МҰСТАФА ШОҚАЙ МӘСКЕУ БОЛЬШЕВИКТЕРІ ТУРАЛЫ
Мәскеу большевиктері біздің ұлттық рухымызды өшірумен ғана шектелмейді. Ол бәрінен бұрын біздің өзімізге түрікшілдік және кемалшылдықты ең жексұрын, ең залалды нәрсе етіп көрсетуге тырысады.
Большевиктер атамекеніміз Түркістан есімін де өзгертпек болады. Халқымыздың өзінің тарихи аты "түрік" деген атпен аталуына тиым салып, ұлыстар мен руларға бөлшектеп тастауды көздейді.
Большевиктер атамекеніміз Түркістанда ұлтымыздың өзіне тән рухани әлемін суалтып, оның орнына орыс пролетариатының рухын орнатпақ болады.
Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де.
Ұлт азаттығы ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді. Ресейде қоғамдық жүйенің әртүрлі болғанына қарамастан, олардың бәрі айналып келіп түрікшілдікке жау болатын себебі, міне, осыдан. Мәскеу Түркістанымызда түрікшілдікке қарсы күресуде. Ол сол арқылы Түркістан түріктерінің өзінің сүйікті Түркиясына деген сүйіспеншілігі мен махаббатын суытып, ақырында жойып та жіберуді мақсат етеді.
~ Мұстафа Шоқай, "Большевизм – түрікшілдіктің жауы" мақаласынан
#tarih #bölşevizmnıñ_jüzı
@Ergenekon_kz