IQ тесті интеллект көрсеткіші емес ❌
Қоғамда IQ тесті (интеллект коэффициенті) интеллект көрсеткіші деген пікір қалыптасқан. Бірақ, Адам Хәмпширдің 10 мыңнан аса адамды қамтыған зерттеуі көрсеткендей IQ тесттері арқылы өлшеу мүмкін емес. Бұл тест адамның қабілеттерінің бір тұсын ғана көрсетеді.
❗️Интеллект деген жаттанды ақпараттар, формулалар саны емес, адамның таным-білім дағдыларының жиынтығы. Ол:
🔹жаңа жағдайларға бейімделу, үйрену;
🔹мәселелерді стандартты емес жолдармен шешу қабілеті;
🔹абстрактілі концепцияларды түсіну, қолдану;
🔹эмпатия, т.с.с. көп компоненттерден тұрады.
🌀IQ тест - тез санау, есептеу, математикалық сауаттылық, математиканы оқыған автордың ойынан шығуға бағытталған. Ал адам миы, табиғаты есептеуге, тез санауға арналмаған. Математика ешқашан интеллект көрсеткіші бола алмайды. Себебі, интеллект бірнеше логикалық тапсырмалар мен есептер арқылы өлшенетін
қарапайым нәрсе емес. Есептеу белгілі бір математикалық заңдылықтарға(2×2=4) бағынады. Интеллект мәні стандартты емес ойлау, алдыңғы тәжірибеден өзгеше жолдарды табудан тұрады.
Біз стандартты емес дүниені стандартпен өлшей алмаймыз.👥Интеллект мәдениетпен тығыз байланысты. Мысалы, математикке шөлден қоян аула десек, балы жоғары бола тұра аулай алмайды. Ал
"IQ-і төмен" жабайы бушмен аулай алады. Себебі интеллект өмір сүру салтына, мәдениетіне байланысты әртүрлі көрініс табады. Тесттен жоғары балл алып, өмірде жетістікке жетпеген, интеллекттің басты аспекті коммуникация жасай алмайтын, функционалды сауаттылығы жоқ адам болуы мүмкін.
✅Интеллектті анықтау үшін креативтілік, когнитивті қабілеттерді, дағдыларды, тапқырлық т.б. қабілеттерді бақылау қажет.
Зерттеу:
"Fractionating Human Intelligence", Hampshire et.al., (2012)