Zhumadilda Eldos


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Похожие каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Арасында күнә істеуге ұялатындай ортаны таңда,
Ғибадат істеуге ұялатындай ортадан қаш!


Мұсылманның үміті ешқашан үзілмейді.


“Шектеулер сенің миыңда ғана”, деп айтатын кісілер де бар.
Бірақ бұл сөз, арман мен алға қойған мақсаттың жоғары болуына қатысты.

Жоғарыда айтылған шектеулермен шатастырмаймыз🙂


Шектеуі бар адамбыз.
Денсаулығың мықты болсын десең, тамақты артық жеуден, зиянды нәрселерден аулақ болып, ерте жатып, ерте тұру, өміріңді Спортпен бірге үйлестіре білу керек.
Ал енді осының барлығынан бас тартсаң, денсаулығың бұзылып, мүмкіндіктерің шектеле бастайды.
Қарап отырсақ, Екі жақтанда шектеу бар. Демек өмірдегі шектеулерді сақтасаң, Баланс ұстаған жандардың бірі боласың. Шектеулер сені қыспаққа алу үшін емес, өзіңнің пайдаң үшін.

Бірақ Шариғаттың шектеулерін айтсаң, қабылдамай, жақтыртпай тұратын адам көп. Негізі Шариғат та сенің өміріңе баланс сыйлайды. Және де сен қаласаң да, қаламасаң да, Шектеулерді сақтауға мәжбүр боласың……

Түйін:
Өміріңе баланс беретін шектеулерді сақтап, одан пайда көріп, сауап алған жақсы ма ?
Әлде бәрі-бір мәжбүр болатыныңды біле тұра, сауапсыз шыққан жақсы ма ?…..

“Бөлек-бөлек (көп Құдайдың) болғаны жақсы ма ? Әлде әр-нәрсеге үстемдік ететін Жалғыз Құдай жақсы ма ?” (Юсуф - 39).


Тайм-код.
Қозғалған тақырыптар.


Жаңа Подкаст✊




Біреу намаз бастайды,
Біреу тастайды.
Біреу Орамал киеді,
Басқасы оны шешеді.

Исламның сұлулығы мен иманның ляззатын сезбеген адамға не дей аламыз?

Алланың беріп жатқан сансыз нығметіне рақмет айтудың орнына, теріс әрекет істегендерге не дей аламыз?

Инста мен Тикток дүркіреп тұрған заманда, біреудің жалтыраған өміріне қызыққанға қандай сөз айту керек ?

Раббым не айтады деп емес, адамдар не дейді деп өмір сүретіндерді қалай тоқтатамыз?

Біздің жұмысымыз тек ескерту! Қалғаны әркімнің өз санасында…..



Бізге қарай ұмтылғандарды ғана, тура жолымызға бастаймыз

(Анкабут сүресі 69 аят)


Ең көп Хадис жеткізген сахабалар:
1. Абу Һурайра (5374)
2. Абдулла бин Умар (2630)
3.Анас бин Малик (2286)
4. Айша Анамыз (2210)
5. Абдулла бин Аббас (1660)
6. Джабир бин Абдуллаһ (1540)
7. Абу Сағид Аль-Худри (1170)

Имам Суюты айтты: Әбу Бакр ең бірінші Ислам қабылдап, Алланың елшісімен көп жүрсе дағы, көп хадис жеткізбеді. Себебі Абу Бакр Хадис таратылып, айтылып, естіліп, жиналып, жатталу үрдістері басталмай жатып қайтыс болды.

Тадрибу Роуи


Біз Сахабаларды жақсы көреміз. Сол махаббатта олардың арасын бөлмейміз және ешқайсын жек көріпте кетпейміз.
Сахабаларды жақтыртпай, олар жайлы дұрым емес сөйлегендерді, бізде жақтырмаймыз. Біз олар жайлы тек жақсылық айтамыз. Оларды жек көру - екіжүзділіктің, күпірлік және адасудың белгісі.
Оларға деген махаббат - ықыластың белгісі, иманның белгісі, сенімділіктің белгісі.

Имам Абу Ждағфар ат-Тохауи.


Заид бин Аслам айтты: Алланың елшісі (Салауат пен сәлем болсын) айтты: “Шынында Алла таға жәннәтқа, кім одан үмітті болғанды кіргізеді, Тозақтан, кім одан қорыққанды алыстатады және Де Алла өз мейріміне бөлейді, кім өзгеге мейрімділік танытса”.

Мусоннаф Ибн Аби Шайба


Салихалы адамның мәртебесі өсе берген сайын,
Оған деген Алланың көмегі де арта түседі.

Хадис


Самура бин Жундуб ( Алла одан разы болсын ) айтты :
“Алланың елшісі ( Салауат пен сәлемдер болсын ) бізге мекендерімізде мешіт салуды және оны таза ұстауды бұйырды”.

Ахмад


Бес уақыт намаз - әр күннің таразысы, жұма - аптаның таразысы, Рамазан жылдың таразысы, Қажылық - өмірдің таразысы.


Үш нәрседе пайда жоқ:
1. Сараңның қолындағы байлықта
2. Қорқақтың қолындағы қылышта
3. Екі жүздінің қолындағы қаламда.

Даналық




Сау бош, дейтіндей сөз екен✊


Репост из: Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев
Ақша табудың мақсаты бәрін сатып алу емес.

Сені оңай сатып ала алмайтындай болу

(Neel Dhingra ойының желісімен)


Егер де сенің өміріңде өткенді ұмыттыратын бір адам пайда болса,
Демек ол сенің болашағың.

💛


Дұғаның тағдырға әсері жоқ дейтіндер:

Тамақтың тоюға, судың шөліңнің қануына, қатынастың баланың пайда болуына әсері жоқ дегенмен бірдей.

Тағдыр, себебпен бірге жазылады!

Себебін жасап, дұға қылуды ұмытпағайсың✊

Показано 20 последних публикаций.