Жасулан Байқұлов


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


"Оқы, ойлан, өзгерт"

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Һидаятты таңдаудағы бақыт, Раббыңның кеңшілігі мен жақсылығы арқылы жүзеге асады.

📚 Шарху ән-Нәсәфи


قائدة: إن التوفيق إلى اختيار طريق الهداية هو تفضل من الله وإحسان


Алла Тағаланы көру шариғат тұрғысынан уәжіб. Ақырет күні мүміндер Раббысын көреді. Айғақ келтірер болсақ құранда:
وُجُوهٌ يَوۡمَئِذٍ نَّاضِرَةٌ
Кейбір жүздер ол күні қуаныштан бал-бұл жайнайды.

إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٌ
Раббыларынан көз алмайды.
[Әл-Қиямә сүресі 22-23 аят]

Пайғамбарымыз хадисте айтқандай:
إنكم سترون ربكم كما ترون القمر ليلة البدر

"Расында сендер Раббыларыңды толған айды көргендерің секілді көресіңдер" [1] деген.

📚Шарху әл-Ақида әл-Исламия
[1-Имам Али әл-Қори Шарху әл-Фиқһу әл-Әкбәр
244-246 б]


Алла Тағаланы көру ақылымыз да рұқсат болған секілді, шариғат тұрғысынан міндет болып есептеледі. Оған айғақ келтіретін болсақ құранда: رَبِّ أَرِنِىٓ أَنظُرۡ إِلَيۡكَۚ

Мұса Раббысын көруге деген ынтызарлықтан өзін-өзі ұстай алмай): «Уа, Раббым! Маған көрінші, Жамалыңа бір қарайыншы» – деді.

[Әл-А'ғраф сүресі 143 аят]

📚Шарху әл-Ақида әл-Исламия


Ақида ілімдерін оқып жүрген шәкірт, міндетті түрде қосымша тақуалыққа қатысты ілім оқып жүруі керек. Себебі ақида ілімін оқу біріншіден жүрекке тыныштық берсе, екіншіден онда хилафтар өте көп болған себепті жүректі қатты етіп жіберуі әбден мүмкін.


Ең жақсы жүрек - иманмен безендірілген жүрек!


Алла Тағала:
وَلَـٰكِنَّ ٱللَّهَ حَبَّبَ إِلَيۡكُمُ ٱلۡإِيمَـٰنَ وَزَيَّنَهُۥ فِى قُلُوبِكُمۡ وَكَرَّهَ إِلَيۡكُمُ ٱلۡكُفۡرَ وَٱلۡفُسُوقَ وَٱلۡعِصۡيَانَۚ

әл-Хужурат:8

Алайда Алла сендерге иманды сүйгізіп, оны жүректеріңде безендірді (яғни көңілдеріңе жағымды қылды). Сондай-ақ сендерді күпірліктен, асылықтан һәм (Алла мен расулына) қарсы келуден жирендірді.


Тарихты оқып болдым. Енді өз қолыммен жазамын.

#оқы_ойлан_өзгерт


Ақида ілімін оқыған (түсінген) пенденің жүрегіне тыныштық орнайды.

#ашу_ызаны_білмейді


Біз өлексенің сондай-ақ шошқаның етін жемейтін үмметпіз.
Бірақ біз, бір-бірімізді жейтін үмметпіз.

#Бүгінгі_естіген_сөзім


Жалғыздық деген сенің жалғыз қалуың емес. Жалғыздық - сені тыңдайтын адамның болмауы.


Алланың разылығы не нәрседе ? - десең.
- Сенің жүрегің тыныштық тапқан нәрседе.


Себебі жүректер Раббысын еске алумен тынышталады.

Рад сүресі 28 аят.


Пайғамбарымыз: “Менен бір аят болсада жеткізіңдер”.


Сағд ибн Муаьз (р.д) дүниеден өткенде Рахманның аршысы сілкінді.

📚Әш-Шамаил әл-Мухаммадия

[Бұл ансарлық сахаба отыз жасында исламға кеш келді. Отыз алты жасында дүние салды. Исламды кеш қабылдаса да, Алла оның алты жыл ғұмырына береке берген.]


Жаннаттық адамнық тозақи адамға қойған сауалы!

مَا سَلَكَكُمْ فِي سَقَرَ

(Содан олар тозақылардан): «Сендерді осынау жаһаннамға не айдап әкелді?» – (деп сұрайды).


قَالُوا لَمْ نَكُ مِنَ الْمُصَلِّينَ

Сонда әлгілер: «Біз намаз оқитындардың қатарында емес едік».


Сенімге негізделе жазылған кітаптарды оқып, сөйлеп жүрген тіліңде түсінгенің мен, оларды қазақилыққа келтіре отырып әдеби мағынамен сөйлету әсте қиын болады. Енді сөйлете бергеніңде Жаратушыны лайықты мағынамен сипаттадым ба?! - деген ой басым тұрады екен.

#Ой_үстінде_келген_ой


Дұғада пайғамбарымыз:
اللهم بارك لأمتي في بكورها

Аллаһым, менің үмметімнің берекесін олар ерте тұрып, ісіне ерте кіріскенде бер,- деді.

[Әр атқан таңды мақсатыма апаратын мүмкіндіктер таңы деп қабылдау керек, біз оны солай қабылдасақ, шынында солай болады].


Еліміздегі белең алған алай-дүлейдің болатынын, Раббыңнан басқа ешкім білмейді. Өйткені Құранда:

Жер бетінде орын алатын (қуаңшылық, зілзала, топан су сынды) қандай апат болмасын, яки бастарыңа келетін (ауру-сырқау, ашаршылық, жақындарыңнан немесе дүние-мүліктеріңнен айырылу сынды) қандай ауыртпалық болмасын, бәрі де Біз оларды жаратпай тұрып-ақ кітапқа (лаухул-махфузға, тағдыр тақтасына) жазылып қойылған. Шүбәсіз, бұл Алла үшін оп-оңай.

Хадид сүресі 22 аят


Пенденің амалдарын да Алла тағаладан ешқандай мәжбүрлік жоқ. Өйткені Құдай тағала пендеге таңдау еркін беріп қойды. Алайда, Құдай тағала құлдарды жаратпастан олардың әрқайсысының қалауларын білді. Хақ тағала құлдары жайлы не нәрсе білген болса соны қалау сипатымен қалап, оларды жаратпастан таңдауларын (лауху-махфузда) тағдырына (сипаттап) жазып қойған.

📚 Таһзиб шарх әл-Ақида


Алхамду лилла сөзі Хақ тағалаға мадақ мақтау айту. Бұл хамд сөзін көп кісілер шүкір сөзімен шатастырады. Асылында екеуі екі бөлек нәрсе.

Аллаға мадақ айту сенде бар нәрседен туындайды. Мысалы, сен оқу орнына қоғамдық көлікпен барасың, бірақ сенің парталасың өзінің жеке көлігімен барады. Сенің өзіңде жеке көлігің болмастан, өзіңнің қоғамдық көлікпен жүргеніңе шүкір ету, бұл Раббыңа мадақ болып табылады.

Шүкіршілік, сенің көңіліңе бір нәрсе ықпал еткен кезде разылық арқылы шығатын шүкіршілік. Мысалы, саған сырттан сыйлық келген кезде, сол сәтте сіздің разы болуыңыз (қуануыңыз) бұл шүкіршілік болып есептелді.

📚Мафатиху әр-Ризқ


12 сәуір күні ғылым қызметкерлері күні

Құрметті оқырмандар сіздерді ғылым күнімен құттықтаймын.
Ғылым жолында, ғылымды асқақтату жолында, Раббысы үшін тер төгіп, күш салып жүрген ұстаздарымыздың ғұмырына береке тіледім. Бұл дүниеде және ақыретте де жоғарғы мәртебеге ие болуын тілеймін!

20 last posts shown.

19

subscribers
Channel statistics