Менің қойын дәптерім📙


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified



Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Forward from: Эпилог
- Адамның жанын неге ұқсатуға болады білесің бе?
- Неге?
- Бұлттарға. Бұлттар да адамның жаны секілді ауыр жүкті ұзақ тасып жүре алмайды. Олар ауырлығынан жаңбырын жерге құйып тазаланады. Адамның да жаны тәубемен тазаланғаны сияқты. Тәубенің күші адамның жанын тазартса, жаңбырдың күші бұлттарды.

«Алия өмірінің өткелдері» кітабынан


Тұрмысқа шығып кетпей тұрып өзім үшін, ішкі күйім, рухани тынышталуым үшін баруым керек екі елді белгіледім.
1.Жапония
2.Швейцария

Неге бұл елдер екені өте ұзақ әрі әдемі әңгіме.
Тұрмыс құру үлкееен жауапкершілік болғандықтан, ол өмірге біраз ресурспен барғым келеді. Өмірден көргені, түйгені бар, балаларына берер үлгісі мен көрсетер өнегесі бар ана болғым келеді. Сондықтан “Қашан тұрмысқа?” “Биыл шықпасаң отырып қаласын” деген көөп манипуляциялардың ешбіріне ілініп қалмауға барынша тырысып жүрмін. Бірақ, өзім көрсетем саған ол жерлерді деп тұрған азамат болса, кете беремін депші🤭


Бүгін өзіме баааарлық нәрсеге рұқсат беремін деп шештім🥰 (Күүнде қиналып, режим ұстап жүрген адамдай айттым-ау😅)
Түні бойы ұйықтамай қыдыру, зиянды ас ішу, ноудқа үңіліп босқа жату, көп күлу және бақытты болу✨Алдағы түнге жоспар осы🫰🏻


Бүгін қалай күннің астында 2 сағат шыжып тұру және қалай миды 3,5 сағат ішінде шайқап, есіңнен алжасуға шақ қалу бойынша практика жасап келдім. Нәтижесі -Аллаға шүкір. Мемлекеттің бір грантынан үміттімін😅🤲🏻 Педагогика ғылымдарының магистрі болыып отырсам, несі жаман?😁
Сосын қатты қуанғанда хабарласып бөлісе алатын жандардың көп болғаны қандай бақыт екенін сезіндім. Мен үшін дұғада болған ата-анам, құрбыларыма Аллаһ разы болсын!💓


Ой, ТГО деген оңай ғой, 1-2 күн қалғанда ақ дайындалып үлгеремін деп іштей ойлаған кезде ақ мына өмірдегі ең үлкен қателігімді жасаған екенмін ғой.😅 Маңызды күндердің алдында ауырып қалу деген бәрібір басқаша сезім екен. Бұйырғаны🤲🏻




ақылды бірдеңе жазуға ресурс жетпей тұр, сондықтан тек сұлулықты қабыл ала берің)))




көбелек🦋




#бірадамнан


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Сүйікті арт-терапия💗🪄


Кеш жарық!
Универдің үшінші курсында бір-ақ күнде шешім қабылдап орамал тағып кеттім. Былайша айтқанда “хиджаб киіп” немесе “оранып” деуге болады. Бірнеше мұғаліміміз үшін бұл шок болды. Еркін, шошақай, күлегеш қыздан мұндай салмақты шешімді күтпесе керек. Не нәрсе қатты әсер еткенін білмеймін, одан кейін біраз “шекара бұзар” сұрақтар қойылды, біраз әділетсіздіктер орын алды.”Жігіт қарамай қойған соң тақтың ба?”,-деген сияқты сұрақтар менің “шатырымды тайдыратын”. Бірінші курстан іштей балл үшін оқымаймын , өзіме тек керектіні аламын деп шешім қабылдағандықтан, көп нәрсеге көз жұмып, өзімді ДӘЛЕЛДЕУГЕ тырыспадым. Уақыт өзінікін жасады. Қатты тырыспасам да “Педагог” статусын алу үшін тапсырылатын тесттен ең жоғары ұпай нәсіп етті. Тіпті апайлардың “сүйікті студенттерінен” де жоғары🥹😁))) Сол сәтте қатты көңілім қалса да , кектенбей, уақыттың еншісіне қалдырылған көп сауалдар осылай өздерінен өздері шешімін тауып келеді. Бүкіл пазлдар орнын тапқандай🧩🥰


one day ИнШаАллаһ🤲🏻


Пайғамбарымыз (с.а.с) “Үмбетімнің алдыңғылары көп намаз оқып, ораза ұстағаны үшін емес, жүректерінің тазалығы, жомарттылығы және барша мұсылмандарға мейірімділігі үшін пейішке кіреді”,-деп айтқан.




Forward from: Hidaya
Алматыдағы қатты жел бізді де уайымсыз қалдырмады.

Суреттегі және келесі дұғаларды көбейтіңіздер:

أَسْتَغْفِرُ اللّٰهَ الْعَظِيمَ وَأَتُوبُ إِلَيهِ

Астағфируллаһ Әл-Азим уә әтубу илайһ

Мағынасы: Ұлы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін

Истиғфар айту адамның басындағы қиындықтарын кетіреді

Күн күркірегенде оқылатын дұға:

سُبحَانَ الذِّي يُسَبِّحُ الرَّعْدُ بِحَمْدِهِ وَالمَلَائِكَةُ مِن خِيفَتِهِ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْئٍ قَدِيرٌ

Субханаллаһи юсаббиһур ра’ду биһамдиһи уәл мәләикаәту мин хифатиһи уә һуә әлә кулли шәй’ин қадир

Мағынасы: Күннің күркірі Оны мінсіз, кемшілік атаулыдан һам Ұлы екенін айтып мадақтайтын, періштелерде одан қорқып отырып оны мадақтайтын Алла бүкіл кемшілік атауынан ада. Ол барлық нәрсеге құдыретті.


Forward from: A11qamar ✍🏻
Дана келін болу үшін, дана әулетке келін болу керек. Өзің дана болғанмен, түскен әулетің, сіңімсіз жер болса, даналығың жел болып ұшады. Тастай бату үшін теңіздей тұнық жер керек. Судай сіңу үшін, саздай жұмсақ жер керек!


Стихи, картины, фотографии, тексты, лучшие разговоры -все рождается из состояния когда прет и по телу бегут мурашечки.
“ Нежность к себе”

20 last posts shown.

6

subscribers
Channel statistics