https://youtu.be/BAfKuaxF_TQТуыстарымызбен бас қоссақ аталарымыздың өмірінен бір оқиғаны еске алмай тарамаймыз. Аллаға шүкір, нағашы және өз аталарым да молда болған кісілер, өнеге алатын тұстары молшылық. Алайда, ертең келешек ұрпағымыз бізді ұялмай еске алады ма? Ғибратты жасаған амалымыз бар ма олардың көзінде? Осы сұрақтар әрбір кісіні мазалауы тиіс. Соңғы елге оралғанымда "Кеңес үкіметі" уақытында Уәли атамның бір жиынға кіріп, қандай да бір молданы сәлдесін домалатып тұрып үйден қуып шыққаны айтылды. Сырт көзге мешіт соққан, бүткіл ауылға ұстаздық еткен кісінің бұл әрекеті ерсі көрінгенімен, ол залым "Кеңес" уақытында қайткен молда еді? Қандай мақсатпен халықтың арасында жүр? Қазақтар "ассалаумағалейкум" деген балаға "молда" ұғымын АВТОРИТЕТ санағаннан "молда бол" деп жауап беретін, бұл нағылған молдасы? Қазақ халқы қайсы уақытта Ислам дінін қабылдады? Осы сияқты сұрақтарға жоғарыдағы бір жарым сағаттық керемет подкасттан жауабын аласыз. Зуылдаған ғұмыр, алайда, аз уақытыңызды керемет құнды дүниелерге арнаңыз!