al-Mufida


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


каналға салынған ескерту,жазбалар ең алдымен өзіме арналған.
сұрақтарыңыз болса: t.me/askifybot?start=9apdZx_r

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


жауһара dan repost
-Қайдасыңдар?
-Жер жәннәті Оралда.


https://t.me/+HQbbV-izH2ljNmYy

Тек қыздарға арналған каналым. 🤎🙌🏻


Ескерту: Қаржылық сауаттылыққа қатысты жазылған кейбір кітаптарда табыстың 10%-ын депозитке жинау туралы айтылады. Алайда бұл тәсілде белгілі бір мөлшерде өсім бар болғандықтан ,ислам қаржы талаптарына қайшы екенін біліп жүрейік.

#FQ


🕌Стамбул қаласында “Жегендей болдым” (“Sanki yedim”camii) деп аталатын мешіт бар. Мешіттің тарихы былай: XVIII ғасырда Түркияда өмір сүрген Кечежи Хайреддин есімді бір қолөнерші патшалар салған мешіттерге қызыға қарап,өзі де мешіт салғысы келеді. Бірақ ақшасы жетпейді. Сөйтіп ақша жинай бастайды. Көңілі соққан ,аңсары ауған қымбат асты “жегендей болдым” дейді екен де,оған жұмсайтын қаржыны тығып қояды екен. Осылайша,20 жыл дегенде шағыт мешіт қаржысы құралыпты. Міне,арада 300 жылдан астам уақыт өтсе де ,мешіттің есігі де,оны салдырған Кечежи Хайреддиннің де амал дәптері ашық.

Түйін:
•Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде :
Үнемшіл кісі ешкімге қол жайып мұқтаж болмайды

-деген. Қаражаттың бір бөлігін ай сайын жинап отыру. Қордағы ақшаны “жоқ” деп есептеп,қажеттіліктерді қолдағы қалған қаржыға қарай реттеген
дұрыс. Осылай жасасақ қорда бегілі бір уақытта артық ақша пайда болады. Ақша тиыннан жиналады деген осы.

#FQ


Noma’lum dan repost
➖ Устаз, вот, есть девушки, которые страются соблюдать дин, например, не ходят в мечеть, не носят разноцветные хиджабы и т.д., но такие нигде "не светятся" и не могут выйти замуж. Ну а те, кто как цветочки разукрашены и фото выкладывают, и в мечеть ходят, и братья (знающие братья), клюют на них. Что делать таким сестрам?

➖ Продолжать сидеть дома и делать дуа. Зачастую такие браки быстро распадаются, и у людей не бывает бараката в семейной жизни. (07.07.16)


ЕР АЗАМАТТАР!

«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең ұлыңды тәрбиеле, қоғамды тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле»

деп, қазақ аз сөздің аясына мәні зор салмақты ойды сыйғызған .

Біз бүгінгі бойжеткен ертең жар, ұрпақтың анасы, тәрбиенің бастау бұлағы, ұлағаттың қайнар көзі болатындықтан, біз түзелмей, қоғам түзелмейді!

Ол үшін әрбір ер азамат қызға өз қарындасындай қарап, әр әйелді анасындай қадірлеу керек. Қазақтың намысты жігіттері көбейсе, арлы қыздары арта түсетініне күмәнім жоқ.
Қызға қырық үйден тыйым” деген 40 үй болып бір қызды қылқындырып отыру емес❗️
Бәлки,қызға 40 үй болып қамқорлық көрсету,40 үй болып қыздың бақытты болуыңа жол сілтеу,40 үй болып қыздың бәлеге ұрынып қалмауын қадағалау. Қазір еркектер сыныптасы түгілі,көршінің қызы түгілі ,өзінің туған қарындасының кейде кіммен жүргенің,қайда жүргенің сұрамайтын азаматтарға айналып бара жатыр. Намыс,қызғаныш деген қайда қалып кетті сонда? Қазақтың жігітінен “Сенің намысынның өлшемі не?” деп сұраса “ Қарындасымның абыройы !” деуі керек емес пе еді⁉️
Егер мықты жігіт болатын болсаңыздар,әрқайсыңыз , қарындастарыңызға олардың “құндылық” екенің, ”көрінген адамның көлденең көк атымен кете беретін” қыз емес екенің сезіндіріңіз.


Нәзік жанды аруларым!🤍

Қолымыздағы ұстаған смартфон мен үстіміздегі шүберегіміз,өзімізден қымбат болып кетпесің. Смартфонымыздың беті сызылып кетпесің,сынып кетпесің деп небір қымбат материалдармен ораймыз,бетін ешкімге сипатпаймыз,ішіндегі архивке ешкімді кіргізбейміз. Бірақ смартфонымызды сонша аялап,ешкімге көрсетпей жүргенде көрінген жігіт біздің белімізден ұстап жатса,біздің шашымызды қалаған қол сипап жатса,таңға шейін жан сырымызды бөтен жігіт тыңдап жатса,онда біздің қолымыздағы смартфонымыздан құнымыздың төмен болғаны.

#әйел


Абай 29-ыншы қара сөзінде
“Қазақ мақалдарының ішінде не құдайшылыққа,не адамшылыққа”

жарамайтындары да бар дейді.

Сондай мақалдың бірі- “Отызда орда бұзбасаң,қырықта қамал алмассың” деген сияқты шектеу. Біздің қоғамда осындай адамды белгілі бір стандартқа ,қалыпқа бұғаттап тастайтын кедергілер жетерлік. Яғни,адамдар белгілі бір жасқа дейін кәсіп дөңгелету керек,үйленіп отбасы құру керек. Сол “жастан” кеш қалсаң,сізге уақыты өткен тауар сияқты қарайды.

Қамалды кез келген жаста алуға болады. Жаңа карьераны кез келген уақытта дөңгелетуге болады. Жаңа мамандықты кез келген жаста меңгеруге болады.

Жасы ұлғайғанда жетістікке жеткен талай жандар бар. Мысалы:
Хакім Абай өзінің қара сөздерін 45 жасқа толған шағында,1890 жылы жаза бастады.
Ахмет Байтұрсынұлы 40 жасында “Қазақ” газетін шығаруды қолға алған.
Ыбырай Алтынсарин 46 жасында Ырғызда қыздар мектебін ашты.
Джон Стит Пембертон 55 жасында Coca Cola компаниясын құрды.

#кітап


Сізбен амандаспайтын адаммен амандаса беріңіз. Сізге қастандық жасағанға сыйлық беріп,ол үшін дұға қылыңыз. Сіз арланатын істерді әдейі жасаңыз. Біреу сізге ұнамсыз сөз айтса,ақтап алыңыз. Үнемі өзгелерді көтеріп,мойындаңыз. Қателіктеріңізді мойындаңыз,жарыспаңыз. Адамдардың алдында емес ,Аллаһтың алдында идеал болуға тырысыңыз. Адамдардың махаббатына емес,Алланың сізді жақсы көруіне талпыныңыз.


Әл-Фараби,Әл-Муфида❌

әл-Фараби,әл-Муфида✅

“әл” артиклі араб тілінен енген кірме сөз. Сондықтан ол ережеге бағынбайды. Сөйлемнің басында, ортасында, не соңында кездессе де “әл” болып кішкентай қаріппен жазылады.


Джейн Остин: “
Кітап қаншалықты жақсы жазылса,соншалықты қысқа болып көрінеді”

деген екен.

Толықтай келісемін. Кейбір кітаптар оқылмай,сөреде сүмірейіп ұзақ жатады. “Бастаған соң бітіру керек” қағидасын ұстанғандықтан ғана оқып- аяқтайсың. Ал кейбіреуіне 2-3 күнде жеткілікті,парақтар бірінен соң бірі ағылып,100-120 бетін бір күнде мәресіне жеткізесің. Жақсы кітап 700 бетке жазылса да ол сен үшін жеткіліксіз болып елестейді. Ондай кітаптар сирек,бірақ ең сүйім!

Кітапсүйердің әлемі-ең ғажап әлем🤎


“Әжемнің қатал болуына заман,айдаладағы адамдардың шешімдері әсер етті,ол менің әке-шешеме әсер етті,әке-шешемнің шешімдері маған әсер етті. Осының себептері мен салдарларын көріп отырған мен әрекет етуім керек,бақытсыз адамдардың шеңберін үзуім керек” деп ойлады.

📚”Өмірдің аты М”


“Әкең тастап кетті ғой” “Жиырма жыл ат ізін салмады ғой”,”ащы суды ұрттап алғанда ғана хал сұрап хабарласады ғой”,”сен қиналған сәттердің бірін де көрмеді,бірінде қолдамады ғой” деп қанша себеп айтса да, “ол жас болды”, “ол шешім қабылдаған жоқ” , “әкесі жанында жүргендер де қиналады” деп ақтап алатын. “Шешең шеше емес,үлкен әпке ретінде болды” , “ қызым” деп бір сырыңды сұрамады”, “нәзік әйел болудың үлгісі бола алмады” десе , “үйдің үлкені болған соң мен тұйықпын”, “шешемнің менің сырларымнан басқа да шаруасы бастан астады” , “шешемнің шешесі қатты болған” деп анасына жанұшыра шаң жуытпайтын. Расында,әке-шешенің жазығы не? Олар да дұрыс бала болуды білмей ержетті. Оларда “айналайынға” тойып, “балапанымға” бөгіп өскен жоқ… Сондықтан хал-қадарынша әке-шеше болуға тырысты.

📚”Өмірдің аты М “


Шейх Али Ғимран былай дейді:

“Оқудан оқумен демал”


Яғни ауыр еңбектерді оқудан шаршасаң,жеңіл еңбектерді оқумен демал. Бірақ бәрін тәрк етіп,ұзақ демалысқа шығып кетпе.


•Адам миы 5 бөліктен тұрады. Олар:
1. сопақша ми;
2. мишық;
3. ортаңғы ми;
4. аралық ми;
5. алдыңғы ми сыңарлары.

[😅] - Күлкі оп-оңай шаруа емес, адам күлген кезде мидың осы бес бөлігі де қозғалады.
Күлу - миға ең пайдалы жаттығу. Күліп жүрейік 😁


Егер әйел иманды, өз дінін білетін болса, онда ол өз баласын шариғат талабына сай өсіреді. Жар ретінде күйеуіне адал болады. Әпке ретінде өз бауырына қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созады. Қыз ретінде әкесіне қамқорлық танытады. Осылайша, нәзік жанды әйел бұл өмірді көрікті етеді.

Мүфти Ибрахим Десаи


Шүкір етейік.


Күннен күнге ғаламшар құбылуда
Қасқағым сәт берілмей тынығуға
Соғыстың кесірінен тыныш жатқан
Жазықсыз қанша мүмкін қырылуда

Күндіз-түні үреймен,қатерменен
Өлген сәби қаншама,сүт ембеген💔
Көрші елдің көз тігу көп жеріне
Тарихтада жақсылық әкелмеген

Зымырандар тоқтамай атып жатыр
Бүкіл әлем шарасыз қатып жатыр
Мұсылмандар қырылып жатырғаны
Мына біздің жүрекке батып жатыр

Еврейдің есіне дым кірмейді
Мұсылмандар жер басып жүрсін дейді
Шамамыз сторисқа салуменен
Дұғадан қолдан басқа дым келмейді


Тұрғызды ма ұйқыннан қанбай жатып
Оятқышын шырылдап жанға-ай батып
Қазір ғана түсініп жатырмысын
Қазақстанда туылғанын қандай бақыт

Бүгін жарын жүйкеңді қиратады
Ертең жұмыс денеңді ширатады
Таңкілерден оқ атқан дауыс емес
Телефоннан шыққан үн оятады.

💔


🧠Мидың жұмысын жақсартудың сүннеттегі 3 жолы

1.Күлімсіреу.
Нейрологиялық тұрғыдан алғанда жымию мен күлімсіреу ми қантамырларының жұмысын жақсартып, денсаулықты да нығайтады. Сүннет бойынша, күлімсіреу – садақа екендігі белгілі.
2.Терең ойлану, оқу-білімге құштарлық. Алланы жиі еске алу, шүкіршілік ету, оқу-білімге құштар болу – есте сақтау қабілетін арттырып, мидың жұмысын жақсартудың тағы бір жолы.
3.Құлшылық. 5-10 минуттық намаз, дұға етудің өзі нерв жүйелеріне оң әсер етеді: ағзада антистресстік гормондар артып, тыныштандыратын, депрессиядан арылтатын дофамин, серотонин гормондары түзіледі, сәйкесінше, адамның көңіл-күйі де жақсарады, серотонин гормондары түзіледі, сәйкесінше, адамның көңіл-күйі де жақсарады.

#PQ


🏃🏻🧠 Адамның қимыл-қозғалысы көп болмаса, мидың кей бөлімдері ақырын істен шыға бастайды!

- күніге “10 000 қадам” деген содан пайда болған.

#PQ

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

129

obunachilar
Kanal statistikasi