رَجَعَ بِخُفَّيْ حُنَيْنٍ
Хунайнның екі кебісімен қайтты 🤔
Бұл тіркесті сәтсіздікке ұшыраған, тұмсығы тасқа тиген, ісі өрге баспаған, жолы болмаған адамға қолданамыз.
Бұл мақалдың шығу тарихына тоқталсақ:
Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда Ирактың Хира қаласында он саусағынан өнер тамған, өте шебер Хунайн атты етікші болыпты. Бір күні дүкеніне шөл дала арабы келіп саудаласа бастайды. Қызыл кеңірдек болып ұзақ саудаласқаннан кейін әлгі арап ештеңе сатып алмастан, теріс бұрылып кетіп қалады. Бұл әрекеті шымбайына батқан Хунайн қатты ашуланып, кек алуға бекінеді. Содан әлгі арап қайтатын жолға кебістің бірін тастап, ал екіншісін одан сәл алыстау жерге тастайды. Ойында ештеңе жоқ шөл дала арабы жолдан кебісті көріп кілт тоқтайды. Нақтылап қараса сол баяғы атақты етікші Хунайнның тіккен кебісі екен. Бірақ "бір кебістің маған ешқандай да керегі жоқ", деп жолын жалғап кете береді. Алайда сәл жүргеннен кейін дәл сол кебістің екіншісін көреді. Оны көріп манағы бірінші көрген кебісті алмағанына іштей күйініп, түйесін заттарымен қоса сол жерде тастап, кебісті қолына алып артқа қайтады. Сол сәтте ағаштың тасасында бақылып отырған Хунайн келіп түйесін заттарымен қоса алып кетеді. Сәлден кейін қуаныштан жүзі жайнаған, қолында екі кебісі бар арап келіп түйесін таппай, салы суға кетіп, құр алақан еліне оралған екен. Еліне келсе, бұл сапардан келгенде сыйлық алуға әдеттенген бір топ ағайыны елпектеп алдынан шығып "не әкелдің?", дегенде "Хунайнның екі кебісін", деген екен.
Соңы.