✅Әбу Мұса әл-Ашғаридің (Аллаһ оған разы болсын): «(Бірде) мен Мәдинадағы бақтардың бірінде Пайғамбармен бірге болдым. (Бір кезде) бір кісі келіп, қақпаны ашуды сұрады. Пайғамбар (ﷺ) (маған): «Оған (қақпаны) аш және оны жаннатпен сүйіншіле!» - деді. Мен (қақпаны) ашсам, ол Әбу Бәкір екен. Оны Пайғамбардың айтқанымен сүйіншіледім де, ол Аллаһқа мақтау арнады. Сонан соң (тағы) бір кісі келіп, (қақпаны) ашуды сұрады. Пайғамбар (ﷺ): «Оған (қақпаны) аш және оны жаннатпен сүйіншіле!» - деді. Мен (қақпаны) ашсам, ол Омар екен. Оған да Пайғамбардың (ﷺ) айтқанын хабарладым да, ол да Аллаһқа мақтау арнады. Содан кейін (үшінші) бір кісі (қақпаны) ашуды сұрады. (Пайғамбар (ﷺ)) маған: «Оған (қақпаны) аш және оны бәлеге ұшырағанынан кейінгі жаннатпен сүйіншіле!» - деді. Ол Осман екен. Мен оған Аллаһ елшісінің айтқанын хабарладым. Ол да Аллаһқа мақтау арнады және: «Жәрдем Аллаһтан тіленеді!» - деп айтты», – дегені риуаят етілген.
📚 “Сахих әл-Бұхари”, 3693-х.
📚 “Сахих әл-Бұхари”, 3693-х.