МҰСТАФА ШОҚАЙ АТАТҮРІКТІҢ ҚАЗАСЫ ТУРАЛЫ:
Журналымыз басылып жатқан кезде қайғылы хабар келіп жетті. Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болыпты.
Түрік нәсілінің тарихында ең басты орындардың бірін иеленетін, ең ұлы тұлғалардың бірі Мұстафа Кемал Ататүрік сынды көсем-колбасшының, ұлы реформатор және мемлекет қайраткерінің 57 жасында дүниеден өтуі қандай ауыр, қандай қасіретті десеңізші!
Ататүріктің қандай дарынды ұйымдастырушы және қандай ұлы қолбасшы болғанын білу үшін дүниежүзілік соғысты, Мондрос дағдарысын және «Сәуір» келісімінен соңғы Түркияны еске түсірген жөн болар еді. Ол кезде Түркия «Әли баба» атымен мәлім болған тозығы жеткен императорлықтың бір бөлшегі ғана болатын. «Ұлттардың өзін-өзі билеуі» дауымен одан Ливан, Сирия, Ирак, Палестина, Хижаз... бөлініп кеткен. Тоз-тозы шыққан түрік жерінде «Ұлы Армения» және «Тәуелсіз Күрдістан» тәрізді мемлекеттер шаңырак көтерген. Түркияда бұл кезде тек Ыстамбұл қаласы ғана қалған болатын. Ол кездегі Ыстамбұл бір елге астана болудан гөрі қоқыс төгетін аулаға көбірек ұксайтын. Туркияға Анадолыдан мемлекеттің негізін қайта калауға, оны нығайтып бекемдеуге жетерліктей ештеңе қалмаған еді. Ол кездегі түрік ұлтының басына түскен қасіретті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Түркия ел ретінде тәуелсіздіктен, түріктер ұлт ретінде еркіндіктен айырылған-ды. Түркия мен түріктерді осындай халден Ататүрік құтқарды.
Түрік халқының Анадолы далаларында қарусыз бастаған және үш жыл бойы тарихта бұрын-соңды болып көрмеген ұлтты құтқару күресі дүниежүзілік соғыстың қасіретті нәтижелерін Туркияға күштеп тақушыларды ақыры еріксіз Лозан шартын (1923. 08. 11) қабылдауға мәжбүр етті. Араб өлкелерін еркіне жібере отырып, Түркия Анадолыдағы өзінің байырғы мекендерін қайтарып алды. Кавказиядан баз кешіп, оның есесіне қа-рыс, Ардаған және Артойындарды қайта иемденді. Бұңаздарды да бауырына қайта басты. Түркия мен түрік халықтарын басынып қорлайтындар жым болды.
Соғыс аяқталды. Бейбіт еңбек пен бейбіт құрылыстың заманы басталды. Кешегі жеңімпаз қолбасшы енді мемлекеттің басына келіп ел басқаруға кірісті. Ғазы Мустафа Кемал Ататүрік болып атанды.
Ататүрік реформалары... Бұл ұлы адамның дарыны мен қабілеті соғыс майдандарындағы шайқастарда көбірек көрінді ме, жоқ әлде аяқасты болған Туркияны осы заманның жас та, салауатты ұлттық мемлекеттер қатарына қосқан реформалары кезінде көбірек көрінді ме? Ол жағын дәл басып айту қиын. Ататүрік басшылық еткен соңғы 10 жылдық реформа барысында Туркияда қол жеткен онды өзгерістерді, бәлкім, дүние жүзінде ешбір ел бастан кешірмеген шығар. Бұл реформалар елдің сыртын ғана емес, ең бастысы ішін, түрік халқының таным-түсінігін, ойлау жүйесін өзгертті.
Ататүрік - дарынды қолбасшы және данышпан реформатор болумен қатар аса білікті дипломат та еді. Балқан одағы шартымен (34.02.09) Түркияны Балқан мемлекеттерінің лидеріне көтерген Ататүрік Сайдабат шарты арқылы (37.07.08) жана ұлттық өмірге қадам басқан Ислам лидері Ирак, Иран және Ауғанстандардың да көшбастаушысы етіп қоя білді.
Қайғылы хабар бойды билеп отырған сәтте жазылған осы бір қысқа мақалада біз Ататүріктің өмірі мен қызметі хақында толық мағлұмат бере алмай отырғанымызды білеміз. Ол туралы журналымыздың келесі сандарында әлі талай жазатын боламыз. Осы жолдарды аяқтай отырып, түрік халқының ұлы перзенті Ататүріктің ғазиз рухы алдында басымызды иеміз. Жатқан жері жайлы, артына қалдырған мұралары мәңгі болсын!
~Мұстафа Шоқай, "Ататүріктің қазасы" мақаласынан
#tarih #Atatürk
@Ergenekon_kz