Invintel


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Notes about everything.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Вот қарнын тойдырған соң осылай еркелеуге болады))


Ер адамға жұмыс пен үйді бөліп қарай алу керек. В идеале солай. Бірақ ылғи көңіл қалағандай болмай жатады. Жұмыстағы көңіл-күйді үйге әкеп жатады. Күнде-күнде емес қой. Боп тұрады.

Не істеу керек? Тиіспеу керек, тамағын беріп, өзі әңгіме айтпаса, ештеңе сұрамау керек. Шамалы басылғанын, демалғанын күткен дұрыс.

Интуиция, шестое чувство, эмпатия деген модный сөздерді өздеріне теліп алып, табалдырықтан аттамай жатып, онсыз да жайсыз көңіл-күймен келген күйеуіне проблема айтып бастайды. Тамағын бермей жатып, не болғанын сұрайды. Естеріңде болсын, аш адамның сұраққа адекватты жауап беруі өте сирек жағдай. Ондай адам кемде-кем. Жекіген жауап алғасын, ренжіп, "не істедім сізге, әншейін сұрадым ғой, неге айғайлайсыз?!" - деп шығады.

Келесі сценарий әртүрлі. Үйге зияным тимесін деп шығып кетеді. Не барып ұйықтап қалады. Не бір шаруамен айналысады. Заманаули сексологтардың айтуынша, әйеліне деген либидосы түсіп кетеді. "Әй қойшы соны" деген немқұрайлылыққа барады. Бәлкім, сырттан түрі мен жасына қарамай, түсінісетін екінші әйел де іздеп кетер...


БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕРУ

Алдын ала дисклеймерден бастайын. Пост авторы үйленбеген, бойдақ. Бірақ принциптің, ішкі стержень алдын ала бекігенін дұрыс көреді.

Баланы балабақшаға беру мүлдем дұрыс емес. Бала аманат етіліп оның ата-анасына берілді. Бала балиғатқа толғанша ата-ананың жауапкершілігінде. Жауапкершілік деген ас-сумен, киіммен қамтамасыз етумен шектелмейді. Оның тәрбиесі, оған көңіл бөліп, уақыт арнау да жауапкершіліктің ішіне кіреді.

Советтік ой-сана инерциясымен қазіргі ортамыздағы адамдар балабақшаны құбыжық көрмейді. Алғаш рет КСРО-да ересектерді еңбекке тарту идеологиясымен ясли-садтар жұмыс істей бастады. Бұл шара қалаға арналған жоба еді.

Ауылды жерде бұрынғы тәрбиенің сарқыншақтары бар-тұғын. Ата-әжесі, ағайынның балалары, тіпті болмаса көшедегі көршінің балалары бар. Солармен бірге ойнайды. Қонаққа кетсе, балаларын көршінің үйіне қалдырып кете беретін.

Қазіргі кезде социализация, жатырқамай, жабайы боп кетпесін деген сылтаумен өздерін ақтап әлек. Шын мәнінде, мұндай социализация түрі тек еті тірі балаларға қолайлы. Олар балабақшаға барғанда өзге балалардан үстем боп, қоқан-лоқы көрсетуді үйреніп, доминант болады. Ал еті тірі болмаса, онда әлі санасы жақсы мен жаманды ажыратып үйренбеген бала таяқ жеу мен озбырлықты, психикалық зорлық-зомбылыққа бейімделе бастайды.

Ал балаға 7 жасқа толғанша ата-ананың мейірімі, көңілі, қамқорлығы, тәрбиесі өте маңызды. Ең болмағанда "неге үндай, аты не, бүйтів істесең не болат, сен де дәу болашн ба, о неге үйтіватр" деген сұрақтарға зекімей, көзінің отын өшірмей жауап беру керек. Әке-шешесі жұмыс істеп, шаршап кеп, балаға балабақшадан келгенде жауап берем деу мазақ сияқты. 2-3 сұрақтан соң ұрысқысы кеп тұрады. 1-2 рет көргесін бала да жасқанып, басқа нәрсеге назарын аударады, ойнап кетеді. Любознательность сөне бастайды.

Баланы балабақшаға беру — оның тәрбиесін аутсорсқа беру сияқты. Мемлекет бекіткен универсал әдістемемен тәрбиеленеді. Алайда Аллаһ оны ерекше, қайталанбас, уникальный етіп берді ғой саған. Сен де оған солай ерекше, уникально көңіл бөлуің тиіс. Бұл детоцентризм емес. Гиперопека мен өзіне көңіл бөлуден балаға көңіл бөлуді жоғары қойғанда детоцентризм деуге болады.

Үш жасқа толмаған балаға өзге балалар қызық емес. Ол қиял әлемінде өмір сүреді, таным түсінігі ашылу процесінде болады. Оған ешқандай социализация, өзі секілді балалармен ойнау қызық емес. Ол ұстап көру, тексеріп көру, басып көру секілді іс-әрекеттер жасағанда өзі сенетін адамның (әке/ана) қасында тұрғаны маңызды.

Шынын мойындайықшы, баланы балабақшаға беру оның (баланың) игілігі үшін емес, ата-ананың игілігі, жайлылығы, құлағы мен миының тыныштығы үшін ғой. Оны әспеттеп, балаға пайдалы деп өзімізді де, өзгелерді де алдаймыз...

Мұнда екінші ақталу бар. "Екеулеп жұмыс істемесең қиын" - дейді. Келісем, қиын. Бірақ мен үшін нені қиындатып тұрғаны маңызды. Жұрттан қалмау үшін отырыстан отырысқа барып, мезгіл сайын киім жаңартып, пиндош пен вайлдбериз, каспи магазиннің тұрақты тұтынушысы болса, "үйде ішім пысты" дейтін болса, шынымен қиын шығар...

П.С. Исключение бар. Исключение бәріне жарамайды. Исключение болған жағдайда да кісі өз жауапкершілігін аутсорсқа жібермей, өзі алуға талпынғаны жөн.

الله اعلم

196 0 3 92 30

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Салған ұзақ видеоүзінді осы шығар. Осында тұра берсін.


Көбісі жыл қорытындысын жазып жүр екен. Ертең жұртпен қабаттаспай, бүгін қысқа-нұсқа жаза салайын:

Жыл қорытындысы: Сендердің қате пікірлеріңді (комментарийлеріңді) қабылдауды үйрендім 😁

Феминистер мен оларға солидарность танытып жүрген оқырмандарға менің посттарыма шыдап: факью, какашка, құсық реакцияларын қойып, белсенділік танытқандарына алғыс білдірем.

Келесі 2025 жылы жаңа күрделі деңгейге көтерілетінін хабарлаймын)


Традишн жалғастырамыз:

Әйелің саған мынадай аварийный сұрақ қоюы мүмкін. "Мен сұлу емес болғанымда үйленер ме едіңіз?" Бұған "Иә" немесе "жоқ" деп жауап беруге болмайды. "Иә" десең, "А, значит сұлу емес екем ғой. Сізге бәрібір екен. Түсінікті болды" дейді. "Жоқ" десең, "Сонда менің бүкіл қасиеттерімді бір сыртқы келбетіммен бағалағаныңыз ба сонда?" деп айтады, қадаласың.

Дұрыс жауабы: "Сенің сұлу болмауың мүмкін емес. Мен тап өзіңді іздегем. Сенің келбетіңді жан дүниеңнен бөлек қарай алмаймын. Келбетіңе бірінші ғашық болдым ба, мінезіңе бірінші ғашық болдым ба, өзім де айыра алмаймын 🥰🥰🥰"

А лучше, күнде комплимент айтып жүру. Бұл оның эмоционалды азығы. Ашыққан кезде осындай сұрақтар қояды. Сосын тапқырлығың болмаса қадаласың, тәтті әперіп, кәпеге апарып айыбыңды жуасың)

P.S. Ескерту, жақсы қарым-қатынас үшін жұбайлар арасында өтірік айту рұқсат.
#қисықсұрақтар


Негізі ер адамның майдаланып кетуіндегі әліптің басы бір ғасыр бұрын басталған. Одан да ертерек қой, бірақ белең алғаны соңғы ғасыр. Отарлыққа қарсы көтерілістер, бұратана халықтан еркектерді тыл жұмысына айдау, ақтар мен қызылдар, ұжымдастыру, ашаршылық, репрессия, екінші дүниежүзілік соғыс, оның психикаға әсері, тоқырау, 90-жылдардағы экономикалық ахуал, ұлдар әке емес ана тәрбиесін көруі. Осы факторлардың жиынтығы деп ойлаймын.

Енді ес жияйын дегенде Сорос секілді қорлардың грант бөліп, АҚШ-тың мәдени ықпалымен феминизм, либерализм идеялары онсыз да тұралап тұрған еркекті ез етуге жұмыс жасап жатыр. Біз абьюзер, тиран дегенде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ішіндегі қол жұмсауды ерекшелеп көрсетеміз. Өйткені ол көзбен көрінеді. Көгереді, сынады, қызарады. [Ескерту: автор тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы]. Бірақ психикалық зорлық-зомбылық ескерілмей жатады. Ескерілсе де, бір жақты, ерлерге қарсы жағы ескеріледі: газлайтинг, виктимблейминг, нарцисс т.б.

• Неменеге ініңе ақша сала бересің? Жұмысы жоқ па өзінің? Осындайыңды қоймасаң, кетем үйден.
• Мырқымбай қайын аға үйге келмесін, қалада басқа да ағайындары бар ғой.
• Сенің туыстарыңнан бір қайран жоқ, неменеге ауылға бара береміз? Өзің бар, мен бармаймын.
• Пәленше досыңмен араласпа, сені бұзады ол, ұнамайды маған оның әңгімелері.


Осындай әңгімелер де абьюз боп саналады. Бірақ ер адам "әйелім осылай да осылай деді" - деп айта ма? Жоқ та. Оны айтуды намыс көреді. Бірақ асылында осыған жол бергенінің өзін намыс көруі керек еді. Жігері құм болған. Оны түсінбейді. Майдаланып кеткен.

Шариғатта әйелінің кіммен араласып, кіммен араласпау керектігін күйеуі шешеді. Өйткені аманат иесі — күйеуі. Ал біздің Қазақстанда және жалпы постсоветтік кеңістікте керісінше, күйеуінің кіммен араласып-араласпау керектігін, қандай қарым-қатынаста болу керектігін әйелі шешеді. Бұл да бір ездіктің белгісі...

250 0 4 14 31

Ал, разогревтен кейін серьезно мәселеге оралайық.

Әйелдер, қыз баласы айтатын мынадай манипуляция түрі бар.
«Егер ер адамдар пайғамбарлар сияқты болғанда немесе сахабалардай қарым-қатынас жасағанда, әйел адам сыйлайтын еді. Вот сондай "дастони" адамдар екінші, үшінші әйел алса болады. Қазіргі еркектер пайдаланып кеткен».

Байқасаңдар, дүние жағын жазып жатқаным жоқ, мінез бен іс-әрекетке қатыстысын бөліп алдым. Былай қарасаң логично көрінеді. В чем подвох? Жарайды, «қазіргі әйелдер де майдаланып кеткен» деп атысып, шабыспай-ақ қояйық.

Бұл жердегі мәселе — қыз баласының қиялында. Қиялында бір тәтті образ жасап алған. Ол қиял әлемі шынайы өмірден алыс. Осы үмметтің аналары боп саналатын Айша, Хафса, Зейнеп аналарымыз (Аллаһ оларға разы болсын) арасында бал оқиғасына байланысты проблема туғанын білетін боларсыңдар. Артынша Пайғамбарымызға [ﷺ] да, аналарымызға да ескерту аяттары түскен. «Егер екеуің тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-бірлеріңе болыссаңдар, онда оның Иесі де, Жәбірейіл де және игі мүміндер де оған болысады. Оған қоса періштелер оған жәрдемші болады» деген «Тахрим» сүресінің 4-аяты. Осы оқиға Пайғамбарымызды [ﷺ] ренжіткен оқиға еді. Толығырақ мына жерден оқып алсаңдар болады.

Айша анамызбен бір мәселемен келіспей қалған кезде әкесін төрелікке шақырады. Кім бірінші сөйлейтінін айтқанда, Айша анамыз Пайғамбарымызға [ﷺ] кезек береді де: «Тек Ақиқатты ғана айт» - дейді. Өмірінде өтірік айтып көрмеген Пайғамбарымыз [ﷺ] жайлы білетін Әбу Бәкр [رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ] ашуланып, қызын ұрып, аузын қанатып қояды.

Бухариден [رَحِمَهُ اللَّه] жеткен риуаятта Пайғамбарымыз [ﷺ] жақсы әйелдерінің өзіне: «Сендер Юсуф пайғамбардың оқиғасындағы әйелдер сияқтысыңдар» - деген.

Сондықтан еркек өзін достойно ұстаса, әйелі автоматты түрде инабатты-ибалы боп кетеді деген ереже жоқ. Мәселенің түйіні: әлбетте, кемелдікке ұмтылу керек, достойный болу керек, алайда қандай да бір амал жасау үшін өзіне шарт етіп алмау керек. Яғни, «более менее достойный болған кезде жақындарыма көмектесем, жақсылыққа шақырам, жамандықтан қайтарам, екінші әйел алам» деген секілді. Өнеңгейін әйел адамның басты қаруларының бірі — «чувство вины» сезіндіру. Әдейі жасауы да мүмкін; әдейі жасамауы да мүмкін. Шынымен айыпты болсаң, ол айыпты жуған жақсы. Ал айыпты болмасаң, ойланып, суық ақылды жоғалтып алмау ләзім.

الله اعلم


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
В принципе 8 жас та нормально негізі, 10 жас еще лучше)

278 0 1 58 29

Жалпы адамдар эмоционалды качеляны жақсы көреді екен. Қисық сұрақ айдарынан соң қыздар тіркеледі, отрезвляющий или цикл посттарда жігіттер тіркеледі. Б-баланс. Осылай таңертең мужская энергия, кешке женская энергия қып жаза берем-ау 😁


Біздің традишн.

Әйелің сенен: "Мені жақсы көресіз ба?" - деп сұрайды.

"Иә, жақсы көрем" - деп айтсаң, "искренне емес, мен сұрағасын айттыңыз, шынымен жақсы көрсеңіз мен сұрамай-ақ айтатын едіңіз" - деп ренжіп қалады.

Бұған ашулануға болмайды. Ашуланып, кейіген түр көрсетсең: "Жақсы көрем дедіңіз ғой, неге ондай реакция? Значит жақсы көрмейсіз" - дейді. Ал спокойно, өзіңді байсалды ұстасаң: "Білгем сізге бәрібір екенін, айтпай-ақ қойыңыз болды, түсіндім" - дейді.

Дұрыс жауабы көзің жайнап, күлімсіреп, қиялыңа келген фантазиямен теңеу тауып жауап беру. Мысалы: "Әлбетте, сондай сұрақ бола ма? Сахарада адамдар жаңбырды қалай аңсап жақсы көретін болса, мен де сені солай жақсы көрем"

А одан да дұрысырағы бұл сұрақты қоймайтындай жақсы көретініңді жиі айтып тұру. А еще лучше, өзің осы сұрақты қою, чтоб жизнь малиной не казалось))

P.S. Ескерту, жақсы қарым-қатынас үшін жұбайлар арасында өтірік айту рұқсат.
#қисықсұрақтар

404 0 8 12 43

Мына тенденцияға қараймыз. Ер адам қай жаста болмасын мейлінше 20-21 жасар қызды абзал көреді. Кейбірі ғана 22, 23 таңдаған. Ал қоғамдық түсінік қысымы болмағанда 18 бен 19 басым түсіп кетер еді.

Бұл нені білдіреді? Қыз 20-21 жас кезінде оған сұраныс өте көп. Сәйкесінше, внимение изобилие. Кандидаттың кез келгенін маңдайынан шертіп таңдай алады. Алайда, жасы ұлғайған сайын сұраныстан кілт түсе бастайды.

Оның тұрмысқа шығуы сәтті болуы үшін басқа жақсы қасиеттері кемшіліктерін көмкеруі тиіс. Ал 30ға келгенде қыз хафиз-қари, білімді, сұлу, тақуа болса да жігіттер 20 жастағы әлі шала, илеуге көнетін қызға бет бұрып тұрады.

Сондықтан Роза коуч сияқты қатындардың "енді еркектер отырып қалады, талаптарыңды күшейтіңдер" мотивациялық спичына алданып, бастарыңа келетін бақты қайтарып алмаңдар. Егер қыз тұрмысқа шықпай қалса Розаға поф**. Ал өкініп қалатын қыздың өзі.

Бұл талап қоймау керек деген сөз емес. Талап өзіңнің ішкі жан дүниеңнен, құндылығыңнан, адекватно шығу керек, күн тәртібіндегі сыртқы ықпалдан емес.

390 0 7 40 37

Forward from: Школа Абу Ханифы (رحمه الله)
🧕Не откладывайте замужество.

Многие сестры-мусульманки долго выбирают подходящего супруга или тратят много времени на обучение и построение карьеры. Однако истина в том, что многие братья-мусульмане обращают внимание на возраст будущей супруги. Даже если им понравится её внешность и религиозность, они могут отказаться от брака только из-за возраста сестры.

Уважаемые сестры, мой совет вам: не затягивайте с замужеством. В противном случае вы можете оказаться в ситуации, когда мужа найти будет сложно. Жизнь без мужа и детей — это тема, о сложности которой другие сестры могут постесняться рассказать вам.

#мотивация


Бұл рубрика маған қызық ермек болды ғой.

Әйелің сенен: "Мені қандай актрисаға ұқсатасыз?" деп, сұраса "Білмеймін, ешбір актрисаның сұлулығы сенікіне жетпейді" деп айт.

Ни в коем случае, "Сен өзің актрисасың ғой" деп айтпа, олай айтсаң, "Сонда мені жасандылық көрсетіп жүр деп санайсыз ба? Шынайы емес дегіңіз келе ме?" деп қадап тастайды.

Ни в коем случае, өзің бұрын көрген фильмдердегі актрисаларды айтпа. Например, Мин Су Ен (бұрын Ва-банк көргендер), Анджелина Джоли, Джессика Альба, Меган Фокс, Натали Портман сияқты. Егер случайно айтып қойсаң, саған келесі сұрақты қояды: "Ол әдемі ма?"

Тіке жауап бермейміз. "Жоқ" десең, "Сонда мені әдемі емес актрисаға ұқсаттыңыз ба?" дейді. "Иә" десең, "Онда соған барыңыз, всё" дейді.

Дұрыс жауап: "Сенен әдемі емес ешқайсысы, сендегі әдемілік маған ғана бұйырған қайталанбас әдемілік қой"

Сенің міндетің: тура сұраққа тура жауап беріп тұтылып қалмау. Всегда үшінші нұсқа ізде, ойлан))

P.S. Ескерту, жақсы қарым-қатынас үшін жұбайлар арасында өтірік айту рұқсат.
#қисықсұрақтар

392 0 4 18 46

ЖЕНЩИНА — ДВИГАТЕЛЬ ПРОГРЕССА?

Ал, прогрев сәтті өтті деп ойлаймын. Қазіргі кезде желіде мынадай түсінік тараған. «Женщина — двигатель прогресса». Әрине, бұл сөздер қыз баласының самооценкасын (өз-өзін бағалауын) арттырады. Кейбір қуып кеткендері бүй дейді: "Егер әйелдер болмағанда еркектер әлі күнге дейін үңгірде, шикі ет жеп, к**ін қасып жата беруші еді"

Шын мәнінде солай ма? Әлбетте, жоқ)) Шлиии өздеріңе көп ала бермеңдер, қыздар))

Иә, ер адамдар әйел адамдар үшін көп нәрсені жасаған және жасай береді. Тіпті, басым көпшілігі, орысша айтқан «львиная доля», «подавляющая большинство» деп айтқан орынды болмақ. Бұл оның фитрасында бар. «Әли Имран» сүресінің 14-аятына қараймыз:

«زُيِّنَ لِلنَّاسِ حُبُّ الشَّهَوَاتِ مِنَ النِّسَاءِ وَالْبَنِينَ وَالْقَنَاطِيرِ الْمُقَنْطَرَةِ مِنَ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ وَالْخَيْلِ الْمُسَوَّمَةِ وَالْأَنْعَامِ وَالْحَرْثِ ۗ ذَٰلِكَ مَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَاللَّهُ عِنْدَهُ حُسْنُ الْمَآبِ»


«Приукрашена для людей любовь к удовольствиям — от женщин, сыновей, накопленного золота и серебра в огромных количествах, от породистых скакунов, от скотины и посевов. Это (лишь) бренные удовольствия земной жизни, а у Аллаха есть лучшее, к чему стоит стремиться».

Ер адамдарға осылардың барлығы ләззат сыйлайды. Бұл оның дүниедегі мотивациясы. Яғни, тек әйел ғана емес екен. Қоғамдық істермен айналысуға алтын мен күмістің орасан зор мөлшері болуы үлкен рөл ойнайды. Сүлеймен [ِعَلَيْهِ السَّلام] жайлы деректерде 700 әйелі, 300 күңі болған деп келеді. Шын санын Аллаһ [ﷻ] біледі, бірақ көп болғандығы анық. Бірақ қандай жағдайға байланысты құлшылығын кешіктіріп алатынын білесіңдер ме? Соғысқа арналған сәйгүліктерге қарап, құлшылық уақытын жіберіп алады. Кейін осы ісіне ұялып, тәуба етіп, сәйгүліктерді шауып тастайды. Аллаһты [ﷻ] еске алуына тосқауыл болғанын айтады. Кейін Аллаһ [ﷻ] оған одан жақсысын — желді нәсіп етті.

Қазіргі кезде өркениет пен технология, капитализм себепті қазақтар дәстүрінен ажырап қалды. Бірақ кімнің үйінде бәйгеге қосатын жылқы бапталып жатса, біледі өзі. Ондай аттың күтіміне айына 500К-1МЛН кетеді)) Ол ол ма, оны тарап, сипап, сөйлесіп, күнде кешке қыдыртып, жуындырып, астын тазалайды. Ол үйдің бәйбішесі күйеуін атынан қызғанады. Кейбірі «оданша тоқалы болғаны артық еді» деуі мүмкін)

Әнәстан [رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ] жеткен риуаятта Пайғамбарымыз [ﷺ] жайлы айтады:

«عَنْ أَنَسٍ قَالَ : لَمْ يَكُنْ شَيْءٌ أَحَبَّ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بَعْدَ النِّسَاءِ مِنَ الْخَيْلِ».


«Аллаһ Елшісіне әйелдерден сүйкімді/сүйікті ештеңе болмаған, аттардан басқа» Насаи [رَحِمَهُ اللَّه]

Сондықтан фразаны былай өзгертсек дұрысырақ болады: «Женщина — двигатель комфорта». Жігіттер, асыл тұқымды ат өсіріңдер, баптаңдар, вниманиелеріңді делегировать етіңдер))

الله اعلم


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Істеген тамағына осындай реакция білдіруді ұмытпау керек)


Рубрика ұнаған сияқты ғой. Кеттік.

Әйелің үйде сен үшін әдеміленген кезде: "Боянған кезім ұнай ма, әлде боянбаған кезім ұнай ма? Қай кезде әдемімін?" деп сұраса, екі нұсқаның ешбірін таңдамау керек!

"Боянған кезің" десең, табиғи сұлулығы жоқ дегенің. Ол солай қабылдайды. "Боянбағаң кезің" десең, бітті, сенде боянуға талғам жоқ дегенің.

Дұрыс жауабы: "Сенің сұлулығың сондай, бояудың өзіне сән беріп тұрады. Тіршілікте күн мен түн қандай үйлесімділікте болса, сенің боянған кезің мен боянбаған кезің сондай көркем үйлесімділікте 🥰🥰🥰"

Егер, дәл сол моментте осы дұрыс жауапты естеріңе түсіре алмасаңдар, лучше бірінші боп жылай салыңдар, хоть как-то смягчить етесіңдер #десең

P.S. Ескерту, жақсы қарым-қатынас үшін жұбайлар арасында өтірік айту рұқсат.
#қисықсұрақтар айдары

381 0 5 10 54

Лааадненько, ваши взяли.

"Маған толық қыздар ұнайтын болғанда мен үшін семірер ме едің?"

Қыздар бұл сұраққа "иә" деп жауап бермейді. "Иә" деп жауап берсе, "өзіңді сыйламайсың ба сонда?" деу керек. Фсио.

P.S. Сами напросились, еслишо)

428 0 1 12 38

Еммаааа білгілерің кеп бара жатыр ма, 2 минутта жинала қалғаншы. Қой болмайды олай, 10-ға көтерем. Мотивацияларыңды тексерейін)


Қайсысың мына "🖕🏻" реакцияны қойған? Шешім айтып жатса да жақпай ма? Или қыздарға қарсы қойылатын осындай сұрақ түрін үйретейін ба?)) Байқаңдар, 5 "факью" жиналса, жаза салам, сосын ренжіп жүрмеңдер)

20 last posts shown.