jan ~ álemі


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified



Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Мазамның кеткендігі соншалық - шырт ұйқыда жатсам да, Үміт есіме түсіп кетсе, қайғы деген кірпікшешен жүздеген инесін жүрегіме түйреп алғандай, селк етіп оянам да, сосын таң атқанша көз ілмеймін. Маза көрмеймін, дөңбекшимін де шығамын.

#Ғашықтар #ІлиясЕсенберлин


Өзім білетін сұлу тұлғаны жұртқа әшкерелеп көрсеткенде, не табам?

#Ғашықтар #ІлиясЕсенберлин


"Семья должна создаваться с целью ввести друг друга в рай"


Forward from: есімім – Ислам.
- хочу ли я жениться?
- да, но я хочу жениться на пути Аллаха. хочу строит семью на пути Аллаха.
- готов ли я к этому?
- пока что нет.., нужна время, нужна время, нужна время, ин ша Аллаһ.


20:00
Жиен ағамның үйлену тойына келдім.

20:01
Ағаларым 1.5-2 сағаттық жолға жұмсап жіберді.


Өзіңе сырымды айтқан соң, жұрттың бәріне де солай екен деп ойлайсың ба? Жоқ, Жантасжан, әйел сыры құлыптаулы сандық, көрінгенге ашыла бермейді. Кілт табылғанда ғана ашылады.

#Ғашықтар #ІлиясЕсенберлин


Махаббат деген іштей бықсып тұтанған бір от мәнзелдес дүние ғой, әбден қызуы жетпей, сыртқа шығарудың қажеті қанша?

#Ғашықтар #ІлиясЕсенберлин


#ОқырманКөзқарасы #АлтынҚұс #ІлиясЕсенберлин

Алланың қалауымен бір күн ішінде оқып шыққан романым. Жанымды түрлі ойлар мазалағанда оқып бастап едім, енді бір шаттанып отырмын. Оқуға тұрарлық! Бір адамның махаббат хикаясынан бірнеше түйінге келдім. Ендеше бөлісейін:

❗️СПОЙЛЕР болып қалуы мүмкін.

1. Қыз баласы тек өзінің тән сұлулығына арқа сүйеп қалуына болмайды, дәурені келгенде білім алу керек. Мысалы, романның басты кейіпкерлерінің бірі Ақбаян жас кезінде не оқымады, не жұмыс істемеді. Тек қыздай сылаңдап, өзінің үсті-басын қараумен күні өтті. Айдай сұлу болғанымен мансапты күйеуі Әлжаннан айырылғаннан кейін боз кешіп қалды. Абай атамыз “Өзіңе сен өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегін екі жақтап.”,- деп бекер айтпаған-ды.

2. Нағыз махаббатты қалай танимыз? Егер махаббатты - тот баспайтын шын алтын болсын десең, жалған сезімнен аулақ бол, шындықты арман ет. Кейде тек тән құмарлығын ойлап, сұлулыққа алдаңамыз. Алайда адамға тән емес, жан керек. Романның басты кейіпкері Сабыр жиырма бес жыл бойы Ақбаянның сұлулығын ұмыта алмайды. Жанында қамқор, өзің құрметтейтін Татьяна мен Бәтима болса да Ақбаянға қарай ұмтылып тұрады. Соңында ғана Ақбаянның жамандығын көзбен көргенде Татьяна мен Бәтиманың қадіріне жетеді. Осы тұста ердің әйел таңдауына қатысты, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: байлығы үшін, тегі үшін, сұлулығы үшін және діні үшін. Сен діндарды (иманына қарап) ұнат. Алла қолыңды кеңітеді. (Яғни, әйел иманды болса үйге берекет кіреді. Х.Алтай)» деп өсиет етеді (Бұхари, Муслим, Насаи, Ибн Мәжәһ). Иманды жар – тәрбиелі ұрпақ мәйегі, еркектің иманының жартысы, жанының тыныштығы мен тынымы, көзінің қуанышы.

3. Кейде істің мән-жайын жан-жақты, толық білмей жатып бір қорытындыға келіп аламыз. Біреу туралы бір жақты ойлап, сөгетеміз. Романда фашисттердің қолына түскен сәтте Сабыр ауылдасы Садықтан күмәнданып, ол туралы жаман ойда болады. Алайда Садық өз өмірің қиып, тұтқындағы достарының азаттығына себепкер болады. Сол бойда Сабыр “Садыққа ауыр сөз айтып қоштастым ау”,- деп көп жылдар бойы өкінеді. Saw a quote that said "speak to people in a way that if they died the next day you'd be satisfied with the last thing you said to them,".

Пайдалы болса сізден лүпіл. 👍🏽






Егер махаббатты - тот баспайтын шын алтын болсын десең, жалған сезімнен аулақ бол, шындықты арман ет.

#АлтынҚұс #ІлиясЕсенберлин


Ұлт болу ғана арман ба? Жоқ, ұлт болу емес, адам баласын шын бақытқа, тегісшілдік өмірге жеткізіп, бар ұлтты бір адамның баласындай бауырмал еткізу арман. Біз үрім-бұтағымызды осыған тәрбиелеуге тиістіміз.

#АлтынҚұс #ІлиясЕсенберлин


- Бірақ бақыт деген не? Ол тұңғиық түбінде жатқан меруерт тас емес пе? Оны сонау түпсіз тұңғиыққа сүңгіп, қауіп-қатерді жеңіп барып алып шығу керек…

- Егер біздің махаббатымыз осындай сын-қиындықпен түссе, екеуміз де қадірін білер едік. Ал оңай махаббат - ұшқыр жүйрік тәрізді. Қарқыны да күшті, жеңісі тез. Бірақ ұзақ сынға шыдай алмайды.

#АлтынҚұс #ІлиясЕсенберлин


Тағдырымыз қара құлып болса, құлыптан кілт мықты, сол тағдырдың - қара құлыптың кілтін табу керек.

#АлтынҚұс #ІлиясЕсенберлин


Кейде қиялданып кетеміз… Өзіміз басқара алмайтын дүниені, себебін жасап, Аллаға тапсыру керек шығар. Сонда жан да тыныш болады.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Тақуа адам кім?

#АрақҚойылғанОтырысқаБару


Мұсылмандық сипатымыздың қалуы да ата-бабамыздың арқасы емес пе?! Аллаға шүкір!


Адам баласы “мен кіммін?” деген терең сұраққа жауап іздеу арқылы өмірдің мәнін таппақ. Аллаға шүкір, мұсылманбыз! Ал ұлт жағынан ше? Қазақпын. Жәй ғана қазақ болып туыла салдым ба? Әлде бүгінгі бейбіт күніме үлкен құрбандық арқылы жеттім бе? Қаншама ата-бабамыз ұлттың ертеңі үшін мерт болды, жекеменшік қалауларын ысырып, ел болашағы үшін ақтық демі қалғанша дейін күресті?! Енді сол бір аңсаған заманға жеткенде өз тарихымды оқымай, ана тілімізді қорлау, не деген ұятсыздық, тәкаппарлық?! Біз үшін жасалған құрбандықтың ақысын беріп, еліміздің көркеюіне өз үлесімізді қосуды Аллам нәсіп етсін.


Тарихи фильмдерді көріп, рухты көтеру >>>



20 last posts shown.

29

subscribers
Channel statistics