Түркия республикасының қарулы күштері
I бөлім.
1920 жылдың 3 мамырында іргетасы қаланған Түркия республикасының қарулы күштері бүгінгі таңда Еуропадағы саны мен сапасы жағынан ең алдыңғы қатарлы күштік құрылымдардың бірі. 1952 жылы НАТОға қабылданғанға дейін Кемалистік Түркияның қарулы күштері техникалық тұрғыда артта қалған еді. Суық соғыс кезінде, өзінің стратегиялық маңызды өңірде орналасуы мен ауқымды адами ресурстарының болуы Түркияны НАТОның Таяу Шығыстағы басты плацдармына айналдырды. Осы себепті Құрама Штаттар Түркияны соңғы үлгідегі батыстық қару жарақтармен қамтамасыз ете бастады. Бірақ 1974 жылы Түркияның Грекия мен Кипр билігіне қарсы жүргізген интервенциясы салдарынан, Батыс елдерімен арадағы қарым-қатынас салқындай түсті. Жалпы 80 жылдардан бастап, Түркия жалғыз одақтастарға сенбей өзінің қорғаныс өнеркәсібін жаңғырта бастады. Қару-жарақ импорты саясаты өзгеріп, Түркия билігі қару-жарақ сатушы тарапқа, өнімнің Түркияда лицензиямен өндірілуін, технология трансферін жасауын қатаң талап ете бастады. Осы бастаманың арқасында Американдық F-16 жойғыштарының лицензиялық өндірісі қолға алынды. 1988 жылдан бері бүгінгі күнге дейін Түркияда 150-ден астам F-16 ұшақтары өндірілді. Бұған қоса батыстық көпмақсатты тікұшақтардың да өндірісі қолға алынып, Түркия республикасы Еуропадағы ауқымды авиациялық өндіріс кластеріне ие болды.
Алайда бұл талап көп жағдайда Батыстық компанияларды аса қанағаттандырмады. Сол себепті Түркия үшінші тарап елдеріне жүгініп, бірқатар қорғаныс өндірісі бағытын дербес дамыта бастады. Мысалы 1990 жылдары Құрама Штаттар М270 MLRS жүйелеріне эмбарго қойғандықтан, Түркия билігі Қытаймен серіктесіп WS-1B арт.қондырғыларының Түркиядағы лицензиялық өндірісін ашты. Бүгінде TRG-300 Kasirga деген атпен өндіріліп, Әзірбайжан, Бангладеш секілді елдерге экспортталды. Сонымен қатар Германия билігінің PZH2000 өзіжүргіш арт.қондырғыларын Түркияға сатуға тыйым салынуы салдарынан Түркия жағы Оңтүстік Кореялық К9 артиллериялық қондырғыларын T-155 Firtina атымен өндіруге келісім жасап, 2011 жылға дейін 280 данасын жасап шығарды. Келесі бөлімде Түркия қарулы күштері мен қорғаныс өнеркәсібінің 2000-2010 жылдарындағы дамуы баяндалады.
@AQSNQ