Салауат айтуда рия жоқ дейді.
Шыныменде солай ма???
Осы сөзді дұрыс түсінбей айтқан салауаттарын жариялап үлгілі болғысы келетін бауырлар бар екен! Сондай кісілерге бір бауырлық ескерту. Салауат айтамын деп сауабыңызды жоғалтып алмаңыз!
1. Салауат рияны қабыл етпейді ма? Салауат рия болмайды деген түсінік соңғы уақытта кең таралып кетуінің себебі мына мағынадағы (жалған) хадис
كل عمل ما بين القبول والرد إلا الصلاة علي
"Әр бір амал қабыл болу мен қайтарылудың арасында болады, тек маған айтылған салауат олай емес".
Шындығында бұл хадис ешбір ислам ғұламалардың кітаптарында келмеген. Керісінше бұл хадис пайғамбарымызға телінген жалған хадис делінген.
Негізінде салауат барша амалдар сияқты қабыл болу мен қабыл болмауды қамтиды. Хош.
2. Ал салауат риясыз қабыл болады деген кей ұстаздардың сөзін былай түсіну керек. Салауат айтылғанда ол Пайғамбарымыздың хақысында қабыл болады. Яғни ол кісінің Алла алдындағы абзалдығы үшін. Ал айтқан адамның хақысында қабыл болу , болмауы оның ниетіне байланысты.
Ақылмен дәлел келтірсек. Мысалға бір адам мұқтаж адамға рия ниетімен 10 мың теңге садақа берді. Ал жаңағы мұқтаж адам 10 мың теңгені алған соң өзінің қажетіне жұмсап пайдасына асырды.
Ал садақа берген адамның ол
амалынан пайда(сауап) алуы өзінің ниетіне байланысты болады. Егер рия араласса , әрине рия болады!
Яғни рия ниетімен садақа берген адам мұқтаж адамның садақадан пайда алғандығы себепті риялы ісі үшін сауап алмайды. Керісінше Алланың разылығын қаласа ғана сауап алады.
Әрі мынадай қағидамен қуаттасақ. Адам бір құлшылыққа Алла разылығы үшін деп ниет етсе. Ол адамға сол ниетінің орындалғаны маңызды. Әрі сол ниетінің үстіне қосымша ниет қосуы дұрыс емес.
Мысалға бір адам Алла разылығы үшін салауат айтамын деп мың рет салауат айтты. Және ол өзінің мың салауатымен Алла разылығына кенелу ниетіне жетті. Ал соған қоса тағыда адамдарға жария еткісі келіп әрекет жасаса , онда Алла разылығы деген ниеті 100% дәрежеден 50% дәрежеге түсіп қалуы мүмкін. Себебі ол бір салауатпен Алланың разылығын және адамдардың мақтауын ниет етті. Ал 50 де 50 болған ниет ықылас деп аталмайды. Ықылас дегеніміз ниеті 100% Алла разылығы үшін болуы керек!
(Бұл сөзіммен үлгі ниетімен жасайтын адамды мақсат етпедім).
3. Ал үлгі болу ретінде жариялауға келетін болсақ. Қазіргі таңдағы адамдардың дәрежесі ешқашан сахабалардың не тәбиғиндердің дәрежелеріне жетпейді. Ал салауат сияқты жасырын , жүрек пен тілде болуы керек құлшылықтарды сахабалар ешқашан жария қылуды қаламаған. Керісінше көп құлшылықтарды адамдардан тасада болып жасауды қалаған. Ал қазіргі заманда кімде кім сахабалар істемеген құлшылықты істегісі келсе онда оның ниетіне күмән туады.
Бұл жерде жария жасалатын құлшылықтарды мақсат етпедім, себебі сахабалар жария да садақа берген.
Ал жасырын жасалатын түнгі намаз сияқты құлшылықтарды ешкімнің білуін қаламаған.
Бұл сөздер жәй ғана ескерту ғана , біреудің ниетіне үкім беруден аулақпын. Жәй ғана ниеті түзу болмай жүрген кісілер ескерсе екен деген ниетпен.
Себебі рия өте жасырын нәрсе, кейбір ғұламалардың өздері аман болмаған бұл дерттен қарапайым халықтың аман болуы екі талай...
#ойларым