Мұрағат


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Өзіме керек ақпараттар

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Істемейтін сағаттың өзі,2 рет дәл уақытты көрсетеді.

Жаман деп ойлаған адамның да бойында,бір-екі жақсылығы болады.Ол жақсыларды ешқашан ұмытпак керек екендігін Пайғамбарымыз ﷺ үйретпедіме.


Алла берген 86 млн жасушаларыңды жұрттың ойынан қорқуға жұмсама!


сүре аттары.pdf
2.4Mb
"Жүрегімдегі Құранның кестесі"


Сүрелердің де бас-аяғы аяттар секілді Аллаһ тағала тарапынан белгіленген. Сүрелердің басы «Бисмиллахир-рахманир- рахим» аяты түскеннен кейін анықталды. Оған Әбу Дәуіт, Ибн Хиббан мен әл-Хаким жеткізген деректегі Ибн Аббастың (р.а.):
Пайғамбарымыз ﷺ«Бисмиллахир рахманир рахим» түскенге дейін сүрелердің соңын білмейтін», — деген сөзі дәлел.


Шариғат бойынша, дүние-мүлкі жоқ ата-ананың нәпақасы - баласына міндет. Бұл жерде ата-ананың мұсылман немесе кәпір болуы қаралмайды. Тіпті ата-анасы кәпір болса да - оның нәпақасы баласына міндет. Оған дәлел ретінде ғалымдар мына аятты негізге алған: “Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол” (Лұқман сүресі 15-аят) Яғни, егер әке-шеше Аллаға серік қосып, әрі осы ісіне баласын шақырса да, қарсыласпай жақсылық жасап, қарайласуға міндетті.

Ата-ананың нәпақсы ұлға, қызға деп бөлінбейді. Екеуіне бірдей ләзім. Яғни екеуі қатар қаражат шығарып, асырауға міндетті. Себебі екеуі де перзенті. Егер бала-шағасы болмаса, туған бауырларына міндет болады.

[Бәдәәиғ сәнәәиғ 4/32-34]


Кітап саудасы екі түрлі жолмен жүзеге асады :

1.  Кітаптың өзін сату
2.  Кітаптың авторлық құқығын сату

Егер автор өз еңбегінің құқығын сатуды қаламай, кітапты басып шығарып сатқысы келсе, кітапты сатып алған адамға «мына кітапты біреуге сатпа, сыйлыққа берме, тек өзің оқы», деп шарт қойған жағдайда, бұл сауда – «фәсид» жарамсыз саудаға айналады. Бұл жағдайда әлгі шарт алынып тасталу қажет. Себебі, қағида бойынша, «сауда келісімі қажет етпейтін шарт, сауданың бұзылуына алып барады». (әл бдәәиъ сәнәәиъ 4/195, әл-һидая 3/48)

Сауда келісімі — заттың сатып алушының мүлкіне өтуін және қарымта ретінде беріліп жатқан қаражаттың сатушының мүлкіне кіруін ғана қабыл етеді. Осы екі нәрсенің жүзеге асуына кедергі болатын барлық шарт – сауданы жарамсыз қылады. Сатып алушы адам ол кітапты сатуына, біреуге сыйлыққа беруіне шариғат рұқсат етеді. Бірақ, кітаптың көшірмесін жасап сатуына болмайды. Себебі, сатушы ол адамға тек кітаптың өзін сатқан. Авторлық құқықты емес.

Кейде автор кітапты шығару жұмысына басын қатырғысы келмей, кітаптың авторлық құқығын екінші бір адамға сатуы мүмкін. Сондай-ақ, кітап құнды болса, саудагерлер автормен келісім шарт жасасып, авторлық құқықты сатып алуы мүмкін. Немесе авторлық құқықты сатып алмай, «кітапты тек екінші тарап басып сатуға құқылы» деген тармақтан тұратын келісіммен автордан кітапты алуы мүмкін. Нәтижесінде келісімге қарай, автор өзінің қалам ақысын алған соң, кітапты басып шығаруына, біреуге сатуына болмайды! Себебі автор бұл жағдайда өзінің авторлық құқығын сатып тұр. (қадая фиқия муаъасира ли тақи усмани 118 бет)

Кітапты сатудың келесі бір түрі – кітаптың баспа түрін емес, электронды нұсқасын сату. Ең алдымен бұл түрдегі кітап жоғарыдағы екі көріністің қайсысына жатады, соны анықтап алу керек. Электронды күйінде тұрған еңбек, баспадан шыққан кітап секілді ме, әлде авторлық құқықты сатуға жатады ма? Егер баспа түрдегі кітап дейтін болсақ, оны сатқан кезде артықша (кітапты ешкімге беруге болмайды деген сияқты) шарттар қоюына болмайды. Себебі, кітап сатып алушының мүлкіне өткен. Сатып алушы оны өзінен өшіру арқылы сатуына және екінші бір адамға беруіне болады. Екінші бір адамға сатса немесе сыйлыққа берсе, сол нұсқаны ғана беру керек. Оны көбейтіп немесе, бір нұсқаны алып барлық адамға сатуына, баспадан шығарып сатуға болмайды. Өйткені сатып алушы авторлық құқыққа ие емес.

Егер pdf кітапты авторлық құқыққа қиястар болсақ, автор өз құқығын сатқан соң, сатып алушы кітаппен не жасаса да өз еркі. Оны көбейтіп сатуына, тіпті керек болса, тегін таратып жіберуіне де болады. Бұл жағдайға автор араласа алмайды. Pdf кітаптарды сату - авторлық құқықты емес, кітаптың өзін сату саудасына жақынрақ.  Бірақ қазіргі таңда осындай кітапты сатушылар, өз еңбегін сатып жатқан кезде жоғарыдағы екі көріністегі саудадан айналып өтіп жатқанын байқаймыз. Кітапты сатады, бірақ ешкімге беруге болмайтындығын шарт етеді. Бұл – шариғатқа қайшы!

Бұл заманауи мәселе болғандықтан қазіргі таңдағы ханафи ғалымдары мәселеге осылай жауап берген. Атап айтар болсақ, Шейх Абдусалам Шаннар, Шейх Салах Әбул-хаж, Шейх Луай Халили және мүфти Тақи Усмани авторлық құқыққа қатысты 40 беттен тұратын өз ізденісін жазып, жоғарыдағы екі көріністегі сауда түрін ашықтап түсіндірген. Егер автор кітапты біреуге беруге болмайды деп шарт қойса, оны адамгершілік тұрғысынан деп түсінеміз. Себебі оныңда жасаған еңбегін бағалаған жөн! Бірақ шариғат тұрғысынан міндетті іс емес.






Айша анамыз айтады:Мәдинада үш шоқ жұлдыз бар,оларға адам тең келмейді.Оның бірі Сағд ибн Муаз және Усайд ибн Худайр.Үшіншісі Аббад ибн Бишр


Меккелік Рукəна ибн Абду язид есімді атақты палуан өмір сүрген. Ешкімнен жеңіліп көрмеген оны күндердің бірінде Мұхаммед пайғамбарымыз Меккедегі сай-шатқалдардың бірінде кездестіріп қалады. Əлі мұсылманшылықты қабыл ете қоймаған аталмыш палуанға Алла елшісі:

- Ей, Рукәнә! Аллаға тақуалық қылып, менің шақырған нәрсемді қабыл еткін келмей ме?", - деп сұрайды.

- Сенің шақырған нәрсеңнің ақиқат екенін білгенімде, сенің жолыңмен жүрер едім ғой, - дейді Рүкәнә.

- Егер, мен сенімен күресіп жеңсем, менің айтқанымның ақиқат екендігін қабылдайсың ба?

- Иә.

- Олай болса, тұр, сенімен белдесейін, - деп пайғамбарымыз оны күреске шақырады. Содан екеуі белдесе кетеді. Пайғамбарымыз ә дегеннен-ақ оны жерге атып ұрып, тырп еткізбей қояды.

Бұрын соңды жауырыны жер иіскеп көрмеген палуан сасып: "Ей, Мұхаммед, кел, қайта күресейік" дейді.

Екеуі қайта күреседі. Алла елшісі тағы атып ұрады. Жеңілгеніне сенгісі келмей үшінші қайтара белдесуге шақырады. Пайғамбарымыз бұл кезде де жеңеді. Сонда əлгі палуан:

"Уа, Мұхаммед. Аллаға ант етейін, сенің мені жеңуің таңқаларлық нәрсе", - деп, таңданысын жасыра алмай, ең дұрыс деп таңылған риуаятқа қарағанда, осы сəтте тілін кəлимаға келтіріп Ислам дінін қабылдаған екен.


Алла Елшісі (ﷺ) Айша анамызды «Аиш» немесе «Хумейра» деп атаған екен. Аиш дегені – «өміршең» дегені. Ал «Хумейра» дегені – қызыл өңді дегені. Жүзі қызғылт болғандықтан, осылай еркелетіпті.


Бір күндік бақыт іздесең сұлулықтан ізде.Мың күндік бақыт іздесең, адалдық пен пәктіктен ізде. Өмірлік бақыт іздесең, өзіңді сыйлайтын жанды ізде.


Бәрінен шаршадым...
Мезгілсіз соққан дауылдардан,
Өтірік-жалған "бауырлардан",
Алау боп аққан жаңбырлардан,
Үздіксіз қаққан дабылдардан...

Бәрінен шаршадым...
Өтірік сыртқа қарап күлуімнен,
Еңсемді тік көтеріп жүруімнен.
Ащы шындық-жағдайды білуімнен,
Жоқ бақытпен өмірді сүруімнен.

Бәрінен шаршадым...
Әлсіреген жүрегімнің дүрсілінен,
Іштей жылап қынжылып-күрсінуден,
Балдай тәтті жалғаннан басты тартып,
Удай ащы шындыққа түршігуден.

Бәрінен шаршадым...
Терең ойға тұншығып батқанымнан,
Әр-бір таңым қиындықпен атқанынан,
Әр-бір күнім қиындықпен батқанынан,
Жүрегім удың дәмін татқанынан.


Білім тәкаппаршылдыққа апаратын бірден бір жол!


Пайғамбарлық ауру

Тулайхи ибн Хуайлид,Абу Бәкір(р.а) өмірден өткеннен кейін Омардың(р.а) тұсында пайғамбарлық пен ауырады.
-Омар,мені кешіріңдер,мен пайғамбарлық пен ауырып қалыппын.Аллада кешіруші ғой,сенде мені кешір,иа Омар!-деп келеді.
Омар қанша ашуланып тұрсады,ашуын өз бойынан шығармай тақуалық пен ұстап тұрады.Себебі қанша сахабалар соның кесірінен қаза болғанды.(Қарсы соғысып).Солардың бірі Укаша еді.Сүйтеді Омар оның қателігін кешіреді.
Тулайха(р.а) Омардың кезінде Парсы империясына қарсы соғыста,парсылардың ойран топанын шығарған батыр сахабалардан болатын.Бір өзі 100-1000 жауынгерге татитын"Бидай шайнап ұн түкірер"сахабалардан еді.

Сахаба деуіміздің себебі:Пайғамбарымыздың алдын да ислам дінін қабылдап,иманмен өткен кісілерді сахаба деп атаймыз.Екі ортадағы нәрсені есепке алмаймыз.


Бірде Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларымен бірге отырған кезде "Ақиқатында жәннатқа есеп -қисапсыз кіретін 70 000 адам бар"-деді.Сонда Укаша ибн Михсан Әл Әсади тұрдыда:
-Иа Алланың елшісі,маған дұға қылыңызшы мен солардың ішінен болғым келеді!
Сонда Пайғамбарымыз ﷺ
-Ей Укаша, сен солардансың.- деп жауап берді.
Мына жағында тағы біреуі тұрып:
- Иа Алланың елшісі ,менде солардың ішінен болайын,мағанда дұға қылыңызшы! - деп еді.
-Укаша сенен озып кетті,-деп жауап берген екен


Сахабалардың сенімі(Укаша ибн Михсан)

Бәдір соғысы кезінде Укаша ибн Михсанның қылышы ортасынан морт сынып қалады.Дереу Алла Елшісі ﷺ жанын жүгіріп келіп:
-Иа,Алланың елшісі!-дей берсені сол еді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ қолындағы қылышының сынғанын көріп дереу түсінеді:
-Укаша мынамен соғыс!- деп,жердегі бір шыбықты алып береді.Сонда Укаша әлгі шыбықты сілкіп қалған кезде,әлгі шыбық қылышқа айналып кетеді.Бұл пайғамбарымыздың мұғжизасы,әрі сахабаның нық сенімінің бір көрінісі болатын.
Ол қылышты біздер "العون" деп атаймыз.Яғни "Көмекші қылыш" деген мағынады.


Айша анамыз (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз▫ былай дейді:

«Құранды жаттап, оны жүрегінде сақтаған әрі оқып жүрген адамның дәрежесі ардақты да пәк періштелермен тең болады. Ал Құранды оқығанда, оны жаттау қиындық тудырса да, талмай оқып жүрген кісіге екі есе сауап жазылады».

Бұхари


Абу Дарда мен Умму Дарда

Абу Дарда бақилық болар шағында,жанында қаумалап тұрған адамдар:
-Түрің бозарып,өзгеріп бара жатырсың ,дәрігер шақырайық па?- деп сұрасады.
-Жоқ,мені кім төсекке түсірген болса.Сол ғана мені тұрғыза алады.Сенің дәрігердің маған не жасай алады!-деп жауап береді
Осылайша бұл сөзді естіген Кішкентай Умму Дарда(Абу Дарданың жұбайы) көз жасына ерік беріп, жылаған күйде Аллаһ Тағала дұға қылады.
"Иа Раббым.Абу Дарда қалады,сен мені Абу Дардаға бере салдың(менің сұрауымсыз).
Иа Раббым.Жәннатта Абу Дарданы сенен қалаймын,жәннатта Әбу Дарданы маған бер.Себебі мен сенің әмірің үшін,әйел адам ер адамға итағат етсін дегеннен кейін Абу Дардаға тұрмысқа шығып едім.Және келгеннен кейін көрдім Абу Дарданың шынында да мықты,керемет кісі екендігін.Дәл солай оған ғашық болдым,бірге жақсы өмір өткіздік.Енді оны сенен жәннатта қалаймын."- деп дұға қылады.
Бұл сөзді Абу Дарда естіп қуанып:
-Ей Умма Дарда,сен бұны шын көңілмен айтып жатырсың ба!?
-Иа,шын көңілмен.
-Онда менен кейін тұрмысқа шықпа.Аллаһ Тағала бізді жәннатта жолықтырсын!- деп жауап береді
Абу Дарда дүниеден өткен кезде Умму Дарда 40 -қа толмаған жас болатын.Араға біраз уақыт салып Мұғауия Умма Дарданың қолын сұрап келеді.Бірақ Умма Дарда өмірінің соңына дейін ешкімге тұрмысқа шықпастан Абу Дарданың (р.а) артынан кетеді.


Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды
жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге
болады, ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі
сауап алады»

20 last posts shown.