АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ
1. Алла – он сегіз мың ғалам патшасы,
Құлыңа қарай атташы.
2. Ар-Рахман – рақымы асқан Құдайым,
Өзіңе ғана ұнайын.
3. Ар-Рахим – ерекше мейірім өзінде,
Құлына салған көзінде.
4. Әл-Мәлік – құдіреті асқан ақ патшам,
Тәуелді саған жан бақшам.
5. Әл-Қуддус – бәрінен аса қасиеттім,
Шеккізбе жолын қасіреттің.
6. Әс-Сәләм – бейбітшіл, сәлем иесі,
Тату-тәттілікті сүйесің.
7. Әл-Мумин – қашанда аса сенімдім,
Дініңе сендім, егілдім.
8. Әл-Муһәймин – басқарушы барлығын,
Сенсіз кедей жарлымын.
9. Әл-Азиз – аса даңқты үстемім,
Құдіретті ғой күш-демің.
10. Әл-Жаббар – өзіне бойұсындырушым,
Сөзімен түсіндірушім.
11. Әл-Мүтәкәббир – тәкаппар, аса жоғарым,
Бәрінен асқақ қамалым!
12. Әл-Халиқ – жаратушым, асқан шеберім,
Мүбәрәк, мінсіз кемелім!
13. Әл-Бари – жоқтан бар етер ұлығым,
Құтқармас ұзын құрығың.
14. Әл-Мусаууир – бейнелеушім бәрін ғаламның,
Жүрегін баурап адамның.
15. Әл-Қауий – құдірет-күштің иесі,
Әл беріп, мені сүйеші.
16. Әл-Мәтин – мықты, берігім,
Қорғайды сенсіз мені кім?
17. Әл-Ғании – байлығы бітпес жомартым,
Өзіңсіз өмір мұнар түн.
18. Әл-Хакиим – хикметке ие данасың,
Үкімде әділ, дарасың.
19. Әл-Ғафуу – кешірім етер кең пейіл,
Күйімді саған шертейін.
20. Әл-Ғафурр – тәубәмды қабыл етушім,
Көмекке бұрын жетушім.
21. Әл-Ғаффәәр – кешірімпазым әрдайым,
Тау менен тасқа маңдайым
Соғылсын қанша, қимайтын
Жазаның маған қандайын.
22. Әл-Қаһһар – алапат күшті қаһарлым,
Жолыңда сенің жатар кім?
23. Әл-Уаһабб – сарқылмас сыйын берушім,
Болайын сенің сенушің.
24. Әр-Раззақ – барлығын ризықтандырушым,
Несібемді сақтап қалдырушым.
25. Әл-Фаттах – құлыптың бәрін ашушым,
Жеңушім, мысты басушым.
26. Әл-Алим – күмәнсіз бәрін білушім,
Бүкпесіз көріп тұрушым.
27. Әл-Қабид – қаласаң сабылтушысың,
Ұстап қап, тарылтушысың.
28. Әл-Басит – қаласаң кеңейтушісің,
Үйіріп ғалам ұршығын.
29. Әл-Хафид – биіктен төмендетушім,
Аяи гөр, жедел жетушім.
30. Әр-Рафиғ – қаласаң жоғарлатушым,
Шығарып, биік асу шың.
31. Әл-Мағиззу – қаласаң, даңққа бөлеушім,
Әперіп жеңіс, жебеушім.
32. Әл-Музиллу – түсірушім дәрежеліні,
Сақтайын ереже күнді.
33. Әс-Самиғ – шүбәсіз бәрін естушім,
Құлдарың қорқып, ес білсін.
34. Әл-Басир – күмәнсіз бәрін көрушім,
Құлымен бірге болушым.
35. Әл-Хакам – ең әділ қазы, төрешім,
Құлыңа көңіл бөлесің.
36. Әл-Адл – қылыштай өткір әділеттім,
Әрдайым тура әмір еттің.
37. Әл-Латиф – мамықтан жұмсақ, мейірімдім,
Нұрына зармын пейіліңнің.
38. Әл-Хабир – бәрінен бұрын хабардар,
Құдайға құл боп, жағыңдар.
39. Әл-Халим – мүләйім, жылы, шуақтым,
Жыласам, шұғыл жұбаттың.
40. Әл-Ғазим – ұлығым, аса ардақтым,
Өзіңе қарай самғаттың.
41. Әш-Шәкур – алғыстың асқан иесі,
Құлыңды шексіз сүйесің.
42. Әл-Алий – бәрінен биік, асқағым,
Дұшпанкөздерді жасқадың.
43. Әл-Кәбир – ақылға сыймас үлкенсің,
Сиынар Тәңір тек сенсің!
44. Әл-Хафиз – сақтаушым да өзің, қорғаушым,
Адассам, панам, қолдаушым.
45. Әл-Мухит – құдіреттім, ризық берушім,
Менмін ғой жеміс терушің.
46. Әл-Хасиб – теңдесіз есептеушісің,
Білесің адал мен арам,
Нығметіңнен жеуші кім?
47. Әл-Жәлил – мәртебелі аса ұлығым,
Мен сенсіз емсіз құрыдым.
48. Әл-Кәрим – ардақтым, аса жомартым,
Назары нұрлы, қолы алтын.
49. Әл-Мужиб – құлына жауап қатушым,
Тілекті қабыл алушым.
50. Әл-Уасиғ – кең пейіл, бәрін қамтушым,
Махаббатымен шарпушым.
51. Әл-Уадуд – сүйікті және сүюшім,
Болайын басым июшің.
52. Әл-Мәжид – даңқты, абырой иесі,
Алғысқа ғана бөлеші.
53. Әл-Бағис – тірілтушісің қайтадан,
Өзіңнен пана жай табам.
54. Әш-Шаһид – бәріне куә болушым,
Құпия сырды көрушім.
55. Әл-Хаққ – ақиқат, Хаһ-Тағала,
Ризамын сенің барыңа.
56. Әл-Уакил – қамқоршым, уәкіл етушім,
Өкіл боп шұғыл жетушім.
57. Әл-Уалий – жанашыр, досым, жалғызым,
Жатырқамайтын жер жүзін.
58. Әл-Хамид – абыройы асқақ мақтаулым,
Сөзім бар мадақ саптаулы.
59. Әл-Мухси – бәрінің білген есебін,
Шығарып мінсіз өлшемін.
60. Әл-Мубди – жетекшім, алға бастаушым,
Қапысыз қадам тастаушым.
61. Әл-Мугид – бәрін де қайтарушысың,
Қаласаң, қайта алушысың.
62. Әл-Мухи – өліні тірілтушісің,
Жан беріп, жүгіртушісің.
63. Әл-Мумит – тіріні өлтірушісің,
Алдыңа келтірушісің.
64.