Ақтау әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті
Ақтау әкімдігінде қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы семинар өтті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Семинарға Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Нұржаубай, қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Мұқатай, «Айрық» қоғамдық қорының директоры Ағлен Таласбаева, «Маңғыстау облысы жергілікті бастамалар орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова, қала әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Жиында спикерлер ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын түсіндірді.
Сондай-ақ, спикерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін семинарларда айтылатын жаңа термин туралы айтты.
-«Integrity check» - адалдықты тексеру. Бұл терминді естіген кезде адалдықты тексеруге бола ма деген сұрақ туындайды. Адалдықты тексеру бұл уәкілетті органның құзыретімен жүзеге асырылады. Яғни, адалдықты сіздердің жасайтын іс-әрекеттеріңіз, әріптес арасынлағы қарым-қатынасыңыз жатады. Мысалға алатын болсақ, сіздің есепшотыңызға сізге ешқандай қатысы жоқ тұлғадан қаражат түссе, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, бірінші басшыңызға хабарлап акт жасақтауыңыз қажет. Банкке барып ақшаны иесіне қайтару жөнінде арыз жазу қажет. Осы арызға сәйкес қаражатты қайтарғаныңыз туралы түбіртекті актке тіркейсіз. «Integrity check» - мемлекеттік қызметшілердің жұмыста да, отбасында да қызметіне деген адалдық танытуын көздейді, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Мұқатай.
Шара барысында қатысушылар спикерлерге сауалдарын қойып, нақты жауап алды.