Банкроттық рәсімдеу бойынша Алматы (29) және Алматы облысы (26) алда тұр. Түркістан (26), Ақтөбе (19), ШҚО (16) бұл көмекті салыстырмалы түрде көбірек алған. Бұл ретте Ұлытау қатысушылары бірде-бір банкроттық жарияламаған, Абай (1), Қостанай (1), Солтүстік Қазақстан (2) облыстарында да банкроттық саусақпен санарлық.
Бизнес-жоспар әзірлеуде Абай облысы қабілетті болып шықты, мұнда 128 адам жаңа іс бастау үшін жоспар жасаған. Одан кейін үздік үштікте Түркістан (112), Алматы (110) облыстары орналасқан. Ал антирекорд – Ұлытау (6), Маңығстау (8), Батыс Қазақстан (8) облыстарында.
Мәселен, түркістандық Ақбота Қыстауова декреттегі жалғызбасты ана және мүгедектігі бар әкесіне қамқорлық жасайды. Жұмысы болмағандықтан, 41 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып отырған. Ақбота – «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы өз өмірін түбегейлі өзгерткендердің бірі.
«Ауылда қаржылық сауат туралы тегін курс өтетінін естіп, бірден жазылдым. Онда табыс көздерін іздеу, бизнес-жоспар жазу, мемлекеттік қолдау түрдері мен депозитте қаражат жинау жолдарын үйрендік. Үйдегі жалғыз асыраушы болғандықтан, пайызы көп кредит алып, бизнес бастау мен үшін өте қауіпті. Осылайша, ешкінің сүті денсаулыққа өте пайдалы екенін оқып, «Кәмшат» ауыл әйелдерінің бизнес бастамаларын қорына құжат тапсырдым. 300 мың теңге грант сомасын жеңіп алып, Альпі ешкілерін, май шайқағыш, сепаратор, тоңазытқыш сатып алдым. Қазір қаржылық жағдайымыз анағұрлым жақсарды. Елімізде кәсіпкерлерді қолдайтын түрлі оқыту бағдарламалары мен гранттар бар. Бұл үлкен мүмкіндік», - дейді А. Қыстауова.
Аталған статистикалық мәліметтерден байқағанымыздай, барлық өтініштер қандай да бір қарызға байланысты мәселелерден басталады. Сондай-ақ, құқықтық көмек көрсетудің ең көп тараған түрі – берешекті қайта құрылымдау мәселелері болды. Онда ай сайынғы төлемді оңтайлы сомаға ауыстырып, жаңа кесте құру, несие шартының талаптарын өзгерту, кредиттік каникул рәсімдеу жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің соңғы деректерінше, экономикалық белсенді халықтың 85%-ында несие бар, өткен жылы бұл көрсеткіш 77% болған еді. Ал студенттердің 80%-ында несие бар. Соңғы үш жылда тұтынушылық несие сегментінде өсім байқалады.