Қыз баласы медрседе, университетте он жылдап оқуға уақытын жұмсайды, бұның некелік өмірде пайдасы шектеулі. Сондықтан барлық уақытын ілімге бере бермей, үй шаруашылығымен айналысып, теңдей ұстау керек. Үй шаруашылықтарын(тамақ жасау, үй сыпыру) жай ғана жасап қоймай, оны шеберлікпен жасауы керек. Көп жағдайда әйел адамның тамақты шебер жасауы, ерлі-зайыптылардың өміріндегі бакыттың басталуына алып келеді . Тіпті былай деп айтылады: " ер адамның жүрегінің кілті асқазанында". Қалайша тамақсыз жан тынышталуы мүмкін, тамақ дәмді болмаса қалайша оны қабыл етеді?