Сәлем, сәлем✋✋✋
Гранттың 6 түрі🤯
Грант түрлерін түсініп алғың келсе, постты соңына дейін оқы👇🏻
1. Грантты кім береді?🤔
1️⃣Жалпы грант – мемлекет тарапынан, республикалық бюджеттен беріледі.
2️⃣Батыс аймақтарға бөлінген грант - бұл да республикалық бюджеттен берілетін грант. Елдегі ситуацияға байланысты тек биыл енгізілді.
3️⃣Мақсатты грант - мемлекет тарапынан, республикалық бюджеттен белгілі бір аймақтарға беріледі.
4️⃣Әкімдік грант - әр облыстың өздері бөлетін және өздері тағайындайтын грант.
5️⃣Ректор гранты (ішкі грант) – бұл университетттің өзінің жеке гранты.
6️⃣"Серпін"(бағдарлама) – бұл да республикалық бюджеттен берілетін аймаққа бекітілген грант.
2. Жыл сайын тұрақты бөліне ме?🤔
1️⃣Жалпы грант - жыл сайын жалпыға бірдей тұрақты бөлінеді.
2️⃣Батыс аймақтарға бөлінген грант - елдегі төтенше жағдай ескеріліп, тек биыл бөлінді.
3️⃣Мақсатты грант - енгізілгеніне көп болмады. Бірақ жыл сайын бөлініп келе жатыр.
4️⃣Әкімдік грант - жыл сайын тұрақты бөлінбейді. Облысқа қандай мамандар керек болғанына қарай бөледі. Барлық облыс бөлмеуі мүмкін.
5️⃣Ректор гранты - кейбір университеттер бөледі, кейбіреулері бөлмейді. Тұрақты емес.
6️⃣"Серпін" - жыл сайын бөлінеді.
3. Қай грантта 3 жыл жұмыс жасау шарты бар?🤔
Барлық республикалық бюджеттен бөлінетін мемлекеттік грант иегерлеріне 3 жыл жұмыс жасау шарты бар. Тек қана ректор грантында мұндай шарт жоқ.
4. Грантты сақтай отырып, бір ЖОО-нан екіншісіне ауысуға бола ма?🤔
Егер жалпы грантта оқысаң, 1-ші семестрдан кейін немесе кейінірек грантты сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауысуға болады. Тек ұлттық емес университеттен ұлттық университетке ауыса алмайсың.
🏛Ректор грантында оқитындар басқа университетке ауысса гранттан айрылады, себебі ол грант - университеттің жеке гранты. Сонымен қатар, мақсатты грант пен “Серпін” бойынша да ауысу мүмкіндігі жоқ.
5. Нашар баға алсақ, гранттан айрыламыз ба?🤔
💰GPA(баға) 2.33-тен төмен болып қалған жағдайда, келесі емтихан тапсырғанға дейін стипендия берілмейді. Бағаңды дұрыстасаң, стиендияны қайтарып аласың.
🏛Ал ректор грантында университеттің ішкі шарттары болады. Студенттің жақсы оқуын талап етеді. Көбінесе жылдық GPA ең кемі 3.0 болуын сұрайды. (Нақтырақ университет өкілдерінен анықта)
Мемлекеттік гранттардан айрылып қалмау оңайырақ. GPA ең кемі 2.0 болу керек.
6. Қандай грант бойынша стипендия беріледі?🤔
🏛Тек қана ректор гранттарында шәкіртақы қарастырылмаған.