8:00-де емeс, 9:00-де кофеханада басталып, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінде жалғасады.

Спикеріміз Нұрбол Нұрахмет, суретші. Тақырып: Кесіндеме тілі және Қазақстандағы кескіндеме мектебінің қазіргі жағдайы.

Таңғы шай әңгімесі неліктен музейде жалғасады? Себебі тақырып суретші Жұмақын Қайрамбаевтың 19 шәкіртінің қатысуымен Ә. Қастеев музейінде 7 сәуір күні басталатын IZDER тобының көрмесіне тікелей қатысты. Көрмеде Нұрбол әр суретшінің жұмысына тоқталады, көрмеде жұмыстары қойылған суретшілермен сөйлесу мүмкіндігі болады.

Таңғы шайға жазылу үшін +77758018207 номеріне (telegram) немесе @erkin_adam хабарласып, қатысу жарнасын (3000 теңге) kaspi арқылы көрсетілген номерге аударыңыз.


Астанада 8 сәуір, сенбі өтетін таңғы шайдың спикері – Әсел Битабар, зерттеуші, халықаралық қатынастар бойынша PhD кандидат.

Тақырып - Қытайда кім, қайда, қалай Орталық Азияны зерттейді. Тіркелу үшін +77029562988 номеріне хабарласыңыз.


Алматы таңғы шайға 2 орын қалды, келемін десеңіз жарнаны (3000 теңге) kaspi немесе homebank арқылы +77758018207 номеріне жіберіп телеграмда @erkin_adam жазыңыз


Астана таңғы шайға тіркеу әлі жүріп жатқанын хабарлаймыз. Тіркелемін десеңіз 3000 теңге жарнаны +7 775 846 56 48 номеріне жіберіп @Jusan_Iisi хабарласыңыз


Астана 12 наурыз таңғы шай спикері


Алматы 12 наурыз таңғы шай спикері






AI құралдар: (05.03.2023 Данияр Муханов)

Кейбірі тегін, кейбірі ақылы, кейбірі жабық бетада

Youtube Whisperer - OpenAI Whisperer көмегімен кез келген YouTube бейнелерінен мәтінге айналдыру
Vidyo AI - AI көмегімен ұзақ бейнелерден әлеуметтік қолдануға дайын қысқа клиптер жасаңыз
Кітаптармен сөйлесіңіз - 100 000 кітапқа сұрақтарыңызды қойып, бірнеше секунд ішінде шығармашылық жауаптар алыңыз
Scribble Diffusion - AI (Сілтеме) көмегімен эскизіңізді таза кескінге айналдырыңыз
Playground - суреттерді мәтінмен өңдеңіз
FontParing - бұл AI құралы сізге ешқандай күш жұмсамай-ақ ең жақсы қаріптер комбинациясын береді
Browse AI - кез келген веб-сайтты кодсыз 2 минут ішінде сыпырып алыңыз(scrape) немесе бақылаңыз
Imagic - бұл керемет мәтінге негізделген нақты кескінді өңдеу құралы
Detangle AI - заңды құжатты адамша (заңгерше емес) қорытындылаңыз
Blockadelabs - 360 градустық бейнелерге мәтін жіберу
Brancher AI - кодтаусыз жаңа AI құралдарын жасаңыз
Altered AI - Даусыңызды түрлендіріңіз
upscale.media - AI көмегімен кескінді тегін кеңейту
Papercup - Бұл AI кез келген бейнені кез келген тілде көруге мүмкіндік береді

ChatGPT: 2021 және одан бұрынғы мәтіндердің үлкен жинағында оқытылды. Тегін, бірақ жауаптарды жылдамдату және сұраныстың ең жоғары кезінде пайдалану үшін айына $20 тұрады.
The new Bing: ChatGPT негізіндегі сөйлесулер және Bing ішіндегі іздеу нәтижелері. Шектеулі бета нұсқасы күту тізіміне қосылуды қажет етеді.
Perplexity.ai: Сұрақтар қойыңыз және қадағалаңыз, дәйексөздер арқылы тікелей жауаптар алыңыз. Ешқандай шектеусіз пайдалануға тегін.
YouChat: Сұрақтар мен бақылауларды қойыңыз және ChatGPT стиліндегі әңгімелерге қатысыңыз. Тегін; кіру қажет.
NeevaAI: Дәйексөздермен, содан кейін стандартты іздеу нәтижелерімен тікелей, AI арқылы жасалған жауаптарды алыңыз. Тегін; кіру қажет.

Vowel - Видеоколл транскрипциясы (Link)
Excel Formula Bot - Excel формулалары генераторы (Link)
BlueWillow - Midjourney тегін нұсқасы (Link)
Namelix - бұл жасанды интеллект сіз үшін қысқа бренд атауын жасайды. (Link)
ChatGPT Prompt Genius - Сұрауларды(Prompt) сақтауға, табуға және бөлісуге мүмкіндік беретін хром кеңейтімі. (Link)
Runaway - Өте керемет AI бейне редакторы (Link)
Ghostwrite - Gmail қызметінде жұмыс істейтін электрондық пошта көмекшісі (Link)

18 last posts shown.

79

subscribers
Channel statistics