سكينة


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


ілім талап етуші ханымның нәзік әлемі👒
тұрмыстамын!
аноним сұрақтар: https://f3.cool/diannabintsabi/?hl=ru&stid=BGs02nz&theme=0qswP
телеграм жеке чатым: https://t.me/dianabintsabi
inst: https://instagram.com/dianabintsabi?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


шариғат, фиқһ мәселелері(харам/халал мәселесі) бойынша ілім алу-“әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйелге бекітілген парыз”

бұл парызды түсінбегендер, кіші мәселелердің өзінде үлкен қателіктер жасап, ол оқылықтың орнын толтыруға асықпауда. бауырлар, атымыз мұсылман болғанымен, кейбір әрекеттеріміз джахилдерге ұқсап кетіп жатуда. тіпті, қазір көпшілік мұсылман әйелдер өздеріне тән міндеттер мен хайыз мәселелері бойынша білімсіздік танытуда. Аллаһ Субхана уа Та’ала парыздарын тек ұстаздар мен имамдарға міндеттеген жоқ! құлшылық ету-әрбіріміздің мойнымызға тағылған парыз. парызды орындау үшін білім алу керек. егер біз Аллаһқа құлшылық ету үшін қарапайым білімдерді өзіміз ізденіп үйренбесек, бұл үмметтің үлкен қасіреті болмақ!

——— Аллаһты шынайы жақсы көру үшін Оны жақсы тану керекпіз. ал Раббымызды танудың тек бір жолы бар. ол жол- білім алу, Исламды үйрену📚






қазір адамдар ұзақ жазылған посттарды оқымайды, 1-2 сағаттық дәрістерді тыңдамайды. себебі, ерінеді. ал нағыз білім сол жерде жатыр ғой. бұдан соң, біз қалай майшамның жарығымен жазылған ғалымдарымыздың кітаптарын оқи аламыз?


дінді қиындату деген қалай? көп адамдар осы нәрсені дұрыс түсінбей, жаңсақ пікірмен жүреді. дінді қиындату деген, жоқ нәрсені бар қылып, тыйым салынбаған нәрсені тыйым салып т.с.с адам өмірін ауырлату. егер сен діндегі, мазхабымыздағы бар үкімді ұстана алмасаң, онда ол дінді ауырлату емес, ол сенің әлсіздігің. «жеңілдетіңдер, ауырлатпаңдар, сүйіншілеңдер, қорқытпаңдар» деген хадиспен өзіңнің әлсіздігіңді жасыруды қою керек.


жүрегіме ең Сүйікті болған әл-Уәдууд🤎

(фондағы дұғаны өте қатты жақсы көремін)

п.с: видеоны алуға, таратуға болмайды!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram




СҮННЕТ НАМАЗДАРЫНА МАХАББАТ

Пайғамбарымыз ﷺ жасаған ең маңызды сүннеттерінің бірі- оқыған сүннет намаздары. шынайы ықыласпен оқылған мүмін үшін бұл намаздың маңызы зор. сүннет намаздарын қалдырмай оқу-Пайғамбар ﷺ деген махаббаттың бір көрінісі. өйткені, сүннет намаздар парыз етілмеген. бірақ, оларды кім оқыған еді? біз кімге ұқсағымыз келеді? кімнің сирасын оқып жүрміз? кімнің үмметіміз? кім біз үшін тоқтаусыз дұға етті? әрине, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ жолымен жүруге, Онымен Қияметте Жәннатқа кіруге ұмтыламыз. бірақ, ол қалдырып кеткен сүннет намаздарын тәрк етеміз.
діни кітаптарда сүннет намазды тәрк етуде күнә жоқ дегенімен, олар үшін айыпталамыз, сұраққа тартыламыз деген үкімдер келеді

тақуалығыңызды дәлелдегіңіз келсе, парыздан соң сүннеттерді оқыңыз. шайтанға осылай шабуыл жасап үйреніңіз. бұл өзіңізге жасаған жақсы ісіңіз болмақ📍

——сіздерге сүннет намаздарға берік болуға көмектесетін ақпаратпен сүйіншілегім келеді. хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: “кімде-кім парыз намаздарынан басқа күніне он екі рәкағат сүннет намаздар оқыса, оған жәннатта үй тұрғызылады”-деді

енді ойлап көріңіз, Қиямет күні сіз өте ауыр халде тұрсыз. жүрегіңізді қорқыныш басып, үрейленіп тұрған кезде, жәннат иелерінің арасынан сіздің есіміңіз аталады. естігеніңізге сене алмай тұрғанда, періштелер “тастамай оқыған сүннет намаздарыңыздың сыйы ретінде жәннатта сізге үй тұрғызылды” деп қуанышты хабарды айтады

Аллаһ Субхәнә уә Тә’ала қандай Әділетті, Аса Рақымды!

барлығымыз дүниеде Аллаһтың разылығы үшін жасаған амалдарымыздың қарымын міндетті түрде аламыз🍂


иә, осындай жанмын📍


Репост из: ف
19 mausym

шабытыма кішкентай ғана нәрсе түрткі болса, ішімдегі өліп қалған талант та, сыртқа қарай суырылып шығады.


түн ішінде көз іле алмай отырғанымда, архивте шаң басып жатқан арнам есіме түсті

қазір ескі жазбаларды оқып отырмын. жылы естеліктер, ғажап сөздер. оқып отырып, сол сәттерді есіме аламын. интроверт, жүрген жерінде қалам мен қойындәптерін, шетелдің классикалық кітаптарын тастамайтын, тыныштықта адамдарды сырттай бақылайтын-Мен

жазбаларымды оқитындар мені өмірде көргенде: “жазбаларыңыз кімге арналған?”, “бір адамды ұнатасыз ба?” деп сұрайтын. бірақ, автор ешкімді ұнатпайтын, тек романтикаға ғашық етін🪐(ал қазір өзі романтика болып жүр)

бұл арнаға жазылудың қажеті жоқ, авторы адам танымастай өзгеріп кеткен🌝


Репост из: ف
аспаздыққа келгенде мақтана алатын екі түрлі өнерім бар. олар: кофе дайындау және француздық круассандар пісіру.

минимализмді ұнататын мен секілді адамға осы екеуі жеткілікті.


👒

қазақ қызының қайсарлығы,
шығыс әйеліне тән жұмбақтық,
француз арудың ойнақылығы…

бойда болса…ммм…

тамаша тандем ғой✨

(гейшаның өнерін қоссақ қате емес)




الحمد الله 📖

Құрметтімнен(жолдасым) уақытты үнемдеуге қатысты Ибн Тәймийя рахимахуллахтың өмірінен қызық ақпарат естіген едім(басқа да ғалымдарымыздың уақытқа қатысты ақпараттары айтылған ).
естігенім Абдуль Фаттах абу Ғудда рахимахуллах кітабынан екен.

ин шәә Аллаһ, қазір оқып жүрген кітабымды 2-3 күнде аяқтап, осы кітапты бастау керек болып тұр


Имам Әш-Шафиғи (оған Аллаһ рақым етсін):

"адамдардың разылығы – қолжетпес мақсат. сол үшін де Раббыңның разылығын ізде!", – дейді

біреуге жасаған жақсылығыңды Құдай үшін істе де ұмыт!


энергия = вовремя прочитанный намаз


әйелдің энергиясын азайтатын басты қасиетпен бөлісейін бе?
Опрос
  •   иә
  •   жоқ
21 голосов


парыз құлшылықтардан тыс әрдайым үзбей жасайтын амалыңыз болсын

ол-сүннет намаздарын қалдырмау, бейсенбі және дүйсенбі нәпіл оразаларын ұстау, шариға ілім алу, күнделікті садақа беру, дұха намазын оқу немесе күнделікті құран оқу болуы мүмкін және т.б.

алтын ғасырда өмір сүрген ізгілердің арасында тахаджутті өзіне парыз етіп, әр түнде оқитын мүминдер болған. елестетіңізші, нәпіл намазды өзіне парыз етіп қойған. осы секілді біздер білмейтін қаншама ізгі адамдар мен олардың ізгі амалдары жетерлік

біз сахабалар мен табиғиндердің істерін істеп, дүниені олар секілді тәрк ете алмасақ та, олардың ізгі амалдарын жақсы көруіміз керек, оларға ұқсауға барынша тырысуымыз керек💕

Показано 20 последних публикаций.

95

подписчиков
Статистика канала