Kazatomprom official


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


🔷«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ресми telegram арнасы
🔷Официальный телеграм канал АО «НАК «Казатомпром»
www.kazatomprom.kz
https://ru.m.wikipedia.org/wiki/Казатомпром

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


📊 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің 2023 жылғы 2-тоқсандағы операциялық нәтижелері

🌐 Толығырақ

***

📊 Операционные результаты деятельности АО «НАК «Казатомпром» за 2 квартал 2023 года

🌐 Подробнее


🌐 «KAP Technology» ЖШС Бас директоры болып Мельников Николай Александрович тағайындалды.

Соңғы жұмыс орны: «Kazpost» АҚ цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры.

Ол Қазатомөнеркәсіп жүйесінде 2015-2017 жылдары жұмыс істеді, сонымен қатар «KAP Technology» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

——

🌐 Генеральным директором ТОО «KAP Technology» назначен Мельников Николай Александрович.

Последняя должность: управляющий директор по цифровизации АО «Kazpost».

В системе Казатомпрома работал в 2015-2017 годы, занимая также должность генерального директора ТОО «KAP Technology».

#назначения


Қазатомөнеркәсіп 2022 жылдың дивидендтерін төлеу аяқталғаны туралы хабарлайды
 
Дивидендтік төлемдердің жалпы сомасы 200,9 млрд теңгені құрады.

🌐 Толығырақ

———

Казатомпром объявляет о завершении выплаты дивидендов за 2022 год

Общая сумма дивидендных выплат составила 200,9 млрд тенге.

🌐 Подробнее


Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары жазды пайдалы өткізеді 🏕️👦🏻👧🏼

Бүгін атом холдингінің арнайы әлеуметтік жобасы аясында 100-ден астам бала iQanat балалар білім беру лагеріне аттанды.

📚Балалардың білім беру лагеріне қатысушыларды анықтау үшін 490 жоғары сынып оқушылары арасында конкурстық іріктеу жүргізілді. Атом холдингінің еншілес кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары Қазақстан тарихы, математика, география, ағылшын тілі және Қазатомөнеркәсіптің қызметі бойынша тест тапсырды.

«Біздің қызметкерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету Қазатомөнеркәсіптің басты құндылықтарының бірі болып табылады. Біздің еншілес кәсіпорындарымыздың балалары үшін биыл Бурабайда алғаш рет оқу лагері ұйымдастырылды. Баршаңызды құттықтап, ақ жол тілеймін!», - деді Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

***

Лето с пользой проведут дети работников предприятий Казатомпрома 🏕️👦🏻👧🏼
 
Сегодня в рамках специального социального проекта атомного холдинга более 100 ребят отправились в детский образовательный лагерь iQanat.

📚Для определения участников в детский образовательный лагерь был проведен конкурсный отбор среди 490 школьников старших классов. Дети работников дочерних предприятий атомного холдинга сдавали тесты по истории Казахстана, математике, географии, английскому языку и о деятельности Казатомпрома.

«Оказание социальной поддержки нашим сотрудникам и их семьям является одной из главных ценностей Казатомпрома. В этом году впервые для детей наших дочерних компаний организован образовательный лагерь в Боровом. Поздравляю каждого из вас и желаю счастливой дороги!», - отметил председатель правления Казатомпрома Ержан Муканов.

#kazatomprom


Астанада компанияның туған күнін мерекелеуге орайластырылған Қазатомөнеркәсіптің Спартакиадасы аяқталды ⚽️🏓

Бес күн бойы 23 командаға бөлінген 1000 шақты спортшы спорттың 9 түрі: мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, бадминтон, армрестлинг, үстел теннисі, баскетбол, шахмат және киберспорттан (FIFA) чемпион атану үшін сынға түсті.

Атом холдингінің ұжымын жарыстың аяқталуымен Қазатомөнеркәсіп басшылығымен бірге Қазақстанның танымал саясат қайраткерлері мен даңқты спортшылары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, Қазақстан спортшылар одағының төрағасы, бокстан ҚР спорт шебері Азамат Қарлығашев, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин құттықтап келді. Құрметті қонақтар Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар мен медальдарды табыс етті.

«Компания салауатты өмір салтын қолдауға көп көңіл бөледі. Бұл күндері біз спортшыларымыздың қызықты ойындары мен жарқын эмоцияларын үлкен қызығушылықпен тамашаладық. Жыл сайын бүкіл атом холдингінің қызметкерлерін біріктіретін және әрқайсымызды жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандыратын спорттық мерекенің барлық қатысушыларын құттықтаймын», - Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов атап өтті.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша барлық спорт түрлерінен жеңімпаздар анықталды. Жалпы командалық есепте «ҮМЗ» АҚ құрамасы көш бастап, екінші орынды «ОТХК» БК» командасы, үшінші орынды «Инкай» БК» ЖШС командасы жеңіп алды.

🌐 Толығырақ

#kazatomprom_spartakiada


Біз 26 жастамыз!🎂

Қазатомөнеркәсіп бүгінде – 20 000-нан астам қызметкерден құралған бірегей кәсіпқойлар командасы және уран өндіру мен сату бойынша әлемдік көшбасшы.

Біздің Компанияны құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен өркендеу тілейміз!👏🏻

——

Нам 26 лет! 🎂

Казатомпром сегодня – это уникальная команда профессионалов из более чем 20 000 работников и мировой лидер по добыче и продаже урана.

Поздравляем и желаем нашей Компании новых побед и процветания! 👏🏻


🌐 Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып Ермек Сәкенұлы Қуантыров тағайындалды.

Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.

——

🌐 Главным директором по правовому сопровождению и закупкам Казатомпрома назначен Куантыров Ермек Сакенович.

До этого он занимал должность директора департамента развития предпринимательской деятельности Евразийской экономической комиссии.

#тағайындау #назначения








🗞️☀️ KAP NEWS маусым айындағы санынан оқитындарыңыз:
 
▫️ESG және тұрақты даму күн тәртібі;
▫️Техникалық жарақтандыру жемісі
▫️Таланттар танылған кеш;
▫️Цифрлық жарыместіктен қалай; аулақ болуға болады?

——

🗞️☀️ Читайте в свежем июньском номере KAP NEWS:
 

▫️Повестка ESG и устойчивого развития;
▫️Курс на техперевооружение;
▫️Блеснули талантом;
▫️Как избежать цифрового слабоумия?

#KAPnews


Әлішер Тайжанов «АППАК» ЖШС–ның Бас директоры болып тағайындалады

Бұған дейін ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Коммерция жөніндегі бас директоры қызметін атқарды.

🌐 Қазатомөнеркәсіп жүйесінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.

——

Алишер Тайжанов назначен генеральным директором ТОО «АППАК», экс-главный директор по коммерции АО «НАК «Казатомпром».

🌐 В системе Казатомпрома работает с 2016 года.

#тағайындау #назначения


Қазатомөнеркәсіп Түркістан облысында аффинаж өндірісін ұйымдастыру бойынша ірі инвестициялық жобаны сәтті іске асырды 🛢️

📍Ұлттық атом компаниясының еншілес кәсіпорны «Қазатомөнеркәсіп- SaUran» ЖШС қуаттылығы жылына 1 600 тонна уран тотығын өндіретін аффинаждық цехты жаңғыртуды аяқтады.  

Жаңғырту бойынша барлық жұмыстарды Қазатомөнеркәсіптің сервистік кәсіпорындары жүргізді: жобаны әзірлеуші «ЖТИ» ЖШС, ал бас мердігер – «Машзавод» ЖШС болды.

🌐Толығырақ

——

Казатомпром успешно реализовал крупный инвестиционный проект по организации аффинажного производства в Туркестанской области 🛢️

📍ТОО «Казатомпром-SaUran», дочернее предприятие национальной атомной компании, завершило модернизацию аффинажного цеха по производству закиси-окиси урана мощностью 1 600 тонн в год.  

Все работы по модернизации проведены сервисными предприятиями Казатомпрома: разработчиком проекта выступило ТОО «ИВТ», а генеральным подрядчиком - ТОО «Машзавод».

🌐Подробнее


Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің шешімімен коммерция жөніндегі бас директор Дастан Көшербаев, өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбеков және әкімшілік аппаратының басшысы Мұхит Мағажанов 2023 жылғы 29 маусымнан бастап Басқарма мүшесі болды.

🌐 Толығырақ

——

С 29 июня 2023 года решением совета директоров Казатомпрома в состав правления введены: Дастан Кошербаев, главный директор по коммерции, Куаныш Омарбеков, главный директор по производству, а также Мухит Магажанов, руководитель аппарата администрации.

🌐 Подробнее


2023 жылғы 27 маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, оның шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қызметі туралы ақпарат тыңдалды 🔰

Кеңеске Қордың және оның портфельдік компанияларының, жұртшылық пен сарапшылар қауымдастығының, БАҚ-тың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

📊Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов компанияның даму жоспары мен стратегиялық көрсеткіштердің орындалуы, операциялық және қаржылық қызметінің жетістіктері мен нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.  

🌐 Толығырақ

——

27 июня 2023 года прошло заседание Общественного совета АО «Самрук-Қазына», в рамках которого заслушана информация о деятельности Казатомпрома 🔰


В совещании приняли участие представители Фонда и его портфельных компаний, общественности, экспертного сообщества, СМИ и другие заинтересованные лица.

📊Председатель правления Казатомпрома Ержан Муканов представил информацию об исполнении плана развития и стратегических показателей, о достижениях и результатах операционной и финансовой деятельности компании.  

🌐 Подробнее


Қазатомөнеркәсіп уран өндіруге жаңа келісімшарт алуды жоспарлап отыр 🇰🇿
 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне сәйкес Қазатомөнеркәсіп пен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында Инкай кен орнының № 3 учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін тікелей келіссөздер жүргізілді.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін қоса алғанда, әзірленетін жобалау құжаттарының негізінде 25 жыл мерзімге жасалатын болады.

🌐 Толығырақ

——

Казатомпром планирует получить новый контракт на добычу урана 🇰🇿
 
В соответствии с Кодексом РК «О недрах и недропользовании» между Казатомпромом и Министерством энергетики Республики Казахстан проведены прямые переговоры для получения прав недропользования на участок № 3 месторождения Инкай.

Контракт будет заключен на основании разрабатываемых проектных документов на срок 25 лет, включая период опытно-промышленной добычи.

🌐 Подробнее

16 last posts shown.

217

subscribers
Channel statistics