🕌Стамбул қаласында “Жегендей болдым” (“Sanki yedim”camii) деп аталатын мешіт бар. Мешіттің тарихы былай: XVIII ғасырда Түркияда өмір сүрген Кечежи Хайреддин есімді бір қолөнерші патшалар салған мешіттерге қызыға қарап,өзі де мешіт салғысы келеді. Бірақ ақшасы жетпейді. Сөйтіп ақша жинай бастайды. Көңілі соққан ,аңсары ауған қымбат асты “жегендей болдым” дейді екен де,оған жұмсайтын қаржыны тығып қояды екен. Осылайша,20 жыл дегенде шағыт мешіт қаржысы құралыпты. Міне,арада 300 жылдан астам уақыт өтсе де ,мешіттің есігі де,оны салдырған Кечежи Хайреддиннің де амал дәптері ашық.
Түйін:
•Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде :
-деген. Қаражаттың бір бөлігін ай сайын жинап отыру. Қордағы ақшаны “жоқ” деп есептеп,қажеттіліктерді қолдағы қалған қаржыға қарай реттеген
дұрыс. Осылай жасасақ қорда бегілі бір уақытта артық ақша пайда болады. Ақша тиыннан жиналады деген осы.
#FQ
Түйін:
•Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде :
Үнемшіл кісі ешкімге қол жайып мұқтаж болмайды