sarqynshaq oilar📝


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


сарқылып жатырған ойлардың қалдығы

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Не деймін саған, жарығым,
Саған не дейін?
Қосатын жалғыз Құдайға ғана сенейін.
Алыста жатсың, арманым едің демейін,
Өксік пен мұңға толып тұр мына көмейім.
Не дейін саған, не дейін?

Нені айтам саған, жарығым,
Саған нені айтам?
Өзіңсіз неге ата да береді бұлай таң?
Өзіңді сүйген жүректі қайтіп мұңайтам,
Түсіндім, жаным, өзіңе енді сыр айтам.

Бақытсыз бәрі,
Екеуміз ғана бақытты,
Өзіңді сүйсем тоқтатып қойып уақытты.
Өзіңсіз, міне, ондаған таңдар атыпты,
Өзіңсіз, міне, ондаған күндер батыпты.

Өтер де кетер, уақытым мынау жарысқан,
Бір жүрек таумен, бір жүрек теңіз алысқан.
Тұрасың, әттең, қол бұлғап маған алыстан,
Қуанар бір күн қос жүрек мәңгі табысқан.

Түндерді сүйдім керуенім, сірә, көшпеген,
Сағындым сені, сезімім әлі өшпеген.
Сезімді қайтем, жүректі билеп-төстеген,
Сағынып сені бәрінен, жаным, бос келем.

Сағына берем, өзің деп өлең шығарсам,
Сүйемін десем, тынады жел де, ұғар шам.
Қуанам, сенің даусыңды естіп қуансам,
Түнерем сенсіз Алатау шыңдай мұнарсам.

Күледі мынау далам да жатқан жылмиып,
Қасымда жоқсың, көгімде тұрған Күн күйік.
Қазіргі сәтте бақыттан гөрі мұң биік,
Каспийдей сенің жанарың неткен тұңғиық?!

Екеуміз жайлы мына жұрт білсін, білмесін,
Міндесін, мейлі, екеуміз жайлы күндесін.
Сырымызды айтқан түн ғана түндік түрмесін,
Күлемін, жаным, жымиып сен де күлгесін.

Сағымдай біздің шағымыз шығар бұлдырап
Сағынған сені жүрегім жатыр құлдырап.
Бақыттан гөрі биіктеу әлі мұң бірақ,
Өзіңсіз күннен өзексіз мұңым құндырақ.


Көкірегімді тіліп өткен күздей мұң,
Өмірге ғашық біздей кім?
Таласып жүру біздерге берген еншілер,
Адасып жүріп іздеймін.

Көктеммен бірге көңілімде бүрлейтін,
Ойларым сансыз бірдей түн.
Біздердей түнді әлемде сүйер ешкім жоқ,
Махаббатты білмейтін.

Шытынап тұрса, шығысымнан атпай күн,
Өзімді-өзім ақтаймын.
Біздердей ешкім түнді жалғыз сүймеген,
Жақындауға батпаймын.

Қара түн бойы өзім де үнсіз, сен үнсіз,
Бақытым, неткен керімсіз?
Түндерде естіп пысылдаған деміңді,
Өзімнің жүрек демімсіз.

Түнімнен кейін сығалап сипар күн нұры,
Түрілді түннің түндігі.
Өзіңмен үнсіз тілдесемін ұйықтамай,
Көңілдің кетер кірбіңі.

Түнім де тынық, екеумізде үн-түн жоқ,
Түнімдей мінез-құлқың дөп.
Жаралмаппын сенің нұрлы жүзіңе,
Сенің сұлу күлкің боп…

Жаяйын бәрін, бақытқа біздің кім қарсы,
Жүрегіммен жырланшы.
Еркелетіп барып кешіріміңді алайын,
Бұртиып тұрып, бұлданшы.

Ессіз боп жүріп өзімнен ғана табамын,
Обалы менен сауабын.
Түсіме кіріп, ойымнан әлі шықпай жүр,
“Иә” деген жауабың.

Жаным-ау, сені сүйемін дейін, сенгейсің,
Бәрібір маған нендей сын.
Түнімде саған сезімімді айтып ем,
Түнімде жауап бергейсің…




Ай бейнеңді құшақтаймын елес қып,
Шын сезімде не кешпедік, не кештік?
Бұл әлемді тоқтатайын… бір сәтке
“Сүйем” деші… үлгерейін соны естіп.

“Сүйем” десең қай сөзімнен айнырмын,
Сүю үшін соры қалың қай мұңның?
Өзімдікін саған артпай, көтерем,
Тең жартысын бөліп берсең қайғыңның.

Жүрейін бе түнгі ұйқымды ұрлатпай,
Құшақтар ем жүрегім де жүр батпай.
Мына әлемді тоқтатайын… үн—түнсіз,
“Сүйем” деші көздеріңмен үн қатпай.

Тілек іздеп тұмар тілдің ұшымен,
Ең сәттісін таңдап жұлдыз ішінен.
Мені шексіз сүйер болсаң, қарашы,
Көздеріңнің қарасынан түсінем.

Күн бейнеңді құшақтаймын елес қып,
Наурыздағы күн мен түндей теңестік.
Енді бір сәт тоқтатайын әлемді,
“Сүйем” деші үлгерейін соны естіп.


(Мен сені сүйемін, Жаным)


Аңыз—әңгімелер салсам қалай болады?

(просто өлең жоқ салатын)


Голощекиннің құлақшекесінен ұрып құлатқан қазақ — Жалау Мыңбайұлы.

“Алаш” зиялыларымен тығыз араласқан, қатарында да болған




“Сүйем” деші…
үлгерейін соны естіп


Не нравятся мои слова, я тогда исправлю


Репост из: “Мұң”
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Шұғараның алғашқы кешінен.


Сәл жұмыс жасағанға керіліп қалатын мен:


Елеңдеймін келер деп, амал қанша,
Мен сүйем Әзірейіл жан алғанша.
Неге бәрі жырлайды махаббатты,
Егер де махаббатың жаман болса?

Тығылып жақсы көріп, сағынғанда,
Құмығып, тынысың да тарылғанда.
Махаббаттың уы күшті деп айтасың,
Сол уға қарсы тұрар әлің бар ма?

Қайдам, қайдам, бос әңгіме,
Барлығыңда,
Не жатыр жүрек деген сандығыңда?
Махаббатқа дайынмын дегенменен,
Қорқасыңдар сезімге шалдығуға.

Жүрек үшін маңызы бар кілт-егенің,
Жыламай-ақ көзіңді сүртер едің.
Махаббатта біреу бар әйтпегенде,
Баяғыда қолымды сілтер едім…

Махаббатым жауапсыз, амал қанша,
Сонда да күтем менен жан алғанша.
Мен неге махаббатқа ынтығамын,
Егер де ол жауапсыз, жаман болса?…


…Маған келіп “жамансың” деп айтады,
Бар айыбым жақсылығым болатын…


Музама

I. Түнгі шабыт

Көрген күнім әлі есімде мен сені,
Содан бері махаббат та еңселі.
Сезіміме тербемейін, онсыз да,
Кең төсінде тербетеді Жер сені.

Әлі есімде көрген кезім анық тым,
Содан бері ішіндемін тамұқтың.
Жарық күнді көктен іздеп қайтемін,
Дәл жанында жүргенімде Жарықтың…

Жанарыңа мен еріксіз байланам,
Осы неге мен мұңайып, қайғы алам?
Бетім тосып түнгі самал өтіне,
Сүттей сәуле түсіреді Ай маған.

Жыр жазамын,
жазатын кез Түн Айлы,
Бәрі саған сүйсінетін сыңайлы.
Айға қарап сүйсінесің, ал маған
Саған қарап сүйсінгенім ұнайды…


…Сені сүймеу сезімнен ғаріп білім,
Сүймей тұрып өмірден тарықты кім?
Басқаларды білмеймін, бірақ өзім,
Сүйемін ғой өзіңді, Жарық Күнім…


Эмоцияға беріліп кетір жатырм әйй, өйтіп жаза бермеңдер🤭🤭




Сүйемін

Түске айналып бара жатыр жиі өңім,
Неге менің жүрегіме ие мұң?
Дәл сен мені қалай жақсы көресің?
Ал, мен сені сүйемін…

Ұйықтатпай кептетіліп құса—мұң,
Сен емессің…
мен елесті құшамын.
Көмейімді өксік келіп тырнаса,
Сағынышты құсамын.

Жадыратпай өтер ме екен сезімім,
Ұстап тұрады не ақылым, не жыным.
Сұрап жүрген жүрегіме өкпем жоқ,
Өз—өзіме мезімін.

Түске айналып бара жатыр жиі өңім,
Иеңді кеп жұбатсаңды, кие-мұң.
Маған мейлі, қалай жақсы көргенің,
Ал, мен сені сүйемін…


Анандай орысша цитата жазғым келеді ше. Сауатым жетпейді бірақ.

Как говорил мой тренер:
“я твой тренер”


Поидее жөніме жүруім керек еді|

Показано 20 последних публикаций.

77

подписчиков
Статистика канала