Ақыры айттым.
Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдында жамағаттың міндеті: •Ұстаздың алдында кішірею.
•Ұстаз құрметті, қызметті қаламаса да, ол кісілердің қызметін жарасып қылып, сол арқылы сауап һәм шарапат үміт ету. Исламда жағымпаздық тек ұстаздың алдында ғана рұқсат етілген.
•Ұстазға шәкірт тәкәппарлануына болмайды.
Имам Ғазали (رحمه الله) айтқандай:
"Шәкірттің тәкәппарлығының бір көрінісі – ілімді тек атақты ұстаздардан алуы, солардың кітабын оқуы" деген.
•Ұстазға әзілдеуден аулақ болу керек. Ұстаздың кішіпейілділігін біліп, кейбір надандар ұстазға орынсыз әзілдеп жатады. Одан кейін қалай ілім қонсын?
•Жамағат тұратын жеріндегі ұстаздарына жағдайын айтпаса да қарайласуы, ауруын емдетуі тиіс. Әсіресе қалталы жігіттерге бұл міндеттірек. Қаншама ұстаздардың өмірден өткеннен кейін барып ауру екенін, үйсіз екенін біліп жатырмыз. (Алла кешірсін бізді.)
•Ұстаздың алдында жаңбырды өзіне сіңіріп алатын жер секілді болу керек. Сол кезде ол кісіден көп нәрсе аласыз.
Ұстазын құрметтеген ел – құтылады. Құрметсіздік көрсеткендер – тұтылады.(Қазақ еліне + бір мақал😉)
Имам Ғазалидің "Ихиясынан" алып, әрі бір сыпыра ойыма келген шәкірттік міндеттерімізді жазып отырмын.
Алла еліміздегі әрі әлемдегі ғалым-ғұламаларымызға, ұстаздарға ұзақ та баянды ғұмыр, таймас табан, кіршіксіз ихләс, хуснул-хотимә Раббымнан тіледім. Алла барша мұсылмандарға жақсылығын үзбесін. Әмин, әмин.
Ғалымдарды жақсы көретін:
Зұлпықар Нұрсұлтан
https://t.me/nursultan_zs