📚50 кітаптың электрондық нұсқасын 1500 теңгеге сатамын немесе күнә арқалаған кітап сатушылар
⠀
😣Біздің парақшаға комментке осылай жазатындар көп. Біреу маңдай терін төгіп, кітап жазып, миллионға кітап бастырады екен де, біреу оны көшіріп алып, сатады екен. Сол ақшаға жеген тамағы немесе отбасына әкелген азық-түлігі түгел харам болып кеткенін біле ме екен?
⠀
😤Олардың ішінде «Самға» баспасының, «Атамұра», «Көкжиек», «Амалбукс», т.б. баспалардың күн көріп отырған кітаптарын сатып жүр. Қандай жиіркенішті іс жасап, біреудің мүлкін ұрлап жүр десеңші.
⠀
✍️Авторлық құқыққа Ислам діні не дейді?
⠀
☝Адамдарды алдау мен айлакерлік жасап, пайдаға жету жайында Алла елшісі(с.а.с): «Бізді кім алдаса, ол бізден емес», - деді. (Муслим риуаят еткен) Ендеше кітап жазу, жаңалық ашу мен жасап шығару құқықтары иесінің меншігіне жатады. Кісінің ондай меншіктерін қасақана құртуға немесе одан тапқан пайдасына зарар келтіруге, бұрмалауға, жалған түрде өзіне иемденуге харам іс деп үкім етіледі.
⠀
📝Шығарма, жаңалық ашу мен жасап шығару заң жүзінде қорғалады. Олардың иелері өз еркінше пайдаланады. Оған қол сұғуға тыйым салынады. Осыған байланысты авторлық құқық пен тіркелген саудалық белгілерді өз атына тіркеп, адамдарға сол белгілерді түпкі белгілер етіп таныту шариғат бойынша харам саналады. Бұл алдау, алаяқтық іс делінеді. Бұл - адамдардың құқықтарына қол сұғу және бұрыс жолмен олардың меншікті мүліктерін жеу.
⠀
⛔Шариғат бойынша тұтынушыларды алдап, пайда табу үшін осы белгілерді иемдене отырып сауда орындарын ашуға болмайды Источник:
http://fatua.kz/kz/post/view?id=733.
.
❓Сізге осылай электронды кітап сатушылар жаза ма?
. ➡️Ауадан ақша жасауды қою керек қой.
@paidaly_kitaptar парақшасынан