Astana_sud_kz ⚖️


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Похожие каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


📌 В Специализированном межрайонном суде по уголовным делам города Астаны рассмотрено уголовное дело в отношении Мырзахметова А. по обвинению в совершении мошенничества в особо крупном размере (ст.190 ч.4 п.2) УК).

🔷 В суде установлено:

Мырзахметов А. с мая по октябрь 2022 года, путем обмана и злоупотребления доверием, введя в заблуждение Б., тем, что имеет возможность за денежное вознаграждение разрешить вопрос освобождения брата Б. из-под стражи и прекращения досудебного производства в отношении последнего через высокопоставленных должностных лиц государственных и правоохранительных органов, мошенническим путем похитил денежные средства Б., в особо крупном размере в сумме 13,9 млрд. тенге, путем оформления формальных договоров займа.

🔷 Позиция сторон:

Прокурор поддержал обвинение.

Подсудимый Мырзахметов А. признал вину, просил назначить справедливое наказание. Защитники просили суд прекратить производство по делу.

🔷 Приговор суда:

Санкция ст.190 ч.4 п.2 УК предусматривает основное наказание в виде лишения свободы на срок от 5 до 10 лет.

🔷 Обстоятельствами смягчающим ответственность и наказание суд признал признание вины, чистосердечное раскаяние, способствование расследованию совершенного преступления и розыску имущества, добытого в результате совершения преступления, наличие несовершеннолетнего ребенка.

Отягчающих уголовную ответственность и наказание обстоятельств, судом не установлено.

🔷 Вина Мырзахметова А. доказана признательными показаниями подсудимого, показаниями свидетелей, договорами займа и другими материалами уголовного дела.

🔷 Приговором суда Мырзахметов А. признан виновным в совершении мошенничества в особо крупном размере и осужден к 5 годам лишения свободы, с лишением права занимать должности в органах местного самоуправления и субъектах квазигосударственного сектора на срок 10 лет, с конфискацией в доход государства денежных средств, добытых преступным путем в сумме 5,8 млрд. тенге.

🔷 На основании ст.49 ч.2 УК суд постановил внести представление Президенту РК о лишении Мырзахметова А. государственных наград: ордена «Құрмет» и ордена «Барыс» 3 степени.

Арест, наложенный на имущество Мырзахметова А. сохранен.

🔷 Приговор суда не вступил в законную силу.

Специализированный межрайонный суд по уголовным делам г.Астаны

https://t.me/astanasottary




📌 Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін А.Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы).

🔷 Сотта анықталғаны:

А.Мырзахметов 2022 жылғы мамыр айынан қазанға дейін Б.-ға ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасы Б.-ны қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айта отырып, жаңылыстырып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы, алаяқтық жасау жолымен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отрып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд. теңге сомасында ақшалай қаражатын жымқырған.

🔷 Тараптардың ұстанымы:

Прокурор айыптауды қолдады.

Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды, қорғаушылар іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

🔷 Сот үкімі:

ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағының санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны көздейді.

🔷 Сот сотталушының кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, өзі жасаған қылмысты тергеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге жәрдемдесуін, кәмелетке толмаған баласының болуын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

🔷 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

🔷 А.Мырзахметовтің кінәсі сотталушының өз кінәсін мойындауымен, куәлардың айғақтарымен, қарыз шарттарымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

🔷 Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

🔷 Сот ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігі негізінде ҚР Президентіне А.Мырзахметовті «Құрмет» және 3-дәрежелі «Барыс» ордені мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

А.Мырзахметовтің мүлкіне салынған тыйым сақталды.

🔷 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты


https://t.me/astanasottary
href='' rel='nofollow'>




Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

🔴 БҮГІН, 2024 жылы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады.

🔴 Сот отырысынан кейін аталған сот процесінің аяқталуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.
 
🔴 Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/J0PwuufP1U4?feature=share

📌 Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

***
ПРЕСС-АНОНС

🔴 СЕГОДНЯ, 13 мая 2024 года
в 17:00 часов в Специализированном межрайонном суде по уголовным делам г. Астаны состоится оглашение приговора по уголовному делу в отношении Бишимбаева и Байжанова.

🔴 После завершения судебного заседания состоится пресс-конференция, посвященная завершению данного судебного процесса.
 
🔴 Онлайн-трансляцию судебного заседания Вы можете посмотреть на YouTube-канале Верховного Суда по данной ссылке: https://youtube.com/live/J0PwuufP1U4?feature=share

📌 Подписывайтесь на Telegram-канал Верховного Суда https://t.me/Jogargy_sot и следите за сообщениями на официальных аккаунтах ВС в социальных сетях.


📌 Специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям г.Астаны рассмотрено дело в отношении К. по факту совершения мелкого хулиганства (ч.1 ст.434 КоАП).

🔷 По обстоятельствам дела следует, что К., передвигаясь на такси, выражался нецензурной бранью, унижая честь и достоинства водителя такси.

🔷 Своими действиями К. проявил неуважение к обществу и нарушил общественный порядок.

🔷 В ходе судебного заседания К. не оспаривал совершение правонарушения, признал вину и раскаялся в содеянном.
Потерпевший С. с помощью сурдопереводчика пояснил, что К. требовал шнур от зарядки телефона, затем начал оскорблять его и выражаться нецензурными словами. В силу состояния своего здоровья не мог объяснить пассажиру о его неприличном поведении, лишь остановил машину.

🔷 Обстоятельства совершенного правонарушения, помимо признательных пояснений К., подтверждаются видеозаписью с места происшествия.

🔷 Санкция ст.434 ч.1 КоАП предусматривает штраф в размере 20 МРП либо административный арест на срок от 5 до 15 суток.

🔷 Постановлением суда К. признан виновным в совершении административного правонарушения по ч.1 ст.434 КоАП и подвергнут административному аресту сроком на 15 суток.

🔷 Судом мера взыскания в виде 15 суток ареста назначена с учетом степени и характера совершенного деяния, личности виновного, ранее неоднократно привлекавшегося к ответственности за однородные правонарушения, посягающие на общественный порядок и нравственность

🔷 Постановление не вступило в законную силу.

https://t.me/astanasottary




📌 Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша К.-ке қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

🔷 Істің мән-жайы бойынша, К. таксиде келе жатып, такси жүргізушісінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, балағат сөздер айтқан.

🔷 Өз іс-әрекетімен К. қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды.
Сот отырысы барысында К. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

🔷 Жәбірленуші С. сурдоаудармашының көмегімен К. телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан.

🔷 Орын алған құқық бұзушылық К.-ның мойындау түсініктемелерінен басқа, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталды.

🔷 Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауаптылықты көздейді.

🔷 Сот қаулысымен К. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

🔷 Сот 15 тәулік қамауға алу түріндегі жазалау шарасын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын, бұрын осыған ұқсас қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғанын ескере отырып тағайындады.

🔷 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/astanasottary




📌 Специализированный межрайонный административный суд г.Астаны посетили с выездной лекцией магистранты Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан.

🔷 Открывая мероприятие, председатель суда Руслан Мажитов отметил, что административная юстиция показывает свою эффективность, количество поступающих исков увеличивается, доля удовлетворенных исков по республике по итогам 2023 года составила - 62%.

🔷 Цель мероприятия – обсуждение вопросов, возникающих в правоприменительной практике, обмен мнениями и выработка соответствующих предложений и рекомендаций.

🔷 Магистрантов интересовали вопросы о составе, структуре суда, нагрузке судей и деятельности судебной системы в целом. Посетили фронт-офис, залы судебных заседаний, ознакомились с работой информационной системы судебных органов «Төрелік».

🔷 После для магистрантов на базе суда состоялась лекция судьи Айбека Амангелдина и директора Департамента Министерства юстиции Назкен Жамаладин на тему: «Практика применения Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан».

https://t.me/astanasottary




📌 Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистранттарының көшпелі дәрісі өтті.

🔷 Әкімшілік сот төрағасы Руслан Мәжитов іс-шараны аша отырып, әкімшілік әділет өз тиімділігін көрсетіп отырғанын, келіп түскен талап-арыздардың саны артып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, 2023 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі 62% құрағанын атап өтті.

🔷 Іс-шараның мақсаты – құқық қолдану практикасында туындайтын мәселелерді талқылау, пікір алмасу және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

🔷 Магистранттарды соттың құрамы, құрылымы, судьялардың жүктемесі және жалпы сот жүйесінің қызметі туралы сұрақтар қызықтырды. Олар фронт-офиске, сот отырысы залдарына барып, «Төрелік» сот органдарының ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты.

🔷 Кейін судья Айбек Амангелдин мен Әділет министрлігі департаментінің директоры Назкен Жамаладин «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану практикасы» тақырыбында магистранттарға арналған дәріс өткізді.

https://t.me/astanasottary




📌Специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям г.Астаны рассмотрено дело в отношении Б. по факту совершения мелкого хулиганства (ч.1 ст.434 КоАП).

🔷 По обстоятельствам дела следует, что Б., находясь в общественном месте, выражая явное неуважение к окружающим, выражался нецензурной бранью в адрес Х.
Своими действиями Б. проявил неуважение к обществу и нарушил общественный порядок.

🔷 Из пояснений правонарушителя Б. следует, что осознал противоправность своих действий, раскаивается, впредь не повторится.

🔷 Санкция ст.434 ч.1 КоАП предусматривает штраф в размере 20 МРП либо административный арест на срок от 5 до 15 суток.

🔷 Постановлением суда Б. признан виновным в совершении административного правонарушения по ч.1 ст.434 КоАП и подвергнут административному аресту сроком на 5 суток.

🔷 Судом мера взыскания в виде 5 суток ареста назначена с учетом степени и характера содеянного, и в целях соблюдения требований законодательства и уважения правопорядка, а также предупреждения совершения новых правонарушений.

🔷 Постановление не вступило в законную силу.

https://t.me/astanasottary




📌Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Б.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

🔷 Істің мән-жайы бойынша Б. қоғамдық орында болған кезінде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, Х.-ға қарсы балағат сөздер айтқан.
Өз іс-әрекеттерімен Б. қоғамдық тәртіпті бұзып, құрметсіздік көрсетті.

🔷 Құқық бұзушы өз түсіндірмесінде іс-әрекетінің заңсыздығын түсінгені, өкінетіні және бұдан былай қайталанбайтындығын жеткізді.

🔷Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауаптылықты көздейді.

🔷 Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

🔷 Сот 5 тәулік қамауға алу түріндегі жазалау шарасын қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, заңнама талаптарын сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тағайындады.

🔷 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/astanasottary




Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті оқырмандар!

9 мамыр - жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн.

Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы - бейбіт күннің арқасы.

Осынау ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

➖➖➖➖➖

Поздравление Департамента Судебной администрации по городу Астане с 9 мая - Днём Великой Победы

Уважаемые читатели!

День Победы - символ доблести, чести и мужества.

В этот день мы с особым уважением вспоминаем героев, которые отдали свою жизнь ради защиты нашей Родины, ради счастливой и мирной жизни следующих поколений.

В преддверии этого великого праздника от всей души поздравляем Вас с Днём Победы!




Астана қалалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұловтың 9 мамыр - Ұлы Жіңіс күнімен құттықтауы

Құрметті оқырмандар!

Ұлы Жеңіс күні - баршамыз үшін айрықша қымбат әрі қасиетті мереке.

Бұл - Жеңіс үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

Айтулы күні отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бейбіт ғұмыр тілеймін!

➖➖➖➖➖

Поздравление председателя суда города Астаны Акана Жумагулова с 9 Мая - Днем Великой Победы

Уважаемые читатели!

День Великой Победы - это особый и значимый праздник для нас.

В этот день мы отдаем дань памяти и уважения героям, благодаря победе которых мы живем под мирным небом.

От всей души желаю вам крепкого здоровья, мира и семейного счастья!

Показано 20 последних публикаций.

496

подписчиков
Статистика канала