Қарттар үйіне бардық. Кіре сала сондай бір түсініксіз, ауыр сезім биледі. Ата-анама деген сағыныш тіптен көңілімді босатты. Дегенмен олардың көңілін көтеру үшін барған соң, түрімді жинап алдым да, мейілінше сыр бермей жүрейін дедім. Оларға біздің мүсіркегеніміз емес, мейіріміміз керек ғой. Дастарқанға келе алмаған бір апаға тамақтар алып барғам, ұзақ әңгімелестік. Қолдары жып-жылы жұп-жұмсақ, көздері мейірімге, сағынышқа толып тұрды. Қалай ғана өмір сыйлаған адамын, өмірінен алып тастай салады екен адамдар?.. Немерелерімді сағындым, кейде ғана кездесеміз дейді. Маған қайта-қайта жылы киін, өзіңді күт, бәрі жақсы болады деген сияқты қамқорлығын білдірумен болды. Келіп тұршы, әңгімелесейік дегені, кетерде қимай есікке дейін шығарып салып құшақтаап тұрғаны, "қайтамыз" дегенше қолымнан жібермей отырғаны жүрегіңді қалай елжіретпейді... Бәрі жылы құшақтары мен бетіңнен иіскеп шығарып салады. Бір апамен қоштасып жатсам "балаларың бар ма" дейді, жоқ студентпін десем, "болады ғой бұйырса, бала деген жақсы ғой, солай ма?" дейді. Ананың махаббаты деген осы шығар. Қандай жағдай болмасын, өлмейтін махаббат. Өзін осында көзін жәудіретіп тастап кеткен балаларын есіне алып, сағынып, махаббатпен еске алып отыр. Жанарларынан үзілген моншақ тым ауыр сезім екен💔 Қимай- қимай әзер кеттім🥲