TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
ҚР СІМ Ресми өкілі

28 Aug, 09:29

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің арнасына қош келдіңіздер!

Бүгін қазақстандық азаматтардың назарын мына мәселеге аударғымыз келеді.

Соңғы уақытта визасыз режим шарттарын сақтамауына байланысты отандастарымыздың Малайзияға кіруіне рұқсат берілмеген жағдайлардың жиілегенітіркелді.

Малайзияға туристік мақсатпен немесе қысқа мерзімді іссапар аясында баратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз режим белгіленген.

Алайда кейбір азаматтар аталған режимнің шарттарын бұзып, бұл елге ұзағырақ мерзімге немесе өзге мақсаттармен, соның ішінде қысқа мерзімді оқу курстарынан өту немесе емделу үшін кіреді.

Болу мерзіміне қатысты шектеуді айналып өту үшін «визаран» (visa run) деп аталатын тәсіл қолданылады – ол 30 күндік мерзімді қайта бастау мақсатында көрші елге қысқа уақытқа шығып, дереу Малайзияға қайта оралу әрекеті.

Мұндай тәсілмен елде болу мерзімін ұзарту Малайзияның көші-қон заңнамасының талаптарынбұзушылық болып табылады және елге қайта кіругекепілдік бермейтінін ескертеміз. Биылғы жылы Малайзия өз шекаралық бақылауын күшейтті. Шетел азаматының елге кіруіне рұқсат беру туралы шешімді Малайзияның иммиграциялық органдары паспорттық бақылаудан өту кезінде тікелей қабылдайды. «Визаран» жасауға әрекеттенген жағдайда азамат ұсталып, әуежайдағы шетелдіктерді уақытша ұстау иммиграциялық орталығына орналастырылып, кейіннен Малайзия аумағынан депортациялануы мүмкін.

ҚР СІМ азаматтарды визасыз болудың белгіленген мерзімдері мен шарттарын қатаң сақтауға, иммиграциялық талаптарды алдын ала нақтылауға және сапар мақсатын ескеруге шақырады.

Иммиграциялық бақылаудан өту кезінде сапардың нақты мақсатын көрсету, сондай-ақ елде заңды түрде болуға рұқсат етілген мерзім шегінде Малайзиядан әрі қарай ұшуға арналған авиабилеттерді алдын ала сатып алуды және сапардың мақсатын, тұратын жерін әрі болжамды мерзімін растайтын құжаттарды міндетті түрде өзіңізбен бірге алып жүру қажет.

Тиісті рұқсаттарды ресімдеуді талап етуі мүмкін тілдік және өзге де білім беру бағдарламаларынан өту үшін балаларымен бірге шетелге шығатын азаматтар бұл ақпаратқа ерекше назар аударуы қажет.

@MFA_Spokesperson1

33 1 1
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot