janjaqtybol


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


🎯өзіңді жан-жақты жетілдір
🏆жаттанды пікірлерді қайталама

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


https://www.instagram.com/p/CLkIMrWng-0/?igshid=8vk82zv94qir
Кім блогына оралды? Мен блогыма оралдым🐣


Арқаңызды тік ұстаңыз деймін😈


оның уақыт өте келе жазушыға айналғанын көріп, сіздің де оқуға/шығармашылыққа құштарлығыңыз бірден артады.

Антон Чехов, Әңгімелері

Чеховтың ұлылығы неде? Меніңше, оның күлдіргі мен трагедияны қатар жазғанында, нәзіктік пен гротескті араластырғанында, өмірдегі кез келген іш пыстыра алатын сәтті шебер өнертапқыштығымен әңгімелегенінде.


Антон Чехов Әңгімелері.pdf
2.8Mb
Маркес_Габриель_Гарсия_Жүз_жылдық_жалғыздық.pdf
4.2Mb
Джек Лондон Мартин Иден.epub
422.1Kb
Альбер Камю Оба.epub
236.9Kb
Джером_Сэллинджер_Жар_жағалаған_жалғыз.epub
132.1Kb
#қазақшаоқы әлем әдебиеті / сүйікті 5 кітабым(1)

Альбер Камю, Оба
Бұл романында Камю адамның өліммен қақтығысы және онымен бірге тіршілік етуі туралыайқын жеткізген. Жазушы адам табиғатын, адам баласының ақылға қонымсыз осалдығын мол баяндаған.

Габриэль Гарсиа Маркес, Жүз жылдық жалғыздық
Қазіргі таңда сыншылар мен оқырмандар бұл романды сиқырлы реализм жанрының ең елеулі туындысы деп бағалайды. Кітап жалғыздық пен уақыттың жай өтуі туралы ғана емес, оның көп бөлігі соғыстың зұлымдығын да сипаттауға негізделген.

Джэром Сэлинджер, Жар жағалаған жалғыз
Шабыттандыратын, үміт сыйлайтын, өзімізге адал болуымыз керектігін еске салатын кітап. Жасөспірім кезіңізде бұл романды оқымаған болсаңыз, әлі де кеш емес. Оқып жатып өзіңіздің бүлік шығармай тұра алмайтын кездеріңіз есіңізге түседі.

Джек Лондон, Мартин Иден
Бұл еңбегінде Лондон пролетариат пен буржуазия арасындағы мәңгілік күресті суреттейді және индивидуализм мен социализмге қатысты пікірін білдіреді. Басты кейіпкердің білімге деген құштарлығын,


Түркі халықтарының, Орталық Азияның музыка өнері | Инстументалды музыка жинағы

әрі таныс, әрі бөгде=әсерлі. әуендерді жұмыс істеп/сабақ оқып жатқанда тыңдауға болады. сіздерге де ұнайды деген үміттемін :)

1. Тәжік дәстүрлі музыкасы (41:55)
https://www.youtube.com/watch?v=twDNZ7crTYg

2. Түрікмен дәстүрлі музыкасы (1:10:35)
https://www.youtube.com/watch?v=UViIcACRxpM&list=PLd6h18WERVo9cMHE0WuxROPjUzlwHhwob&index=29

3. Өзбек дәстүрлі музыкасы (32:47)
https://www.youtube.com/watch?v=lS2pF5nLTSY

4. Қырғыз дәстүрлі музыкасы (плейлист)
https://www.youtube.com/playlist?list=PL899084F942AB3429

5. Сібір Алтай тауларының әуездері (18:12)
https://www.youtube.com/watch?v=07aGc2HgeQw

6. Алтай дәстүрлі музыкасы (1:07:57)
https://www.youtube.com/watch?v=-ZoN5c2CyjQ&list=PLd6h18WERVo9A3tYyNu7OQExxOyFXAAI_&index=4

7. Түркі халықтарының музыкасы (1:00:16)
https://www.youtube.com/watch?v=4ytdy-iLF-Y&list=PLd6h18WERVo9cMHE0WuxROPjUzlwHhwob&index=28

8. Татар дәстүрлі музыкасы (41:37)
https://youtu.be/K_O4BrwHWH4


Қазақша субтитрі бар 10 таңдаулы TED talks

1. 30 күн бойы жаңа нәрсемен айналысыңыз (3:11)

https://www.ted.com/talks/matt_cutts_try_something_new_for_30_days?language=kk#t-9260

Сіз көптен ойлап жүрген бір істі бастауға жүрексініп жүрсіз бе? Мэтт Каттс 30 күн бойы жаңа нәрсе істеп көруге шақырады. Бұл шағын баяндама мақсатқа оңай қол жеткізудің жолын ұсынады.

2. Өз тіліңді өлтірме! (14:00)

https://www.ted.com/talks/suzanne_talhouk_don_t_kill_your_language?language=kk

Сюзана Талхуқ араб тілін күнделікті қолданысқа енгізудің және оны көркем ойды жеткізудің құралы ретінде қолданудың қажеттілігін баяндайды. Ол араб тілінде сөйлейтін елдердегі тілдік болмыстан және оның күрделілігінен қашып жатқандарға тоқталады.

3. Көзімнің тірісінде... (6:04)

https://www.ted.com/talks/candy_chang_before_i_die_i_want_to?language=kk#t-21867

Cуретші әрі TED Fellows бағдарламасының қатысушысы Кэнди Чанг Жаңа Орлеанның бір ауданындағы ескі, иесіз үйді «Өлмей тұрып ...» деген аяқталмаған сөйлем жазылған алып тақтаға айналдырды. Тұрғындардың таңқалдырарлық, әсерлі, күлкілі жауабы жазылған бұл тақта— бір мезетте осы ауданның айнасына айналды (Ал Сіз қалай жауап берер едіңіз?).

4. Оғаш па, әлде жай ғана өзгеше ме? (2:26)

https://www.ted.com/talks/derek_sivers_weird_or_just_different?language=kk#t-1014

Дэрек Сиверс "таяқтың екі ұшы бар" дейтін мәтелдің растығын сізге 2 минут ішінде таңсық, күтпеген жолдармен көрсетеді.

5. Әйелдің ар-намысы – адам құқығының «төресі» (16:27)

https://www.ted.com/talks/jimmy_carter_why_i_believe_the_mistreatment_of_women_is_the_number_one_human_rights_abuse?language=kk

Американың бұрынғы президенті Джимми Картер әйел құқығын аяқ асты ету дамыған әрі дамушы елдерде әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанының үш себебін баяндайды. "Еркектерге бәрібір болуы" осы себептердің бірі деп санайды.

6. Баланың ынтасын ғылымға қалай оята аламын? (9:40)

https://www.ted.com/talks/cesar_harada_how_i_teach_kids_to_love_science/transcript?language=kk#t-10294

Гонкконгтағы Харбор мектебінде Сезар Харада азаматтық ғылым мен қоршаған ортаны қорғаушылардың болашақ ұрпақ өнертабысын оқытуда. Өз сыныбын өндірісті мегажерге, шығармашыл баланың орман, металл, химия, биология, оптика және кейде күшті құрылғылармен мұхиттардағы қауіп-қатердің алдын алатын орынға ауыстырған. Онда жас кезінен ата-анасы үйреткен: "Сен ластай аласың, бірақ ластаған нәрсеңді тазалауың керек" дегенді үйретуде.

7. 100 күн бойы меселіңіз қайтса, не істейсіз? (15:24)

https://www.ted.com/talks/jia_jiang_what_i_learned_from_100_days_of_rejection?language=kk

Джа Джанг оқиғасы бәріміздің қорқынышымыз- қабылданбай қалу оқиғасы туралы. 100 күн бойы бейтаныс адамнан 100 доллар сұрап, меселі қайтып, "тағы бургерге" тіркелу-Джанг өзін үнемі кезігетін қабылданбай қалу қорқынышынан құтылуға дайындайды. Жай ғана сұрау арқылы мүмкіндіктерге жол ашуға болатынын түсінді.

8. Халықаралық жаңалықтар көзқарасымызға қалай әсер етеді? (4:11)

https://www.ted.com/talks/alisa_miller_how_the_news_distorts_our_worldview?language=kk

Public Radio International басшысы Алиса Милер не себепті қазір әлем жаңалығын көбірек білгіміз келетінін түсіндіреді. Себебі Америка медиасы көп нәрсені жасырып отыр. Өз сөзін статистикалық деректермен және графикамен дәлелдейді.

9. Мақсатыңды құпия ұста! (3:00)

https://www.ted.com/talks/derek_sivers_keep_your_goals_to_yourself?language=kk

Ойымызға керемет жоспар келсе, біреумен бөлісуге асығамыз. Дэрек Сиверс мақсатыңды құпия ұста дейді. Ол 1920 жылдан бері жасап келе жатқан зерттеуі арқылы мақсатты басқамен бөліссе, оған қол жеткізе алмауы мүмкін екенін түсіндіреді.

10. Оқуға қызығушылықты оятудың 3 тәсілі (6:18)

https://www.ted.com/talks/ramsey_musallam_3_rules_to_spark_learning?language=kk

Химия пәнінің мұғалімі Рэмзи Мусаллам өзінің он жыл бойы дұрыс оқытпай келгенін мойындап, шынайы педагог әр нәрсені білуге деген құмарлықты оята білу керектігін өміріне төнген қатерлі жағдайдан кейін түсінеді. Әзіл-шыны аралас әңгімесінде Мусаллам әлемнің жаратылысын тани білуге деген оқушылардың қызығушылығын, қиялдай білуді дамытуды сипаттайды.

6 last posts shown.

28

subscribers
Channel statistics