✅Хиджаб киіп бастаған әпке-қарындастарымыздың оқиғалары. #15
Әжем кішкентай кезімде Фатиха сүресін жаттатқызған. Соны кейде айтып жүретінмін. Намаз оқитын туысқан ағам да бар еді. Ол кейде маған дін туралы насихатын айтатын. Бірақ мен мүлдем мән бермегенмін. Мешітке құран оқу дәрісіне алып барса да, шын ынтамен қарамадым.
Мен негізі музыканы көп тыңдайтынмын. Қысқа юбка киюді, шашымды түрлендіруді жақсы көретінмін. Бір күні біздің үйге біреу қазақша түсіндірмесі бар Құран әкеліп қойды. Рамазан айы болғандықтан оқығым келіп кетті. Сол кезде 1курсты бітіріп, үш ай демалыста жүргенмін. Сөйтіп душтан шығып, қолыма Құранды алып, оқи бастадым.
Далада жаңбыр жауып тұр. Бөлмеде жалғыз өзім. Аяттарды біртіндеп оқып жатыр едім, кенет жылай бастадым. Көзімнен жас тыйылар емес. Өйткені бұған дейін ондай сезімді бастан кешірген емеспін. Содан әр түні ұйықтай алмайтын болдым. Көзім ілінбейтін. Ішкі жан дүнием тыныштық таппайтын. Сөйтіп намаз бастаймын деп шештім. Бірден музыканы да тастадым. Бұрын қалай тыңдай бергеніме таңғаламын. Намаз бастаған сәтімде күнделікті өмірімде хиджаб кимеймін деп ойлап жүрдім. Дегенмен тек намаз оқып, намаздан соң хиджаб кимегенім үшін өзімді екіжүзді адам сияқты сезінетін едім. Анама хиджаб туралы айтсам, «Ол біздің киім емес. Кемпір болайын дедің бе? !» – деп ұрыса жөнелетін. Бірақ мен берілмедім.
Сол сәтте көмекке ауыл имамының әйелі келді. Ол менің рухани ұстазым болып, бағыт-бағдарын беріп отырды. Ата-анам ол кісінің дәрістеріне тыйым салса да, әртүрлі жолдармен баруға тырысатынмын. Өмірімнің ең жарқын сәттері сол кезде өтіп еді. Таңертең күнде сабақ өтіп, құран жаттайтынбыз. Ол кісі маған батасын беріп, хиджаб киіп бастауымды ұсынды. Сөйтіп қалаға кетерде ұзын көйлек пен орамал сатып алып, колледжге бардым. Кешігіп барғаным себепті бәрі маған таңғала қарады. Апай: «Сізге бұлай жүруге рұқсат берілген бе еді? » – деп сұрады. Жылағым келіп, не дерімді білмедім. Шешуімді талап еткен соң, сабақ уақытында хиджаб тақпауыма тура келді. Әкем үндемеді, ал анам күнде «кемпір» деп кекетіп, шу шығаратын. Ауылдағы ата-анамның достары әлі күнге дейін «вахабист» деп кінәлайды. Қарсылықтар болса да, берілмеуге тырысамын. Раббымнан ата-анама һидаят беруін сұраймын. Бұның бәрі уақытша сынақ деп ойлаймын. Раббыма сансыз мақтаулар болсын!
📚 “Oramal men Qazaq” Zhandos Kabiden (сауалнама анонимді алынғандықтан, аты жөндерін білмейміз)