Akhmedov Yerbol


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Қағбаның ішіне кірді. Аллаһу Акбар


Шам, Алепполық "Халяби" атақты ғалым, Алеппоның нұры деп аталып, барлық ғұмырын Исламға қызмет етумен жұмсаған муфассир, мухаддис әлемдегі соңғы Хафиздардың бірі 100 000 жүз мың хадис жаттап, белгілі құран тәпсіршісі бола білген Абдулла Сиражуддин Аль Хусайннің (رحمه الله) ілім талап етушілерге өсиеті.

Ілім алушы шәкірттің әдептері:

🔹Ықыласты болуы.
"Алла разылығы үшін жасаймын" деген ықылас ниет болуы керек. Шәкірттің ниеті дұрыс болса, қызығушылығы жоғары болмақ және білгеніне амал етіп,әр сәтін тиімді пайдалана алмақ;

🔹Амал етуі

Шәкірт алған біліміне қаншалықты амал жасайтын болса , соншалықты терең түсінетін болады. Білімнің артуы амалға байланысты. Сондықтан "бірінші жақсылап түсініп алып ,сосын амал етемін" деген ой дұрыс емес . Амр ибн Қайс(Алла разы болсын) былай деген : " Хадисті естіген кезде, ең болмағанда,оған бір рет болса да амал ет. Сонда хадис иелерінен(хадисті меңгерген) боласың.
Уақи'и(Алла разы болсын): Егер сен хадис жаттағың келсе, оған амал ет.

🔹Ұстазды құрметтеуі

Шәкірт ұстазының алдында иіліп тұруы, құрмет көрсетіп, кішілік танытуы керек.
Ұстазына әрқашан құрмет көрсетіп,кеңесіне құлақ түріп, қаттылық танытқан тұстарда сабыр етуі керек.

Ғұлама ғалым Асмағи(Алла рақымына бөлесін): Кім де кім бір сағат білмнің қиыншылығына сабыр ете алмаса, өзінің надандығының ащы дәмін өмір бойы татып өтеді.


🔹Музакара жасау(шәкірттердің үйренгендерін өзара талқылау)

Шәкірттер үйренгенін өзара талқыласа оның пайдасы ұшаң-теңіз. Білімі сіңімді болып қана қоймай,тақырыпты терең түсінуге жол ашады.
Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): "Хадистерді талқыға салып қайталаңдар. Хадистің ұмытылмауы - өз араларыңда қайталап тұруларыңа байланысты".

Әбу Сағид әл-Худри (Алла оған разы болсын): " Хадисті қайталап, талқылау - Құран оқудан да қайырлы".


Әйел адамның куәлігі тек қана худуд пен қисас та ғана жүрмейді. Қалған барлығын да жүре береді

Худуд- зина жазасына. Біреу зина мен айыпталса әйел адамның куәгерлігі қабыл болмайды. Өйткені әйел адам сезімге берілгіш. Шаһадасы қасираһ.

Қисас-құн төлеу. Мұсылман адамды өлтірсе оған әйелдің куәсі жүрмейді.

Шафиғиларда тек ер адамдардың куәгерлігі жүреді.


Ислам тануда оқитын ілім талап етушілерге айтар насихатым, ең бірінші араб тілін жоғарғы деңгейде бітіріп шығуы керек. Арабша кітаптан өз тіліңізге аударылған кітапты оқу жеткіліксіз(арабшадан қазақшаға аударылған кітаптарды оқып, араб тілін оқымай қою дұрыс емес),өйткені оны аударған адам бір мәселені қиындатып, өзінің түсінігімен аударуы мүмкін. Сол үшін арабша кітаптың өзінен, асылынан оқу керек.
Одан кейін грамматика, мантық іліміне бар ыхласын салуы керек.

Шейх Әли Умари (хафизахулла)


Банк сөзі Италиян тілінен алынған "банко" үстел деген мағынаға келеді, сол үстелде ақша айырбастайтын болған .


Galymdar.kz dan repost
Ерлі-зайыптылардың арасындағы болатын проблемалардың бірі бір-бірімен түсінісе алмауы. Бір-бірімен бақытты өмір сүруі үшін әйел ер адамды, ер адам әйелді түсінуі керек.

©Шейх Салах Әбу әл-Хаж (хафизахулла)


Тек тамақ мәселесі емес сондай-ақ үй шаруашылықтарына да көп көңіл бөлуі керек, киімнің таза болуы, өзінің таза болуы отбасылық өмірінде өте маңызды. Егер одан жағымсыз иіс шығып тұрса, күйеуінің жүрегіне жеркенушілік пайда болады. Солардың себебінен ұрыс-керістер болып, бұл кемшіліктер ешқашан бітпейді.

©Шейх Салах Әбу әл-Хаж (хафизахулла)


Қыз баласы медрседе, университетте он жылдап оқуға уақытын жұмсайды, бұның некелік өмірде пайдасы шектеулі. Сондықтан барлық уақытын ілімге бере бермей, үй шаруашылығымен айналысып, теңдей ұстау керек. Үй шаруашылықтарын(тамақ жасау, үй сыпыру) жай ғана жасап қоймай, оны шеберлікпен жасауы керек. Көп жағдайда әйел адамның тамақты шебер жасауы, ерлі-зайыптылардың өміріндегі бакыттың басталуына алып келеді . Тіпті былай деп айтылады: " ер адамның жүрегінің кілті асқазанында". Қалайша тамақсыз жан тынышталуы мүмкін, тамақ дәмді болмаса қалайша оны қабыл етеді?

8 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

82

obunachilar
Kanal statistikasi