ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАС


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Похожие каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


📌 Мұсылман әйелдерге сүйінші

Мұсылман әйелдің Рамазандағы бағдарламасы

Сұрақ:
Рамазанда Раббысына ғибадат ету мен жанұясына қызмет жасауды біріктіру үшін мұсылман әйелдің бағдарламасы қандай болмақ?

Жауап:
Рамазанда мұсылман әйелдің бағдарламасы – дәлме-дәл мұсылман ердің бағдарламасы секілді. Алайда, мұсылман әйел ер кісіге қарағанда бір ғибадатқа басым түседі, артық орындайды. Ол дегеніміз – егер әйел адам күйеуіне және отбасы мүшелеріне қызмет қылып жатқан кезінде, олар еш алаңдамастан Аллаһқа құлшылық ететіндей тамақ әзірлеп, сол қызметінің сауабын Аллаһтан үміт ететін болса, сөзсіз, оған сол үшін сауаптар жазылып, жасаған жақсылықтары артатын болады. Сондықтан, мұсылман әйел тамақ әзірлеп жатқан кезінде тілін Аллаһты зікір етумен шұғылдандыруы керек. Мәселен, егер тамақ әзірлеп жатқанда: "Субханаллаһ (Аллаһ кемшілік атаулыдан Пәк)" - деп, Аллаһты дәріптесе, әрі "Лә иләһә иллә Аллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ)" деп, Аллаһты ұлықтаса, әрі әрдайым Оны зікір етсе, онда, сөзсіз, осы істе ол үшін ұлы сауаптар бар. Егер осылай істейтін болса, тамақ даярлау да, (басқа шаруалар да) Рамазанның күндізінде оны Аллаһты зікір етуден тоса алмайды. Сондықтан да, сауабын Аллаһтан үміт ете отыра күйеуіне, жанұясына қызмет қылатын, сонымен қатар Аллаһты еске алудан ғапыл қалмайтын, және шама-шарқы жеткенше ғибадаттарды орындайтын әйелді ұлы бақытқа, мол сауапқа қол жеткізумен қуандырамыз.
✨ Медина шаһарының фақиһы, құрметті ғалым – шейх Сулейман Рухейли (Аллаһ оны есендікте сақтасын) былай жауап береді


Репост из: РАМАЗАН-ОРАЗА
🌙✨Рамазанның басталуы мен аяқталуы мәселесіндегі біздің сеніміміз
1) Егер халық айға қарап оразасын бастаса, ОНДА БҰЛ – НЕГІЗ, әрі халық айды көріп Рамазанды бастағандықтан, біз де халықпен бірге Рамазанды бастаймыз, және Рамазанын Сүннетке сәйкес бастайтын адамдардың арасында өмір сүріп жатқанымызға, әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Оразаларыңды айды көріп бастаңдар" (Бухари);
"Қауымдарыңмен бірге ораза бастаңдар" (Абу Дауд), - деген хадистеріне амал етіп жатқандарымызға қуанамыз.
2) Егер біздің еліміздің көпшілік мұсылмандары Сауд Арабиясы елінің айды көргендігіне ілесіп, солармен бірге Рамазан оразасын бастап жатса, онда халық солармен бірге Рамазанды бастағандықтан, біз де Сауд Арабиясымен бірге Рамазанды бастаймыз.
3) Егер халық муфтияттың немесе үкіметтің астрономиялық есептерге негізделген ұйғарымына сәйкес Рамазанды бастап жатса, онда біз сонда да халықпен бірге Рамазанды бастаймыз, бірақ бұл муфтияттың немесе үкіметтің ұйғарымы болғандықтан емес, халықтың басым бөлігі (солардың нұсқауымен болса да) оразасын бастағандығынан.
Әрі бұл НЕГІЗ емес, фитнаға жол бермеу үшін және осыған көптеген шариғи мәтіндер нұсқайтын негізден тыс шығарылған ерекшелік болып табылады.
4) Бұндай жағдайда біз халықпен бірге Рамазанды бастаймыз әрі халықпен бірге оны аяқтаймыз, ал Сүннетке қайшы келу күнәсын муфтият немесе үкімет, немесе сол сияқты органдардың өздері көтереді. Бұл туралы ғалымдар айтатындай.
Әрі біз:
1) Рамазан айының басталуы мен аяқталуын астрономиялық есептерге негізделіп анықтау, әрі осыған сәйкес ораза ұстау шариғатта негізі жоқ және тыйым салынған нәрсе деп сенеміз.
2) Әрі, ең бастысы, біз бұл және басқа да ғибадат амалдарының Сүннет бойынша қалай болуы керектігін үнемі түсіндіруге тырысамыз.
3) Осы рамазан оразасын халықпен бірге бастап, халықпен бірге аяқтау керек деген ұстаным Рамазанның басталуы мен аяқталуына, және айт намазы сияқты жамағаттық сипаттағы ғибадаттарға қатысты айтылған, бірақ күнделікті ауыз ашар және сухур уақыттарына емес, өйткені олар күннің шыққаны мен батуына негізделеді, және хадистегі қаумдарыңмен бірге оразалыңды бастаңдар деген бұйрық жалпы Рамазан оразасын меңзеп тұр.
Сондықтан да біз күндердің бір күнінде, ин ша Аллаһ, ТМД елдеріндегі Сүннетті таратушылардың ыждағаттылығының себебімен біздің барлық халықтарымыз муфтияттарымен және үкіметтерімен бірге айға қарап оразаны бастап, айға қарап оны аяқтайтын болады деп сенеміз.
Әрі біздің дағуатымыздың осы сатысында ТМД аймағындағы Исламды ұстанатын халықтың басым бөлігі діни басқармалардың пікіріне құлақ салатынын ескереміз. Әрі біздің Сүннетке шақыруымызды жеңілдету үшін, осындай жағдаяттар Сүннетте қарастырылған. Бұған мысал ретінде Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сенің халқың Исламға дейінгі надандықтан енді ғана шыққан болмағанда, мен Қағбаны бұзып, оны өзінің (бұрынғы кейпінде) қайтатұрғызар едім....», - деген сөздері, және басқа да хадистер мен асарлар жетіп асады.
04.05.2019


РАМАЗАН-ОРАЗА
Ислам дінінің бес ұстынының бірі болған ораза ғибадатының Сүннетке негізделген түсіндірмесі. Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайтының редакциясы
https://t.me/oraza


👆Біле тұра: "Ол менің балам емес...", - деп өз балаларынан бас тартып кететіндерге қатаң ескерту! Аллаһ бізді әрі барша мұсылмандарды мұндайдан сақтасын!


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
1680 - Ибн Умар Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін баяндаған: «Кімде-кім өз баласын осы дүниеде масқара ету үшін, одан бас тартса, Аллаһ соны Қиямет күні барлық адамдардың алдында масқаралайды. Жазаға – лайықты жаза» («әс-Сахиха», 3480).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
1657 - Мәғқил ибн Ясар Аллаһ Елшісініңﷺ былай дегенін баяндаған: «Еркектің басына темір иненің сұғылуы ол үшін тыйым салынған (бөгде) әйелге (қолының) жанасып-тиюінен жақсырақ» («әс-Сахиха», 226).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
1656 – Әл-Миқдам ибн әл-Асуад Аллаһ Елшісініңﷺ бірде өз сахабаларына: «Зина жайлы не айта аласыңдар?» - деп айтқанын баяндаған. Адамдар: «Оны Аллаһ және Оның Елшісі харам етті, әрі ол Қиямет күніне дейін харам етілген», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісіﷺ : «Адамның он әйелмен зина жасауының (күнәсі) оның өз көршісінің әйелімен зина жасағанының (күнәсінан) жеңілірек», - деді. Кейін ол ﷺ олардан ұрлық жайлы сұрады. Әрі олар зина жайлы сұраққа жауап бергендей жауап берді. (Сонда Пайғамбарымыз) ﷺ: «Адамның он үйден ұрлық жасауының (күнәсі) оның өз көршісінен ұрлағанының (күнәсінан) жеңілірек», - деді («әс-Сахиха», 65).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
1515 - Абу Хурайра былай баяндаған: «Бірде ер адамдар мен әйелдер өзара мақтана бастады, әрі сонда Абу Хурайра: «Жәннатта әйелдер ер адамдардан көбірек», - деді. Ал Умар ибн әл-Хаттаб адамдарға қарап: «Абу Хурайраның не айтып жатқанын естідіңдер ме?», - деді. Сонда Абу Хурайра: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ Жәннатқа бірінші болып кіретін топ туралы: «Олардың жүздері толған айлы түндегі ай сияқты болады, ал екінші тобы аспандағы ең жарқын жұлдыз тәрізді болады. Олардың әрқайсысында екі әйелден болады, әрі (әйелдерінің) сандарының сүйек кемігі етінің астынан көрінеді. Әрі Жәннатта бойдақ адам болмайды», - дегенін естідім», - деді («әс-Сахиха», 2006).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
1461 - Абд-ар-Рахман ибн Шибл Пайғамбарымыздыңﷺ былай дегенін жеткізді: «Расында, пасықтар - солар Тозақ тұрғындары». Сонда адамдар: «Ал пасықтар кімдер, уа Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады. Пайғамбарымызﷺ : «Әйелдер», - деді. Бір адам: «Уа Аллаһтың елшісі! Олар біздің аналарымыз, әпкелеріміз бен әйелдеріміз емес пе?», - деді. Сонда ﷺ : «Әрине, бірақ бұл (пасық) әйелдер - егер оларға бірдеңе берілсе, алғыс-шүкіршілік айтпайды, ал егер сыналса, сабыр етпейді», - деді («әс-Сахиха», 3058).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
⚜️ Арна мазмұндамасы:

Оқырмандардың назарына Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінің мағыналық аудармармасын ұсынамыз. Бұл хадистердің сенімділігін (сахихтығын) заманымыздың атақты хадистанушы ғалымы шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани (Аллаһ оны рахымына бөлесін) тексеріп растаған. Осылайша, сенімді хадистер «Силсилә әл-ахадис ас-сахиха» / «Сенімді хадистер тізбегі» кітабына жинақталды. Кейіннен шейх әл-Әлбанидің өте жақын шәкірттерінің бірі болған Машхур Али Сәлман хадистерді тақырыпты тараулар бойынша реттеді әрі олардың келтірілген қайнаркөздерін тусіріп тастауды жөн көрді.
Бұл еңбектегі әрбір хадис реттік санымен келтіріледі, әрі жақшалардың ішінде шейх әл-Әлбанидің түпнұсқасындағы саны жазылған.
Аллаһ бұл еңбекті қабыл етсін және баршамызға пайдалы етсін.

📌 1-Бап:
"Көркеммінезділік, ар-намыстылық, әрі түрлі қарым-қатынасты үзбей ұстау туралы" (1-205 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/31
📌 2-бап: "Әдеп (этикет) туралы" (205-474 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/249
📌 3-бап: "Азан және намаз туралы" (475-789 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/564
📌 4-бап: "Ас-тағам, сусын-ішімдіктер және құрбан шалу туралы" (790-918 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/887
📌 5-бап: "Иман, таухид, дін және тағдыр туралы" (919-1174 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/1020
📌 6-бап: "Ант, нәзір және өтемдер туралы" (1175 - 1188 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/1288
📌7- бап: " Сауда, табыс-кәсіп және дүниеге қатысты ұстамдылық (зуһд) жайлы" (1189 - 1311 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/1306
📌8- бап: "Тәубе, уағыз-насихат және жүректі жұмсарту" туралы (1312 - 1427 хадистер)
https://t.me/silsila_alahadis_assahiha/1437


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
1383 – Саубан Аллаһ Елшісінің ﷺбылай дегенін жеткізді: «Сендердің әрбірің өз жүрегін (Аллаһқа) шүкір етуші, тілін (Аллаһты) зікір етуші етсін, әрі өзіне Ақырет істерінде көмектесетін салиқалы әйел алсын» («әс-Сахиха», 2176).




Репост из: АБУ ХАНИФА МИРАСЫ
✨ Жаңа кітап✨✨

Бұл жолдау ақыл-парасат иелеріне, ұлы мән-мағынадан жұрдай болған жануар тәрізді өмір сүруден шаршап-тарыққандарға, кейде болса да өзінің опасыз-арсыз күнәларға батқан жан-рухын тазарту және биіктету туралы ой қозғайтындарға, әуес-қалаулар тұтқынынан қашып шыққысы келетіндерге арналған.
Бұл еңбек адам санасында жиі пайда болатын "Мен кіммін? Қайданмын? Мен не үшін осындамын? Кейін не болмақ?" деген сұрақтарға берілген жауап, әрі ол Ислам діні құрылған үш ұлы негіздің: бірқұдайшылықтың, әлемдердің Раббысының жолдауының және есепке тарту мен ізінен болатын сый-жазаның - қысқаша түсіндірмесі. Ал оларды танып қабылдаған адам екі дүние бақытына қол жеткізеді.
Өз жақындарыңызды екі дүниенің игілігі болған Исламға шақырып, оларға осы жолдауды таратыңыздар!


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
1003 - Абу Зарр Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін баяндаған: "Расында, көз (тию) адамға, Аллаһтың қалауымен, биік тауға көтеріліп, одан өзін тастауға дейін құштарлық сала алады" («әс-Сахиха», 889).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
995 - Абу Сағид аз-Зурақи былай баяндаған: "Бір кісі Аллаһ Елшісінен ﷺ ғәзл* жайлы сұрап: "Менің әйелім бала емізеді, әрі мен оның тағы да жүкті болып қалғанын қаламаймын", - деді. Пайғамбарымыз ﷺ: "Расында, құрсақта болуы тағдырға жазылған нәрсе бәрібір болады», - деді" («әс-Сахиха», 1032).
* Ғәзл – жыныстық қатынас барысында ұрықты жатырдан сыртқа төгу арқылы балалы болудан табиғи сақтану.


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
877 - Ибн Аббас былай деген: "Біз Зәм-зәм суын «қанықтырушы» деп атайтынбыз, әрі оның балаларды тамақтандырудағы ең жақсы көмекші екенін көрдік" («әс-Сахиха», 2685).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
938 - Абу Хурайра: «Аллаһ Елшісі ﷺ былай деген: "Пенде зина жасағанда, оның иманы одан шығады да, көлеңке түсіретін зат сияқты оның үстінде ілулі тұрады, әрі ол аяқтағаннан кейін иман оған қайта оралады", - деген» («әс-Сахиха», 509).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
853 - Айша анамыз былай баяндаған: "Бірде мен Пайғамбарымызға ﷺ тамақ әзірлеп алып келдім. Мен Саудаға - "Тамақ же", - дедім, ал ол бас тартты, әрі сол кезде Пайғамбарымыз ﷺ екеуміздің арамызда отырған болатын. Мен оған (Саудаға қалжыңдап): "Жемесең, мен оны бетіңе жағамын", - дедім, ол бәрібір бас тартты, сонда мен қолымды табаққа батырып, оның бетіне жаға салдым. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ күлді де, тізесін оның алдына қойып: "Сен де оның бетіне жақ", - деді. Ол тұрып, солай істеді, ал Пайғамбарымыз ﷺ қайтадан күлді. Сол кезде (үйдің жанынан) өтіп бара жатқан Умар: "Уа АбдуЛлаһ!", - деп айқайлады. Пайғамбарымыз ﷺ ол кіріп қалады ма деп ойлап қалып: "Тұрып, беттеріңді жуыңдар", - деді. Мен Умарды, оны Пайғамбарымыз ﷺ құрметтегені үшін құрметтейтінмін" («әс-Сахиха», 3131).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
849 - Абу Хурайра Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін жеткізді: "Ең жаман тағам - келгендерді кіргізбейтін және барғысы келмейтіндерді шақыратын уалиманың (үйленуді атап жасалатын дастархан) тағамы. (Уалимаға) шақыруға жауап бермеген адам Аллаһқа және Оның Елшісіне ﷺ бағынбаған болады" («әс-Сахиха», 1185).


Репост из: СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА
840 - АбдуЛлаһ ибн Умар Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін жеткізді: "Аллаһ Қиямет күні үш адамға қарамайды: ата-анасына бағынбайтын адамға, еркек сымақ (еркекке ұқсап еліктейтін) әйелге, және өз қарамағындағы әйел кісілерді бөгде еркектерден қызғанбайтын еркекке. Әрі үшеуі Жәннатқа кірмейді: ата-анасына бағынбайтын адам, маскүнем, және бергенін міндетсінетін адам" («әс-Сахиха», 674).

Показано 20 последних публикаций.

155

подписчиков
Статистика канала