Ұрын тоғыздық / Ложная девятка


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Бәс, пас - бәрі де рас!

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Рэшфорд атқа қонды. Қорқыңдар, Италия!


Жозе Моуриньюның "Ромадағы" алғашқы жаттығуы.


Америка кубогі кімге бұйырады?
Опрос
  •   Аргентина
  •   Бразилия
77 голосов


Еуро-2020 кубогі кімге буйырады?
Опрос
  •   Италия
  •   Англия
79 голосов


Еуро-2020 чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов отставкаға кетті.


Англия финалда. Италия - Англия матчына жақсы бір контент ұсынамыз.


Харри Кейн Әлем чемпионаты мен Еуроның финалдық кезеңінде 10 гол салып, Алан Ширерді басып озды (9), Гари Линекерді қуып жетті (10).


Еуро-2020 чемпионатындағы 17-ші пенальти. Каспер Шмейхель тосуын тосты ау.

❌ Хейбьерг
✅ Криштиану
❌ Бэйл
❌ Алиоски
❌ Малиновский
✅ Депай
✅ Шик
✅ Форсберг
❌ Морено
✅ Дзюба
❌ Мората
✅ Криштиану
✅ Бензема
✅ Криштиану
❌ Родригес
✅ Лукаку
❌ Кейн


Кейн пенальтиден сала алмай, қайтқан допты қақпаға тоғытты. Англия финалға біртабан жақын


Италия финалда кіммен ойнаса да, қарсыласынан бір күн артық демалады.


Осы Еуродағы автогол құрамасы! Мына құрам Ресейді жеңетін сияқты.




Пикфорд жақыннан тепкен допты жақсы тосады. Алыстан өкінішке қарай.

Дания ойыншылары осы Еурода алыстан (16 сыртынан) гол салудан оқ бойы озық келеді.

Англия бұған дейін гол жіберген жоқ. Демек, команданың камбекке қаншалықты дайын екенін көрейік. Ағылшындар үшін сын сағаты енді соқты.

Осы Еуродағы айып добынан салынған алғашқы гол!


Ағылшындар тізерлеп отырды, даттар тік тұрып қол шапалақтады.


Всё, машинамды сатып, Volkswagen алам


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Парижге кім келгенін қараңыз!


Англия - Дания: экстра-тайм ойнамаған ұжымдар

Биылғы Еуро чемпионаты Англияда өтіп жатыр деп айтуға болады. Топтық кезеңдегі бірнеше матч "Уэмбли" стадионында өтті. Жартылай финалдық матчтар, финал осы аренада өтіп жатыр. Ағылшындардың өз үйі. Англия құрамасы бүгін "Уэмблиде" бесінші матчын (бір матч Римде) өткізбек. Осы Еуродағы жетінші матчына жете ала ма? Ешқашан бұйырмаған кубокты ала ала ма?

Англияның құрамы - ғажап. Әр амплуада тең дәрежедегі екі ойыншыдан бар. Тек Харри Кейнді басы бүтін алмастыратын ойыншы жоқ демесеңіз, қалғаны атойлап тұр. Команда жүре түзелді. Шамасы төмен командаларға қарсы 1 голдан артық сала алмағанмен, плей-оффтан бастап гол санын көбейтті. 1/8 финалда өмір бойы үлкен додаларда жолын кесіп келе жатқан немістерді 2:0 есебімен жеңді. Сол матчта Харри Кейн осы Еуродағы алғашқы голын да салды. Қысқасы, ағылшындар сол ойында бірден екі кедергіден аттады. Сосын Харри Кейн түрленіп сала берді. Украинаға қарсы матчта дубль жасап, үздік ойыншы атанды.

Англия әлі гол салдырған жоқ. Қорғанысқа шабуылшылар да араласады. Харри Магуайр да қатарға кейін қосылып, осы Еуродағы үздік қорғаушы болып тұр.

Англия әзірге қиындықсыз, өз "жоспары" бойынша ойнап келеді. Команда әлі қиындыққа тап болмады. Камбэк жасамады, бірінші гол жіберіп алып, қарсыластан басым түскен жоқ. Егер Дания салған бойда шабуылға көшетін болса, жылдам гол салып алатын болса, Англия үшін нағыз сынақ басталады. Өйткені, Англияның құрамы мықты болғанмен, позициялық шабуылға келгенде сондай керемет ұжым емес. Команда көбіне доппен/допсыз контроль жасайды. Шабуылға шыққанда кемі 7 ойыншы араласқанын көрмейсіз. Артта жоқ дегенде 4 ойыншы қалып отырады (страховка).

Данияға келсек, осы Еуроның гүлі. Медиа үшін азық. Басын драмамен бастады. Команданы өрге сүйрейді деген Эриксен тырнақалды матчта есінен танып, бүкіл әлемге жарты сағат уайым арқалатып қойды. Сосын Дания қайта жасақталды (переформировались). Команда ойыны Эриксеннің көрегендігіне, шеберлігіне құрылған. Орнын басатын адам жоқ, демек план Б керек.

Топтық кезеңдегі шешуші матчта (Ресейге қарсы) Дания үш қорғаушымен ойнауға көшті. Сол қанатта Меле, оң қанатта Васс жоғары/төмен ойнады. Бұл шабуылға да, қорғанысқа да ыңғайлы футбол. Команда тез бейімделді. Көп гол салып, аз гол жіберетін болды. Ресейді 4:1, Уэльсті 4:0, қорғанысы мығым Чехияны 2-1 есебімен жеңді. Дилэйни мен Хейбьерг Кристиан Эриксеннің міндетін бөлісіп алды.

Дания допты нақты мақсатпен тартып алады, прессингті керек кезінде қосады. Данияның бұл ойынынан Бельгия құрамасы кәдімгідей жапа шекті. Егер екінші таймда алаңға Де Брюйне шықпағанда, Дания жеңер еді. Ресейді тас-талқан етті, Уэльстің өрісін тарылтып, аттап басқызбады. Жігіттер сенімді. Эриксеннің жағдайынан кейін әрқайсы лидерге айналды.

Чехия қарсы матчта Дания бірінші таймды жоспардағыдай орындағанмен, екінші таймда болдырып қалды. Оңай емес, Чехия осы чемпионатқа физикалық жағынан жақсы дайындықпен келген ұжым. Чехтарды "әуе де, жерде де" жеңу қиын болды. Бірақ, даттар бұл сынақты да еңсерді. Енді алдынан 450 минут бойы гол салдырмаған, не өзі, не қарсыласты ойнатпайтын, медиадағы сынға "түкіргені" бар, ойлағаны нәтиже - Англия тосып тұр.

Дания да, Англия да стандартта, контр шабуылда ғажап ойнайды. Меніңше, бүгін екі команда да ашық ойынға бармайды. Екі команда да әлі экстра-тайм көрген жоқ. Тың, жинақы.


Қай ИЯ жеңеді Еуроны?
Опрос
  •   Итал
  •   Дан
  •   Англ
  •   Ия
66 голосов


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Каспер Шмейхель шағып сөйлейді екен. Жартылай финал қарсаңында ағылшындарды бір "сыбап" апты.


Алфавит бойынша бола ма екен командалардың орны?

Показано 20 последних публикаций.

161

подписчиков
Статистика канала