Дүние деген жалғанға,
Ей, адамзат, алданба!
Сені тастап қашады,
Көрге жақын барғанда.
Дүниені іздесең,
Мақсат етіп көздесең,
Көкіректі түн басып,
Адасасың лезде сен.
Жақсы іске сайланып,
Ақыретті ойланып,
Жүрген адам жүрегі,
Кетер нұрға айналып.
Хадиске құлақ салсаңыз,
Пайдасын ұғып қалсаңыз,
Өмір тәтті көрінер,
Дүниеқұмар болсаңыз.
Өмір тәтті көрінер,
Нәпсің соған көнігер.
Кеудедегі махаббат,
Мал-мүлікке берілер.
Ұмытып сен азапты,
Малға қойсаңталапты,
Кешіктіріп аласың,
Тәубе менен тағатты.
Ұмытып есеп сағатын,
Кемісе тәубе, тағатың,
Көре алмай қаласың,
Алланың ұлық жәннатын.
Ал иманды адамың,
Білер істіңжаманын,
Өмірді өлім тосар деп,
Бекем басар қадамын.
Өмір бір күн өтер деп,
Осы ырызқым жетер деп,
Жақсы иманын бекемдер,
Байлық басқа қатер деп.
Өлім кеп бітсе өмірің,
Мал-мүліктіңбәрі мұң,
Іші — түнек, жері — сыз,
Күтіп тұр сені қабірің.
Осыныңбарын ойлап ал,
Жақсы ісіңді сайлап ал,
Иманыңмен көз жұмып,
Жәннат деген жәйға бар!